- •33. Солтүстікатлантикалық альянстың қалыптасуы.
- •34. Солтүстікамерика елдерінің отарлауға қарсы тәуелсіздік соғыстарының алғышарттары мен себептері. Ақш-тың тәуелсіздігінің қалыпттасуы және оны мойындауы.
- •35. 1938 Ж. Австриялық «Аншлюс» және ірі державалардың позициясы.
- •36. 1946-1949 Жж. Қытайдағы азамат соғысы: ксро мен ақш-тың позициялары.
- •37. Француз буржуазиялық революциясы жылдарындағы халықаралық қатынасы (1789-1794 жж.).
- •38. «Танака меморундумы» мен алғашқы соғыс ошағының пайда болуы.
- •39. Варшава келісімшарт ұйымының қызметі мен қалыптасуы.
- •40. 1792-1799 Жж. Францияның жаулаушылық соғыстарының басталуы мен еуропалық дипломатия.
40. 1792-1799 Жж. Францияның жаулаушылық соғыстарының басталуы мен еуропалық дипломатия.
Герцог Брауншвейгтің манифестінде, империялық және пруссиялық армиялар Францияда монархияны қайта орнату мақсатымен басып кірмекші болатыны туралы айтылып кетеді. Бұл құжаттың мәтініне қарап отырып, Людовик 16-шы Францияның жауларымен келісіп алғанын байқауға болады. Осыған орай, 1792 жылы 10 тамызда Людовик 16-шы Тампль қаласында тұтқынға алынады. 1792 жылы 20 қыркүйекте француз революциялық әскерлері Вальма қаласында бірінші үлкен жеңіске жетіп, 21 қыркүйекте алғашқы республика жарияланады. Осы жылдың соңына қарай француз революционерлері Австриялық Нидерландыға жақындап, Нидерланды Республикасына қауіп төндіреді, Шығыс Рейннің аймағын иеленген француздықтар уақытша Франкфурт-на –Майне империялық территориясын басып алады. 1793 жылы 17 қаңтарда Людовик 16-шы сотталып, өлім жазасына кесіледі. 1793 жылы 21 қаңтарда Людовик өлім жазасына қиылды. Бұл жағдай британдықтардың дұшпандық реакциясын тудырады, ал, Франция өз кезегінде Ұлыбританияға және Нидерландыға соғыс жариялайды.1793 жылдың бірінші жартысында бірқатар сәтсіздіктер болды. Франция әскерлері Германия мен Авсриялық Нидерланды территорияларынан ығыстырылады.Бұл жағдайда Фрация мемлекетінде баға деңгейі өсіп, экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындайды. Бұл өз кезегінде контрреволюциялық наразылықтарға және якобиндіктердің парламенттік төңкеріс жасап, билікті жаулап алғанға әкелді. Қоғамдық көмектесу комитетінің шешімімен мемлекеттік басқару Максимилиан Робеспьердің қолына барады осылайша 1793-1794 жылдары террор заманы басталады.Нәтижесінде Робеспьер мен Қоғамдық көмектесу комитетінің көшбасшылары орындарынан жылжытылып, өлім жазасына кесіледі. Одан кейін 1795 жылы 26 қыркүйекте мемлекеттік үшінші конституция қабылданады.Конституцияға байланысты жаңа атқарушы орган- Директория мен алғашқы екі палаталық парламент құрылады. 1796 жылы Италияға басқыншылық әскерлерінің әскери басшысы ретінде Наполеон Банопарт тағайындалады. Наполеон 1798 жылы 40000 әскерін алып Мысырға бара жатқан жолда, Нельсонның басшылығымен британ теңіз флоттары француз флотын батырып кетеді. Осман империясының жаугершілігіне тап болған армияны Наполеон Банопарт тастап, Францияға қарай қашып кетеді.Ал, 1799 жылы бірінші консул атанған Наполеон мемлекеттің төңкерісті басқарады. Осы жылдары екінші коалиция соғысының нағыз қызған кезі болды. Бірақ бұл соғыста Франция жеңіліп, Италиядағы еншілес мемлекеттерінен айырылып қалып, Германиядан ығыстырылып шығарылады.
