Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

12.2 Шығындардың жіктелуі.Шығындарды аныктау әдісі.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда аяқталмаған өндіріс болмайды және шала фабрикаттарды өзі өндіреді. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты-натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым 4 нұсқасы бар:

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындаладды. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың ӨҚ-нын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті инвентарлық әдісті пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу электр станциясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұнда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің ӨҚ-ны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің ӨҚ-нын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланылады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады.

Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық мұқтаждығына тиісті өндірістер мен шаруашылықтар (асханалар, наубайханалар, моншалар, кір жуу, тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалары) қызмет көрсетеді.

Осы өндірістердің өндірген өнімінің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметттерінің шығындарының есебі «Әлеуметтік сфера» шотында жүргізіледі.

Әлеуметтік сфера шотының құрамына мынадай субшоттар жатады:тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, тұрмыстық қызмет көрсету, демалыс және еңбек лагерьлері, мәдени –тұрмыстық мақсаттағы мекемелер, басқа да өндірістері мен шаруашылықтар.

Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу, олар үшін белгілеген шығындар баптарының номенклатурасы бойынша «Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықдың шығындарын есепке алу ведомосында» жүргізіледі.

Ведомосқа жазу «Жалақы мен материалдар шығындарын тарату», «Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясының есебі» « Көмекші өндірістер көрсеткен қызметтерін тарату» талдамалы кестелерінен және басқа да құжаттарынан жасалынады.

Әлеуметтік сфераның шығындарын есепке алатын ведомоста көрсетілген мәліметтер әлеуметтік сфераның әрбір объектілері бойынша жұмсалған шығындарды бақылау үшін пайдаланылады.Оның көптеген объектілерінде аяқталмаған өндіріс болмайды, не болмаса оның мөлшері азғантай болғандықтан калькуляциялау кезінде ескеріле бермейді.

Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар да болады. Бұл шығыстар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие. Сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық субъектілері ешнәрсе өндірмесе де белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Бұл шығындар дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

ХІІІ .«БЕСКАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ КАЗ ПОЧТА» Акционерлік қоғамының ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау