- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Ж.Ж. Жарылқасын, а.М. Жарылқасынова, г.М. Елеусинова
- •Әскери гигиенаның таңдамалы мәселелері
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1. Әскерде санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастырудың гигиеналық негіздері
- •2. Дала жағдайындағы әскерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негіздері
- •3. Дала жағдайындағы әскерлердің тамақтануын ұйымдастыру және бақылау жүргізу негіздері
- •Орталықтандырылған тамақтанудың артықшылығы:
- •2. Кемшілігі:
- •Тамақтанудың кейбір жүйелерінің кемшіліктері мен артықшылықтары.
- •Төтенше жағдайларда тамақтануға байланысты қойылатын талаптар.
- •4. Құрлықтағы әскерлердің негізгі бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы
- •5. Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер:
- •25.02.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
5. Тесттік тапсырмалар
1. Дала жағдайында әскерлерді гигиеналық қамтамасыз ету бойынша батальонның аға фельдшерінің міндеттері:
дала жағдайында әскерлердің орналастырылуын, сумен қамтамасыз
етілуін, тамақтандырылуын бақылау;
жеке құрамның еңбек жағдайын бақылау;
казармалардың санитарлық жағдайын бақылау;
әскери қызметкерлердің дер кезінде дене шынықтыруын бақылау;
әскери қызметкерлердің арнайы киімдер қолдануын бақылау.
2. Ротада санитарлық шаралардың жүргізілуін кім бақылайды?
Батальонның фельдшері;
полктың фельдшері;
инструктор-дозиметрші;
санитар-адам тасушы;
рота санинструкторы.
3.Рота санинструкторының санитарлық шараларды жүргізу бойынша негізгі міндеттері:
науқастарды уақытында оқшаулау;
қызуы бар науқастарды уақытында емдеу;
вакциналар мен сарысуларды егу;
су мен тағамдық азық-түліктерге лабораториялық талдау жасау;
жауынгерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауын және казармалардың санитарлық жағдайын бақылау.
4.Жеке құрамның гигиеналық жабдықталуы бойынша мед. шараларды кім
жоспарлайды?
тылдағы командир орынбасары;
медициналық пункт бастығы;
полктың аға дәрігері;
СЭЛ бастығы;
медицина қызметінің бастығы.
5.Соғыс уақытында гигиеналық шаралады жоспарлау неге байланысты?
әскер түріне;
климаттық-географиялық жағдайларға;
жыл мезгіліне;
жеке құрманың денсаулығына;
әскери әрекет түріне.
6.Бекіністе гигиеналық қамтамасыз етудің басты міндеттері:
фортификациялық қондырғылардың санитарлық жағдайын бақылау;
санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізу;
жеке құрамның демалуын бақылау;
газқағарларды қолдануды бақылау;
әскери еңбекті бақылау.
7.Ашық қорғаныс бекіністеріндегі жағымсыз факторлар:
адамның көптігі;
табиғи жарықтың болмауы;
ауаның порох газдарымен ластануы;
топырақпен жанасу және метеофакторлардан қорғаныстың жоқтығы;
ауаның химиялық құрамының өзгеруі.
8.Жабық қорғаныс бекіністеріндегі жағымсыз факторлар:
адамның көптігі;
салқын құрылыс материалдарымен жанасу;
радиологиялық ластану мүмкіндігі;
ауаның химиялық құрамының өзгеруі;
инфекциялық аурулар қаупі.
9.Жабық қорғаныс бекіністеріндегі жағымсыз факторлар профилактикасына не жатады?
топырақпен тығыз жанасуды болдырмайтын жағдай жасау;
желдету және тұмшалау қондырғылары;
тағам қабылдау үшін қосымша бөлмелерді жасау;
жеке құрамның дем алуына жағдай жасау;
азық-түліктердің, дәрі-дәрмектердің, таңу материалдарының қорын жасау.
10.Дала жағдайында әскерлерді орналастыру түрлері:
казарма;
әскери қалашық;
спорт орталығында;
бивактық, пәтерлік, аралас;
тау қуысы, шұңқырлар.
11.Полк бойынша далада сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға кім міндетті?
полктың аға дәрігері;
тылдағы полк командирінің орынбасары;
полктың инженері;
полктың командирі;
химиялық қызметтің бастығы.
12.Полкта су сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша кім міндетті?
полк командирі;
полк инженері;
полк медициналық пунктінің бастығы;
полк аға дәрігері;
полктың медицина қызметінің бастығы.
