Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
А.Жансая ответы госс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34 Кб
Скачать
☆

38. «Танака меморундумы» мен алғашқы соғыс ошағының пайда болуы.

ТАНАКА МЕМОРАНДУМЫ-Жапонияның сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы құпия баяндама. 1927 жылы Жапон премьер министрі Танакамен императорға ұсынылған стратегиялық құжат ретінде саналады.Құжатта Жапонияның саясатының агрессиялық қырлары көрсетілген. Баяндамада көрсетілген мақсаттар: Бірінші мақсаты- көршілес мемлекеттерді бірте-бірте жаулау арқылы әлемдік гегемонияға жету. Екінші мақсаты- Танака өзінің баяндамасында Шығыс Азияның кілті Қытайға жету үшін Жапония ең алдымен Манчжурия мен Моңғолияны жаулап алуы керек. Сонымен қатар баяндамада жапон саясатының дипломатиялық әдістері де көрсетілген.

Сонымен бірге Танака меморандумында КСРО және АҚШ-пен ашық түрде соғысқа шақыру ұрандары жазылған. Басты себептері Солтүстік Манчжурия мен Моңғолияға жетуге КСРО, ал, Қытайға жетуге АҚШ кедергі болғандықтан Жапония соғыстан құтыла алмайтындығы туралы баяндамада айтылып кеткен.

Сонымен қатар Танака меморандумында жаулаушылық үдерістердіің үздіксіз перспективалары туралы айтылып кеткен. Танака меморандумында: егер Жапония әкімшілігі Қытайды жаулап алатын болса, онда басқа азиялық мемлекеттер мен оңтүстік теңіздердің мемлекеттері біздің алдымызда тізе бүгеді делінген. Оған қоса меморандумда, егер біз Қытайды жаулап алатын болсақ оның ресурстары арқылы Индияны, Кіші Азияны, Орталық Азияны тіпті Еуропаны жаулап ала аламыз делінген.

Танака меморандумы алғаш рет Тынықмұхит мемлекеттері қатынастарының конференцияда қытайлықтармен 1929 жылы ресми түрде жарияланды. Бірақ Жапония делегация бұл баяндаманы бірден жоққа шығарды. Дегенмен, сол жылдары Таяу Шығыста болған оғиғалар барыстары, шынында да бұл мақсаттар Жапонияның саяси негіздеріне енгізілгендігін дәлелдеді.

39. Варшава келісімшарт ұйымының қызметі мен қалыптасуы.

Варшава келісімі ұйымының қызметі мен қалыптасуы - 1955 жылы достық, әріптестік және өзара кәмек жөнінде Албания, Болгария, Венгрия, ГДР,Польша, Румыния, Чехословакия және КСРО арасында Варшава келісімі негізінде құрылған әскери-саяси одақ. 1955 жылы 14 мамырда Варшавада Келісімге қол қойылды, 1955 жылдың 5 маусымында күшіне енді, қызмет ету мерзімі - 20 жыл, 1975 жылы 10 жылға жалғастырылды, 1985 жылы 20 жылға созылды. Ұйым 1955 жылы 9 майда ГФР НАТО-ның құрамына кіргеннен кейін, оған қарама-қарсы сес ретінде "қырғи-қабақ соғыс" жағдайында құрылды. Жоғарғы саяси басқару органы -ОВД, үкіметтердің өкілдерінен құралған кеңесші комитет. 1976 жылы көмекші органдар - Бірлескен секретариат пен сыртқы істер министрлерінің комитеті құрылды. Әскери басшылық бірлескен қарулы күштерді басқарды, резиденциялары Мәскеу қаласында орналасқан. 1969 жылдан Әскери кеңес пен Қорғаныс министрлер комитеті құрылған. 1987 жылы қорғаныстық әскери доктрина қабылданды. 1989-1990 жылдардағы Орталық, Оңтүстік-шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерден кейін 1990 жылдың ақпанында әскери органдар таратылды. 1991 жылдың 1 шілдесінде Прагада Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия өкілдері ВКұ-ның жүмысын тоқтату жөніндегі хаттамаға қол қойды.[1]