2) «Менің болашақ мамандығым»
Менің атым-.Мен Петропавл қаласында тұрамын.Мен СҚмк оқыймын.Менің болашақ мамандығым фармацевт.Мен адамдарға дәрі-дәрмектерді таңдауда көмектесемін.Провизор болғым келеді
15-билет
1) Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластың түрі. Себеп –салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тідін жақсы біледі.
2) Долана Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қ-нда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.
16 Билет
1) Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді. Сабақтас құрмалас сөйлем:Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде.Себеп бағыныңқылы сабақтас;Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді.Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі.Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді
2) Көк шайдың пайдасы
Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол.
17-билет
1) Қалау райЕтістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. М-ы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі.Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, ) 2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын,
2) Түйежоңышқа– бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық сирек бір жылдық өсімдіктер.Қ-ның барлық аймағында кездеседі, дала шалығынында, бақта өсетін 3 түрі бар. Медицинада гүлдену кезінде жинап алынған жоғарғы жағын пайдаланады. Оның құрамында кумарин, холин, аллантоин бар. Тұқымында құнарлы май бар, оның құрамына: полимитин, стеарин, олеин, линол және басқа қышқылдар кіреді. Ұйқысыздық, метеоризм, жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе аурулары және т.б. кезінде қолданылады. Тұнба және қайнатынды жара жазатын, асқындырмайтын және т.б. ретінде денеге жағылады.
18-билет
1) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді. Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік. ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.
2) Сарымсақтың пайдасы-Сарымсақты әлемнің кез - келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.Мед-да табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады.Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.Асқазан - ішек жолдарына, жүрек - талма ауруларына ем. Микробты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішек құрттарды жояды, қақырықты түсіреді.Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.
19-билет
1) Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді. Негізгі сан есімдер- қатарына тек қана есептік сандар жатады. бір, екі, үш т. б.Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.
2) «Ауырғанды басатын дәрі-дәрмектер»(анальфен, пенталгин, антипирин) диалог Сәлеметсізбе! Мен сізден тындап турм! Маған бас ауруын басатын дәрі беріңізші. Қайсынын алғыңыз келеді? Сізде Анальфен бар ма? Жоқ. Сізде Антиирин дәрі бар ма? Жоқ. Мен Пенталгин берейн. Жарайды. Мына дәрілік қанша тұрады? Екі жүз елю тенге. Рахмет. Сауболыңыз
20-билет
1) Мезгіл бағыңыңқы сабақтас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгілін білдіретін құрмаластың түрі. Сұрақтары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін ? Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады.
а) Жатыс септік тұлғаласындағы есімшіден болады. ә) Есімше тұқлғалы етістік пен кезде , күнле , шаңта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесінен болады: Күн ұясына төліп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі. б) Барыс және шығыс септік тұлғаысндағы есімше мен шейін, дейін , кейін , соң,бері, бұрын шылаулардың тіркесінен болады. в) –Ша,-ше тұлғалы есімшіден болады. г) Көсемшенің – ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғасынан болады:Шынында да, Барластар келгелі,Құланбай бұл үйіне кеп қалған емес. д) Етістіктің шартты райынан да болады: Мен кетсем де, ол үйге кіреді. е) –ысымен (-ісімен) қосымшалы етістікпен болады. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
2) Дәрумендер - тамақтын кұрамындағы адам ағзасына пайдалы биологиялық белсенді органикалық қоспалар . Дәрумен түралы ілімнің негізін 1880жылы орыс дәрігері Н. Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері К. Функ ғылымға " витамин " терминің енгізді. Дәруменнінің түрлері өте көп А,В1 В2 В6 В12 В15 С Д Е и.т.б. Дәрумендер ағза үшін қажетті зат. Ол адамның дене және он еңбегін арттырады, оның өсуімен дамуын , ауруға қарсы тұруын ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін. Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық.
21-билет
1) Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің не-се іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).
2) Cасықшөп- Ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі не көпжылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Cасықшөптен алынған препараттары жүрек қантамыры неврозында, жүректің демікпелі ұстамасында, жүрек етінің қатаюында, жүрек бұлшық етінің қабынуында, жүйке жүйесінің бұзылуында, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, ми зақымданғанда ішеді. сасықшөптен алынған дәрі-дәрмекпен қояншық, Базедов ауруын емдейді. Халық медицинасында сасықшөпті шемен, ревматизм, асқазан ауруларын, созылмалы ішек ауруларын емдеуге пайдаланады. Гүлінен ара бал жинайды
22-билет
1) Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар.Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен
2) Бақбақ-күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
23-биле0т
1) Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір сөз ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:Толық мақаласы: Күрделі,Біріккен,Қосарлаған,Тіркес,Қысқарған.
