- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің теориялық негіздері
- •2 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің әдістемелік негіздері
- •1 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда қолданылатын инновациялық технологияларының теориялық негіздері
- •1.2 Инновациялық оқыту түсінігі
- •2 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктерінің әдістемелік негіздері
- •2.3 Көйлектің сыртқы көлемі және түстері
- •2.3 Түрік ұлттық бұйымын жобалау
- •2.4 Бұйымның өзіндік құнын есептеу
- •Қорытынды
- •Оқытудың инновациялық технологияларына байланысты негізгі ұғымдар
1 Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулуда қолданылатын инновациялық технологияларының теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларын қол өнерге баулудың рөлі
Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған бұрын Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің Республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы – кең байтақ Республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагерлері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақ өнері толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартыс мен ХХ ғасырдың басында Қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді.
Қазақ өнерінің ішінде айтарлықтай ерекшелігімен көзге түсетін «Ер тоқымнан» алынған бұл коллекция «Асыл мұра» деп аталады. «Асыл мұра» деп аталған себебі, жас жігіттерге арнап шығарылған. Киюге ыңғайлы, денеге қонымды бұл киімдер қазақ халқының ұлттық ою - өрнектерімен әшекейленген мұнда ою - өрнектер аппликация етіліп жасалынған. Қазақ халқы үшін көлік қызметін атқарған аттың қылы да қосылған. Коллекцияның негізі ер – тұрман жабдықтарында көп қолданылатын былғарыдан тұрады. Былғары Қазақ қол өнерінде көп қолданысқа енген материал болып табылады.
Негізгі өмірі көшіп – қону, мал бағумен өткен халқымыз үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Ер-тұрмансыз атты, ал атсыз ер-тұрманды елестету мүмкін емес. Осыған орай коллекцияда қолданылған түстерге назар аударуға болады. мұндағы қызыл – қоңыр, яғни табиғи аттың түсі және ер-тұрман жабдықтарында қолданылатын түстер.
Қазақы киім көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, оған барынша қамқорлық жасап қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұру есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Оның қазақтану ішінде де, халқымыздың мәдени – тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені қазақ киім кешегі ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке үйлесім бірлігіне көркемдікке ұмтылған жасымпаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Қыруар өнер түрлерінің бәрін бір өзі меңгерген, ер-тұрмандарын түгелдей өзі жасайтын ершілер қазақ арасында мүлделі болмады деген ұғым шықпаса керек. Өйткені он саусағы өнерге толы шеберлер ел арасында жиі кездеседі. Ер-тұрманды қазақ халқының қол өнерінің ең керемет туындылары деп қарау керек. Осы ғажайып қол өнердің алынған өзіне қаншама еңбек еткен ершілер ер-тұрмандарын әдемі етіп шығару үшін бар күштерін жұмсаған. Оны әсем әшекейлермен толықтырып отырды. Жалпы қазақ халқының қол өнерінің қай-қайсысы болса да, өз ерекшелігімен, сұлулығымен көз тартары анық.
Жас жігіттерге арналып тігілетін бұл коллекцияның негізгі мақсаты ұлттық өнерімізді жаңаша түрде жалыққа шығару. Қазақ арасында он саусағынан өнер тамған қол өнердің сан – саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз болмаған. Әсіресе, ершілер, ер – тұрман жабдықтарын өнер туындысы ретінде қарап, оны өте әдемі етіп жасады.
Халқымыздың ұлттық киімі – біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымызды одан әрі дамытып, әлемге таныту біздің міндетіміз. Киімді ою - өрнектермен, кестелеп әшекейлеп шығара білген ұлттық өнерімізді бағалауға тиіспіз. «Асыл мұра» деп аты айтып тұрғандай-ақ, жас жігіттерге арналған коллекцияның негізгі мақсаты ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ұлттық өнерімізді өшірмей, одан әрі дамыта түсу. Ендеше ұлтымыздың бет – бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақ еншісінде. Еліміз тәуелсіз ел болғалы бері ұлтымыздың рухы биік бола түсті. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларды артқа тастап, өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.
Қазақстан жерінде кең таралған қазақ ер – тұрманының сан алуан түрлерімен бірге, олардың жасалу (жолдары) техникасы да әр түрлі болды. «Асыл мұра» коллекциясынан да осы техника түрлерін көруге болады. бұл коллекцияның басты ерекшелігі деп мыналарға тоқталып кетсек болады: ою - өрнектерге аттың қылы қосылып жасалғаг және жапсырылған жеріне де қосылып отырады.
Ер-тұрманның өзі ерлер және ерлер ері деп бөлінгендіктен коллекцияда жігіттерде, қыздарда бар.
Қазақтың ұлттық киімі болғандықтан оны әшекейсіз немесе ою - өрнексіз көзге елестету мүмкін емес. Халқымыз киімге ою - өрнектің түр – түрін пайдаланған. Мысалы: әуеге, әсемдікке, жануарларға қарап та ою - өрнек шығарған. Бұл коллекцияда кәдімгі ұлттық киімде қолданылатын ою - өрнек алынған. Ол былғарыдан қырқылып алып, жапсырылған, яғни кестемен қондырылған десе де болады.
Ежелден көшіп-қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі-салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Осы халқымыздың керемет бір байлығын пайдалана отырып, коллекция шығарған себебіміз, оны одан әрі дамытып, жаңғырту болды. осы коллекция арқылы ұлттық қол өнеріміздің шыңын шарықтата түсу.
Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық өнерімізді бойымызға дарытып, оны жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Өрісі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түсті. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды халық дейміз. Міне сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.
Ежелден көшіп – қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер – тұрман жабдықтарының алатын орны да ерекше еді. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.
Киім-кешек ұғымы адамның денесін толық немесе жеке бөліктерін жауып тұратын, жамылғылар жиынтығы. Ол уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымды бейнелейтін модамен тығыз байланысты болады. адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгеріп мода ағымы да үнемі жаңарып отырады. Әр дәуірге, тарихи кезеңдерге сай киімнің өзіндік ерекше формасы мен пішімі, сәнделулері мен киім матасы, түсі, суреті және костюмді үйлестіріп тұратын бұйымдар жиынтығы бәрі қосылып арнайы бір стиль құрайды.
Киім стилі – дәуірінің айнасы, яғни сол дәуірдің мәдениетін адамның тұрмыстағы жағдайын, мемлекетті, кластық тобын айқындайды. Белгілі кезеңдегі өнер түрлерін, яғни архитектура мен мүсіндеу, сұңғат және киім пішімдерінің стильдері өзара ұқсастықта болады. олардың масштабына, шешіміне, жасалынған материалына қарамастан, жекелей бір мәдени символға бағынышты болады. алғашында дейін киімнің жеңі алдыңғы және артқы боймен тұтас пішімді, тек ХІІІ ғасырдан бастап қондырша жеңді жең ойындыға қосып тігетін болса, ХVІІІ ғасырдан кейін ер костюмдерінің шалбарлары 2 бөліктен тұрып, белін баумен баумен байлап жүрген, тек ХVІІІ ғасырдан бастап шалбар 4 бөліктен тігілетін болған.
Қазақ халқының ұлттық киімі мен қол өнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда – саттық, климаттық және әлеуметтік жағдайы мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал – ахуалы айқын сенімді. Түр – түсі, пішімі жағынан қазақтың киім – кешегі әлеуметтік топтың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарапайым болғанымен, дана жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлерімен ерекшеленеді.
Ұлттық киімдеріміз біздің ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау – жүрек халық болғандығын көрсетеді. Оның тірлігі үнемі аттың жолында, түйенің қолында жүрген, көбіне машырай жайма – шуақ жүре алмаған.
Қазақ халқы киім – кешек тігуде әуелде Үндістаннан әкелінген шыт, батсайы, мәуіті маталары Қытайдан әкелінген жібек матаны, Италиядан әкелген барқыт матасын. Англиядан әкелген шұға маталарын пайдаланды. Бул маталармен қазақ арғы ата-бабасы секілді, Оңтүстік Қазақстаннан өткен көне «Жібек жолы» торабында айырбас саудамен алып отырған. Өлгенмен қазақ жерінде жүн маталары бізге белгілі.
