- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Ж.Ж. Жарылқасын, а.М. Жарылқасынова, г.М. Елеусинова
- •Әскери гигиенаның таңдамалы мәселелері
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1. Әскерде санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастырудың гигиеналық негіздері
- •2. Дала жағдайындағы әскерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негіздері
- •3. Дала жағдайындағы әскерлердің тамақтануын ұйымдастыру және бақылау жүргізу негіздері
- •Орталықтандырылған тамақтанудың артықшылығы:
- •2. Кемшілігі:
- •Тамақтанудың кейбір жүйелерінің кемшіліктері мен артықшылықтары.
- •Төтенше жағдайларда тамақтануға байланысты қойылатын талаптар.
- •4. Құрлықтағы әскерлердің негізгі бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы
- •5. Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер:
- •25.02.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
3. Дала жағдайындағы әскерлердің тамақтануын ұйымдастыру және бақылау жүргізу негіздері
Бейбіт уақытта тамақтануды ұйымдастыру. Бейбіт уақытта әскерді тамақтандыру келесі тәртіпке сәйкес ұйымдастырылады:
Тамақтану тыл құрамына кіретін азық-түлік қызметімен ұйымдастырылады.
Құрылымы: азық-түлік басқармасы, округтық азық-түлік басқармасы, бригаданың азық-түлік қызметі, полктық азық-түлік қызметі.
Бөлімшеде азық-түлік қызметін қамтамасыздандыру бастығынан басқа, асхана бастығы, қойма бастығы, аспазшы-инструктор, аспазшылар, нан кесушілер және т.б. болады.
Штаттағы адамдармен бірге наряд тағайындалады: асхана кезекшісі, жұмысшылар.
Жауынгерлердің тамақтануы орталықтандырылған түрде немесе қоймадан кейбір азық-түліктерді (дивизион, полк қоймаларынан) беру арқылы жүзеге асырылады.
Асхана кезекшісінің қатысуымен асхана бастығы қоймадан азық-түліктерді қабылдайды.
Тағамдарды қабылдау, дайындау ас мәзір-сұрыптамасы бойынша жүргізіледі.
Сұрыптама бойынша тамақтануды бақылау бөлімше командирі, тыл бойынша орынбасары, азық-түлікпен қамтамасыздандыру бастығымен, мед. қызмет бастығы мен саяси органдарымен жүзеге асырылады.
Тамақтануды тексеру жүйелік, кезеңдік, жоспарлы, жоспардан тыс болады.
10. Тамақтануды жоспарлы түрде бақылау шараларының ең негізгісі асты әзірлеу сәттерінде бақылау болып табылады. Ол ай сайын 1 рет азық-түлік қызметінің бастығымен жүргізіледі.
11. Жүйелік бақылауды әскери бөлім командирі, бөлім мед. қызметі бастығы бөлім кезекшісінің қатысуымен жүргізеді.
Тамақтануды медициналық бақылаудың мазмұны.
Тамақтанудың физиологиялық толық құндылығы.
Астың және азық-түліктің сапалығы.
Жеке құрамның денсаулық жағдайы тамақтанумен байланыстылығы (тамақтану статусы).
Тамақтанудың физиологиялық толық құндылығы ас мәзір-сұрыптамасын талдау тәсілімен тағайындалады. Қоймадағы азық-түліктердің сақталу жағдайы, асханада азық-түліктердің өңделуі және асты әзірлеу ережелерінің орындалуы қысқартылған схемада лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады.
Тамақтандыру мәселелері бойынша медицина қызметінің міндеттері:
Тағамның толық құндылығына гигиеналық бақылау жүргізу.
Тамақтану нысандарының санитарлық жағдайын және қызметкерлердің денсаулығын бақылау.
Әскери сауда кәсіпорындарында тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.
Жоғарыда көрсетілгендей, тамақтану орталықтандырылған, қатаң түрде тағайындалған норма бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына және басқа да құжаттарға сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:
«О продовольственном обеспечении Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время» ҚР ҚМ 05.12.2000 ж. №318 бұйрығымен бекіткен жетекші құрал.
«Санитарные правила по организации размещения, водоснабжения, питания и банно-прачечного обслуживания личного состава Вооружённых Сил Республики Казахстан в полевых условиях (лагерях)». ҚР ҚМ № 230 бұйрығымен 15.08.2001 ж. бекітілген санитарлық ережелер.
«Нормы снабжения продовольствием Вооруженных Сил на мирное время» ҚР Үкіметінің №1281 Қаулысымен 23.12.2005 ж.бекітілген нормалар.
«Правила организации питания личного состава воинских частей, кораблей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан» ҚР ҚМ №50 бұйрығымен 11.02.2005 ж. бекітілген ережелер.
Қарулы күштерде паекты тамақтану әскерлердің қызметіне, жасына, климаттық-географиялық, денсаулық жағдайларына байланысты ажыратылады. Әскери қызметте паектардың түрлері өте көп.
Негізгі әскери паектің сипаттамасы.
Оның артықшылығы – тағамдық заттардың сәйкестілігі, алдын ала тексерілген және барлық жерде бірдей.
Оның кемшілігі:
а) А,С және рибофлавин витаминдерінің тапшылығы;
б) фосфордың артықшылығымен байланысты минералды тұздардың, кальцийдің жетіспеушілігі;
в) жануарлар тектес белоктардың жетіспеушілігі (белоктардың 45 % нан өнімдері есебінен), осыған байланысты соңғы уақыттарда (ҚР ҚМ арнайы бұйрығы бойынша) аптасына, демалыс және мереке күндері рационға 2 жұмыртқа енгізу туралы шешім қабылданған.
Жауынгер паектарында толық құнды тамақтық азық-түліктің болуы ұтымды тамақтануды ұйымдастырудың алғы шарты болып саналады.
Дала жағдайында жауынгерлерді Мемлекеттің Қорғаныс министрлігі бекіткен жалпы әскерлік паек бойынша тамақтандырады (кесте 4).
Кесте 4 – Жалпы әскерлік паек. Норма №1
№ |
Азық-түлік |
1 адамға тәулігіне, г |
1 |
Ақ бидай ұны, 1 сұрып (байытылған) |
10 |
2 |
Байытылған 1 сұрыпты ақ бидай ұнынан пісірген нан |
400 |
|
2 сұрыпты ақ бидай наны |
350 |
|
әр түрлі жармалар |
98 |
|
Макарон өнімдері |
40 |
|
1 категориялы сиыр еті |
200 |
|
Жартылай ысталған шұжық |
15 |
|
1 категориялы ішек-қарын (бауыр) |
4 |
|
Жас балық(сазан, жайын, қара торта, көксерке) |
120 |
|
Асханалық маргарин |
10 |
|
Өсімдік майы |
30 |
|
Сары май |
35 |
|
Сиыр сүті |
130 |
|
Қаймақ |
20 |
|
Сүзбе |
30 |
|
Ірімшік |
35 |
|
Тауық жұмыртқасы (аптасына, дана) |
5 |
|
Соя өнімдері |
10 |
|
Қант |
80 |
|
Ас тұзы (йодталған) |
20 |
|
Шәй |
2 |
|
Табиғи кофе немесе |
1 |
|
Какао ұнтағы |
2 |
|
Ашытқыш саңырауқұлақ |
0,3 |
|
Лавр жапырағы |
0,2 |
|
Бұрыш |
0,3 |
|
Қыша ұнтағы |
0,3 |
|
Сірке қышқылы ерітіндісі |
2,0 |
|
Қызанақ пастасы |
6,0 |
|
Жас картоп |
510 |
|
Қырыққабат |
130 |
|
Қызылша |
40 |
|
Сәбіз |
30 |
|
Пияз |
65 |
|
Қияр |
30 |
|
Қызанақ |
40 |
|
Көкөніс шырыны |
25 |
|
Кетуп |
5 |
|
Жаңа піскен жемістер |
100 |
|
Жеміс-жидек шырындары |
25 |
|
Кептірілген жемістер немесе |
30 |
|
Кисель ұнтағы |
10 |
|
Поливитаминді препарат «Ветерон», г/драже (желтоқсан-мамыр) |
0,6/1 |
Егер жалпы әскерлік рацион бойынша ыстық тамақ дайындау мүмкін болмаса (дала жағдайында, оқу-жаттығу жұмыстары, жол үстінде), №18 норма паегі қолданылады (бұл паек бойынша үздіксіз 3 күннен артық тамақтандыруға болмайды) (кесте 5).
Азық-түліктерді дұрыс сақтамау, асты дұрыс әзірлемеу тамақтық азық-түліктердің жоғары сапалығын құнсыздандыруы мүмкін. Жауынгерлер мен офицерлердің жоғары сапалы аспен қамтамасыз етілуі аспазшының жоғары біліктілігін, асхананың (ас үйдің) қазіргі талаптарға сай жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталуын қажет етеді.
Бейбіт уақытта орталықтандырылған тамақтандыру мына тізбек бойынша ұйымдастырылады:
- орталық (медициналық қойма) - бірлестік (бригадалық қойма) - жауынгер.
Тамақтану гигиенасы аурулардың алдын алуда және адамның физикалық мүмкіндіктерін жетілдіруде мағынасы өте зор.
Осы тұрғыда тамақтану гигиенасының міндеті – организмнің сыртқы орта факторларына арнайы емес жоғары төзімділігін қамтамасыз ететін ұтымды тамақтануды ұйымдастыру.
Арнайы емес төзімділік организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруына мүмкіндік береді. Гигиенистер бақылайтын бірнеше аурулар бар, олар - алиментарлы жетіспеушілік, авитаминоздар, алиментарлы дистрофия. Бұл ауруларды алдын алудың негізі – ұтымды тамақтану.
Кесте 5 – «Жалпы әскерлердің құрғақ паегі» (№18 норма).
№ |
Азық-түлік |
1 адамға тәулігіне, г |
|
1 нұсқа |
2 нұсқа |
||
1 |
Ірі тартылған ақ бидай ұнынан немесе 2 сұрыпты ақ бидай ұнынан дайындалған галеттер |
300 |
600 |
2 |
Әртүрлі ет консервілері |
340 |
340 |
3 |
Әртүрлі өсімдік аралас ет консервілері |
680 |
1020 |
4 |
Шақпақ қант |
180 |
180 |
5 |
Шәй |
3 |
3 |
6 |
Қағаз салфетка, дана |
3 |
0 |
