Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундыз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

5.2. Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырлған алғашқы құжаттар мен жұмыс ұақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифраларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбекақы есептелінеді.

Негізгі еңбек ақы — жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбек-ақыға мына төмендегі аталғандар жатады:  1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.  2. Сыйлықтар мен сыйақылар.  3. Үстеме сыйлықтар.  Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бүндай төлемдер қатарына:  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.  2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жумыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.  3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру ушін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.  4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.  5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.  6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.  Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.  Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.  Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:  1. Жай мерзімді;  2. Мерзімді сыйлықты.  Кесімді еңбекақы — жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға ке-ректі, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.