Адам баласы мыңдаған жылдар бойы табиғатқа тәуелді болып келді. Табиғаттың тылсым күштеріне сан – алуан ауыр сынына төтеп беру жолында адамдар ұзақ күрделі даму сатыларынан өткенін жақсы білеміз. Осындай күрделі даму барысында қоғамдық еңбектің түрлі сатылары пайда болды. Соның негізінде халық өнері дамыды, тұрмысқа қажетті заттардың қатары көбейді, киім түрлері мен үлгілері көбейді.
Адам ой-өрісінің өсіп, тұрмысының дамуында киім-кешектің аса маңызды роль атқарғаны белгілі. Оның бәрі табиғаттың өзгеруіне, ыстық пен суықтың алмасып отыруына тығыз байланысты болса, келе-келе киім түрлері адамның жынысына қарай бала мен үлкендерге, сән мен тойға, батыр мен малшыларға, байлар мен кедейлерге лайықталып, әлеуметтік өмірге байланысты бөліне бастады. Алайда сонау көне ғасырларда пайда болған көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Оның ішінде былғары мен киізден жасалған киімдер, ағаш, сазбалшықтан жасалған аяқ – киім, киімдердің үлгілері болғандықтарын тарихшылардың еңбектерінен білеміз. Ертіс өңірінен табылған жіптермен өрнектеп, безендіре кестелеген былғары аяқ – киім, қысқа шекпен мен ұзын шапан киім тігу оны дамыту өнерінің көне айғағы іспетті.
Шеберлер мен қолөнершілер де осы тұрғыда жұмыс істей келіп, қолдан жасалған, өңделген материалдармен қатар, қоғамдық өндірістің фабрикалардың материалдары кеңінен пайдаланылатын. Теріден небір керемет тендар, тұлыптар, кеудешелер, тері шалбарлар, жарғақ шалбарлар тіккен. Бірақ кейін өзінің жалғасын таба алмай үзілуге мәжбүр болған.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім – кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу – нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейдуаналар китіндерін ажырата білген.
Қазақы киім өзіне тән ерекшеліктерін сақтап бізге жеткен, заттық – тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі. ХIХ ғасырдың аяғы мен . ХХ ғасырдың басында товарлық өндірістің дамуы, көрші халықтармен экономикалық және мәдени қарым-қатынастың, нығаюы, әсіресе Қазақстанға орыстардың, украиндардың, немстердің, татарлардың, тағы да басқа халықтардың көптеп қоныс аудара бастауына байланысты қазақ тұрмысына ене бастаған өзгерістер, сол сияқты қалалық сәнінің әсері ұлттық киімге өз ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Әйтседе қазақы киімнің бірте-бірте тұрмыстан шыға бастауы кеңес өкметі жылдарындағы қазақ ауылын жаңа негізде қайта құру үрдісімен байланысты еді. Өйткені адамның жеке басына қажетті киімнің барлық түрін – ішкі жейдеден пальтоға дейін дайын күйінде сатып алуға мүмкіндік туғандықтан, үй жағдайында киім тігудің азая түскені, көп жерде бұл кәсіптің мүлдем жойылып кеткені осы кезеңмен тұстас болды.
Қазақтың киім – кешегін халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіпті меңіреу табиғаттың әсерін, сол сияқты көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. оның ізін жоғалтпай, әрін тоздырмай әлі де болса ел иелігіне қызмет ететіні даусыз. Оған дәлел әр түрлі маталардан тігілетін шапан, бешпент, камзолдардың, аң терілерін, қаракөл елтірісінен, жұқа ақ киізден тігілетін бас киімдердің, кебіс – мәсінің, тағысын тағылардың республика тұрғындары арасында кеңінен қолдау тауып келе жатқаны. Қазақы киімнің қонымдылығы, пішімінің мұқият ойластырылғаны ондаған киім үлгілерінде де кеңінен пайдалануға болатынын көрсетеді. Тіптен егде тарта бастағандардың киім-кешегіндегі жас ерекшеліктеріне байланысты европалық нұсқа мен дәстүр сарынының қатар пайдаланылып келе жетқанының өзінде үлкен мән бар.