13.Сумен қамтамасыз ету пунктін (СҚП) бақылау бойынша медицина қызметінің міндеттері:
СҚП-ін орналастыру;
СҚП маңындағы жерді залалсыздандыру;
СҚП-ін жабдықтау;
өңделген судың сапасын, СҚП-нің санитарлық жағдайын, тасымалдау және сақтау құралдарын бақылау;
суды дегазациялау, дезактивациялау, дезинфекциялау.
14.Соғыста сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша тыл қызметі бастығының міндеттері:
қарсылас территориясында суды барлауды ұйымдастыру;
өз территориясында суды барлауды ұйымдастыру;
СҚП орналастыратын жерді дезактивация, дегазация, дезинфекциялау;
СҚП-індегі суды тазалау және залалсыздандыру;
СҚП-ін тәулік бойы қорғау.
15.Әскерлерді сумен қамтамасыз ету бойынша химиялық қызмет бастығының міндеттері:
суға барлауды ұйымдастыру;
суды барлауға қатысу, су құрамындағы УЗ мен РБЗ анықтау;
суды тазалау және залалсыздандыру;
су сапасын бақылау;
СҚП ыдыстарын дезинфекциялауды бақылау.
16.Ірі сумен қамтамасыз ету пункттері мен ірі су алу пункттерінің құрылысымен кім айналысады?
инженерлік қызметтің бастығы;
медицина қызметінің бастығы;
химиялық қызметтің бастығы;
тыл командирінің орынбасары;
азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметінің бастығы.
17.РБЗ мен УЗ-ға су сапасын бақылауды қандай қызмет жүргізеді?
медицина қызметі
инженерлік қызмет;
тыл қызметі;
шаруашылық қызмет;
химиялық қызмет.
18.Қарсыластың территориясында суды барлауды кім ұйымдастырып жүргізеді?
химиялық қызмет;
медицина қызметі;
инженерлік қызмет;
тыл қызметі;
азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметі.
19. Судың жеке қорын залалсыздандыруға арналған құрамында хлор бар табелдік құралдар:
пантоцид, аквацид;
йодты таблеткалар;
сутек тотығы;
калий перманганаты;
хлорлы әк.
20.Дала жағдайында аз мөлшердегі суды залалсыздандыру әдістері:
қайнату;
сүзгіштен өткізу;
суды күмістеу;
коагуляциялау, сүзгіштен өткізу;
озондау.
21.Әскерлерді тамақтандыруды ұйымдастыруға қандай қызмет қатысады?
химиялық қызмет;
азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметі;
инженерлік қызмет;
санитарлық-гигиеналық қызмет;
бөлімге азық-түлік жеткізу қызметі.
22.Полкта жауынгерлерді тамақтандыруды ұйымдастыруға кім жауапты?
полктың аға дәрігері;
тылдағы полк командирінің орынбасары;
полктың инженері;
полктың командирі;
химиялық қызмет бастығы.
23.Жауынгерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша медицина қызметінің міндеттері:
нормативтерге сай тағамдық заттарды сақтауды және қажетті деңгейге жеткізуді бақылау;
әскерлерді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету;
тағамды кулинарлық өңдеуге қойылатын талаптарды орындау;
әскерлер дала жағдайында орналасқанда шаруашылық үлес пунктін орнату;
азық-түлік қоймаларында тез бұзылатын тамақтарды сақтау және тасымалдаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтау.
24.Батальонда жауынгерлердің тамақтануын кім бақылайды?
рота старшинасы;
батальонның фельдшері;
химик-дозиметрист;
рота санинструкторы;
батальон командирі.
25.Соғыс уақытында паектың қандай түрі әскерлердің үлесінен алып тасталынады?
апаттық;
борттық;
қосымша;
құрғақ;
тамақтанудың әскери рациондары.
26.Батальондық тамақтану пунктін орнату территориясына қойылатын негізгі талаптар:
ойпаттар мен ойыстардың болуы;
орманды-қорғаныс жолағының болуы;
жер телімінің қолайлы санитарлық жағдайы;
жеке құрам мен азық-түліктерді жасыруға арналған инженерлік қондырғылардың болуы;
асфальт төселген жолдардың болуы.
27.Соғыс уақытында жауынгерлерді тамақтандыру ерекшеліктері:
екі реттік қазандық ыстық тамақтануға ауыстыру;
тағамды тек табиғи азық-түліктерден дайындау;
көбінесе консервіленген және концентрленген азық-түліктерді қолдану;
тағамдарды дайындау және ішу орталықтандырылған;
тағамды қоғамдық ыдыстардан ішу.
28.Экстремалды жағдайларда қандай паектар қолданылады?
борттық паектар;
тамақтанудың әскери рациондары;
тәуліктік рациондар;
қазандық үлес паектары;
субкалориялық паектар.
29.Сусымалы азық-түліктерді сақтауға арналған ыдыстың қандай түрі олардың радиактивті ластанбауына кепілдік береді?
полиэтиленмен қапталған қағаз қаптар;
картонды қаптар;
көп қабатты қағаз қаптар;
шүберек қаптар;
тоқылған полистеролды қаптар.
30.Бейбітшілік уақытта тамақтануды ұйымдастырудың ерекшелігі:
орталықтандырылмаған тамақтандыру;
ақшалай қанағаттандыру арқылы тамақтандыру;
2 мезгіл ыстық тамақтандыру;
нормаланған, қоғамдық, орталықтандырылған тамақтандыру;
батальондық тамақтану пункттері арқылы тамақтандыру.
31.Танкистер еңбегінің спецификалық ерекшеліктері:
соғыс қаруын қолдануы;
жолда жоғары жылдамдықпен қозғалуы;
танк жайларының жақсы желдетілуі;
арнайы қондырғылар қамтамасыз ететін бірқалыпты микроклимат;
машинаның шағын көлемі,шайқалу,соғылу.
32.Танк ішін ластайтын оқ-дәрі газдарының негізгі компоненттері:
күкіртті сутек;
күкіртті газ;
көміртек тотығы, азот тотықтары;
көмірқышқыл газы;
сутекті оттек.
33.Танк суға батқан жағдайда,оқшауландырушы газқағардан болуы мүмкін асқынулар:
көміртегі тотығымен улану;
көмірқышқыл газымен улану;
суға бату;
өкпенің қысымнан жарақаттануы (төменгі қысымнан);
оттегімен улану.
34.РЛС-дағы спецификалық қолайсыз факторларды көрсетіңіз.
демалыс және еңбек режимінің бұзылуы,жұмыс аймағы ауасында зиянды химиялық қоспалардың болуы;
өте жоғары жиіліктегі импульсті электромагнитті сәулелену, жұмсақ рентгенді сәулелену;
РЛС кабинасының жеткіліксіз жарықтандырылуы, тозаң, шу, діріл;
орталық нерв жүйесі мен көру анализаторына түсетін жоғары жүктеме;
қолайсыз микроклиматтық жағдайлар,организмнің термореттелуінің бұзылуы.
35.Өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ) сәулеленудің спецификалық әсеріне тән
организмде болатын негізгі өзгерістерді көрсетіңіз.
гипотония, брадикардия, неврастения;
гипертония, лейкоцитоз, тромбоцитоз;
дисгормональды өзгерістер, атеросклероз, дистрофия;
дистрофия, гипертония, лейкоцитоз;
атеросклероз, тромбоцитоз, гипотермия.
36.РЛС операторларының арнайы киімдері:
мақтадан дайындалған комбинезон;
рәзіңкеленген матадан дайындалған комбинезон;
рәзіңке матадан дайындалған комбинезон;
металл жіпшелері бар мақта-қағаз матадан дайындалған комбинезон;
жылы кобинезон.
37.Зымыран ұшырғанда қандай қолайсыз факторлар орын алады?
ауа температурасының жоғарылауы;
өте күшті шу,қатты қызған газ;
қарқынды ауа қозғалысы;
ядролық қарудан шығатын иондаушы сәулелену әсері;
зымыран жанар майы компоненттерінің әсері.
38.Арнайы әскерлер тегінде қандай зиянды факторлар әскери-кәсіптік аурулар туындатады?
жоғары және төмен атмосфералық қысым;
өте жоғары жиіліктегі өріс,техникалық сұйықтар,шу және діріл;
қарқынды күн сәулесі;
ауа қозғалысының,ылғалдылығының және температурасының кенеттен ауытқуы;
жеткіліксіз жарықтандырылуы және желдетудің болмауы.
39.Танкистердің жеке арнайы киімдері:
жалпы әскерлік қорғаныс жиынтығы;
күрте,шалбар;
комбинезон;
қорғаушы көзілдірік;
қорғаушы алжапқыш.
40.Зымыранды әскерде, әскери қызметкерлердің қорғаушы киімдеріне қайсысы жатады?
оқшауландырғыш костюм;
мақталы костюм;
рәзіңкелі комбинезон;
жалпы әскерлік қорғаушы жиынтық;
жеңіл қорғаушы кобинезон және фартук.
