Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhskiy_otvety111.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆

2) «Қабылдау бөлімінде» диалог.

сәлеметсіз бе,бүгін терапевт қабылдай ма? сәлеметсіз бе,қабылдап жатыр?13-бөлмеге барыңыз. рақмет!-рұқсат па?Кіріңіз.Қай жеріңіз ауырады?Басым қатты ауырады.Барлық жерім ауырады:қолым,аяғым,тізем,кеудем,жүрегім т.б .Тоқтаныз,асықпаныз.Біз сізді тексерейік,содан кейін емделесіз де.Рақмет сау бол!Сау болыңыз!

11-билет

1) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”

12-билет

1) Мақсат бағыныңқы Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.Сұрақтары: не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып?Баяндауыш тұлғалары:мақшы-мекші-пақшы-пекші-бақшы-бекші + болып , у + үшін;шартты, қалау, бұйрық рай + деп;қалау рай қы-кі-ғы-гі +тәуелдік жалғау + келіп;Мысалы: Марат оқымақшы болып, қалаға кетті. Ол білім алу үшін, біраз қалаларды аралады. Аттың дүбірі естілмесін деп, біз ауылдың шетіне қарай бұрылдық. Оның оқығысы келіп, ел аралап кетті.

2) Алоэ- лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Егер суық тигізіп алсаңыз, алоэның жаңадан жасалған шырынын мұрыныңызға әрбір 3-4 сағат сайын 2-3 тамшыдан тамызып тұрыңыз. Бұл әдісті 2-3 күннен артық жасауға болмайды.Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне 2-3 рет алоэ шырынын ішіңіз. Ларингит (тамақ ауырсынуы) кезінде, тамағыңызды, аузыңызды алоэ шырынымен шайыңыз. Күйік шалғанда, іріңді жаралар пайда болғанда алоэны қойып, дәкемен таңып тастау керек және әр екі сағат сайын ауыстырып тұру керек.Ол үшін алоэның жапырақтарын жуып, бинтке қойыңыз да, аздап жаншыңыз.

13-билет

1) Салалас құрмалас сөйлем- құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Ыңғайлас:және, да, де, та, теОның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады,Қарсылықты бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім. Талғаулықты: біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде. Күн біресе жауады, біресе басылады. Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың. Себеп-салдар салалас: сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.Кезектес- бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.

2) Денсаулық — зор байлық. Аурудың жақсысы жоқ,Дәрінің тәттісі жоқ.Тер шықпаған кісіден,Дерт шықпайды.Басы жұмыр пенденің,Барар жері белгілі.Ауру жайын баққан біледі,Аңның жайын атқан біледі. Кесел батпандап кіріп,Мысқылдап шығады

14-билет

1) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем -синтаксистік компоненттеріндегі баяндалған оқиға-әрекеттер бір-біріне қарама- қарсы қойылатын құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдегі қарсылықты мағына екі түрлі кұбылысты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бір компонентінің баяндауышы болымды, енді бір компонентінің баяндауышы болымсыз тұлғада беріліп, қарама-қайшы мән туғызады. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына бірнеше түрге бөлінеді:1. Жалғаулықты, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем— ол бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да, әйткенмен сияқты жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: Дьяковен де жерде тіл табысып кетерміз деп дәмеленіп еді, бірақ ол ойлағаны болмады.2. Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]