Қазақы киім – көненің көзі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерейік, оған барынша қамқорлық жасап, қалпына келтіру, баламаларын көптеп шығара түсу басты парыз болмақ. Себебі: уықыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зеттеп білудің қиынға түсе беретіні де күмән туғызбаса керек. Мәселен,ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық энцлопедиялар арқылы іздестіріп, киім – кешектің әлі де болса сақталып қалған нұсқаларын жинап, хабарлаушылар арқылы ел аузындағыларды жазып алғанның өзінде, олардың білетіндерін, әке-шешелерінен, ата-әжелерінен естігендерін қоса есептегенде, біздің бар мүмкіндігіміз хронологиялық жағынан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басымен шектеледі.
Киім-кешекті зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен, оларда қазақы киімге тікелей қатысты мағлұмат жоқтың қасы. Өкінішке қарай, көне тарих жайлы көптеген мағлұматтар жинақталған қытай-арап-парсы-армян жазба деректері бұл жағынан әлі зерттелмей келеді. Қазақстанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан да қазақы киім жайында мәлімет табыла бермейді.
Осының бәрін ескере отырып, қазақы киімді жете түсінетін соңғы ұрпақ ауыспай тұрғанда, жоспарлы түрде кең көлемді далалық энцклопедиялар ұйымдастырып, киім-кешек нұсқаларын жинай білуді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе білген жөн. Ал музей қорына келсек, ондағы қазақтың дәстүрлі киім-кешегіне жаратылған мата, аң терілері, былғары шекпен, жұқа киіздің, сақтай білмесе бірте бірте бұзыла беретіні айқын. Оларды ескірмей тұрғанда мұқият зерттеп, өңі тоза бастағандарын қайта қалпына келтіріп, арнайы альбомдар, буклеттер шығару игі мақсатқа қосылған үлкен үлес болмақ.
Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа әкеден-балаға сабақтасып, тізгіннің ұшында, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді әлемге өзінің көркемдік ерекшелігімен таныта білген – қол өнері.
Қол өнердің халықтың әлеуметтік, салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол ою - өрнек. Олай болса өткен өмірімізбен бірге, өшпес мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою - өрнек туралы болмақ.
Ою-өрнектің шығып таралуы қол өнер, тұрмыс заттарының өсіп өркендеумен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процесстаріне халықтың әлеуметтік сана – сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.
Сонымен қазақы ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың өзіндік – талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жерінің шикізат байлықтары да қатты ықпал етті. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару – жараққа, үй жиһаздарына ою түрлері қалыптасты. Олай болса, ою - өрнек, бүгінгі тіршілік өмірімізге бірден дайын күйде келмеген. Ою - өрнек адам баласының ақыл-ойларының толып - толқуымен, жүрегінің лүпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған оброздар. Гүлдің, жапырақтың, жан – жануардың нақты бейнелері сол шын қалпында берілмей, көшірілмей, оброздар арқылы ою - өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл – халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.
Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою - өрнектің атқаратын рольі зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі - қазақтың ою-өрнегі. Қазіргі таңда қолөнер шеберлері өздерінің туындыларына ою-өрнекті ұтымды пайдалану үшін өрнектің жасалу принциптері мен техникасын үйренуде. Суретшілер мен сәулет өнерінің мамандары ою - өрнектің сырт пішінінен көшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, оның мазмұнынан, аталуы мен шығу тарихынан хабардар болса, салған суретінде немесе жасаған бұйымдарында сол біліктілік ізі ұлттық нақышта айқын көрініп тұрады.
Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат силайтын, эстетикалық мәні өте зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар.
Қолөнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған, бірінші топқа ою-өрнектің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою - өрнек қолданатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу - этноменгвистикалық атауларды лексика семантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Ою-өрнек тарихы, халық тарихымен жасырын келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі. Қазақ тіл білімінде этноменгвистикалық саласын зерттеу кенжелеп келеді, ал ою-өрнек бұрын - соңды қолға алынып, арнайы зерттеу объектісі болмаған.
Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластырау ою деп аталады. Ал киім – кешекке, түскиізге тағыда басқа қолөнер бұйымдарына кестелеп бедерлейтін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілітін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады.
Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме – дәлдігін сақтамай-ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны білген мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады.
Қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс – аспанның, қызыл – оттың, күн көзінің, ақ түс - ақиқаттың, сары - ақыл, парасаттың, қайғы-мұңның, қара - жердің, жасыл - жастықтың, көктемнің, символы. Бұйымдағы ою - өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдалану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара мен ашық қызыл түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қазал, жасыл, сары, көк түс келеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес.
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Үй кәсібіне негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда, зергерлік өнердің өзара жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын – ала арнайы дайындықтан өтетін, белгілі бір құрал – саймандарды ғана қолданатын. Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп болған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім – кешекке тағатын түрі сәндік бұйымдары, ас – су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою - өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс – аяқ, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару – жарақтар, ат – тұрман әбзелдері және тағыда басқалар жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе, күмісті молырақ қолданған. Зергерлер металлдың өзін ашу шеберлігін жете білген.
Әшекейлердің көптеген белгілеріне қарай әйелдердің жас мөлшерлері де айқындалатын болған жас қыздардың сырғалары мен жүзіктері түрі жағынан өте қарапайым жасалатын. Бойжете бастаған сайын қыздың зергерлік бұйымдарының да түрі мен тұрпаты әдемілене, әшекейлене түседі. Тұрмысқа шыққаннан кейін олардың әшекейлері бірте – бірте қарапайым тартады. Қазақта қыз баланының балаңдық белгісін немесе неке құрғандығын аңғартатын сәндік белгілер де кезігеді.
Әшекейлердің түрлі формаларының шолақ тұйықталуынан жергілікті айырмашылық нышаны білінеді. Зергерлік бұйымдарынан белгілі бір төңіректегі тұрғындардың эстетикалық талап – талғамына сай дәстүрлі жүйеге түскен, әдеттегі үлгіге арналған жергілікті стильдік белгілер де байқалады. Мұндай тұрақты, бір жердің өзіне тән мөл ерекшеліктері эстетикамен тығыз байланысты, әрі ол қалыпқа түскен көркемдік дәстүрдің негізінде туындаған.
Уақыт өткен сайын зергерлік бұйымдарындағы әшекейлердің танымдық – сенімдік сипаты көмескіленіп, бірыңғай сәндік бағыт алуы белең алған. Енді әшекейлерден эстетикалық және сән – салтанаттық белгілер ерекше мән ала бастайды. Дәстүрлі киімдер көркемдік сипаты тұрғысынан толық шешімін тауып, ал зергерлік бұйымдар әйелдер киім – кешегінің бөлінбес құрамды бөлігіне айналған: жасалуы, өрнектелуі, түзілімі тұрғысынан бірыңғай сипаттағы ұлттық зергерлік бұйымдардың шоғыры қалыптасты. Сәндік әшекейлері жиынтығының композициялық арақатынасы ғасырлар бойы түрлі өзгерістерге еніп, озық бейне,жүйелі қалыпқа түсті. әшекейлердің бейнелік тұрқына кейбір жергілікті қолтаңбалар өз әсерін тигізгенімен, жалпы алғанда оның құрамы бүкіл Қазақстан үшін негізінен бірдей.
Қазақтың сәндік әшекейлерін таңдап қарастыру халық шеберлерінің эстетикалық табысы мен суреткерлік жетістігі жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Әсерлілік қуаты мол, түрі мен өрнегінің айқын үйлесімімен ерекшеленетін қазақ әшекейлері бұрын – соңды өткен талантты зергерлердің айшықты мұрасы болып табылады әрі ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қосылады.
