Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Portfolio.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362 Кб
Скачать
☆

Парамиксовирустар.

РНҚ-құрамды вирустар тұқымдастығына жатады. РНҚ-сы бір жіпшелі (минус-жіпше), фрагментталған сызық бойымен орналасқан. Нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді, липидтері бар суперкапсидтік қабықпен қоршалған. Эфирге сезімтал. Вирионның мөлшері 120-300 нм. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар қоздырушыларына кіреді.

  1. Парагрипп вирусы. Парагрипп жоғарғы тыныс алу жодарын зақымдайды.

  2. РС-вирус (респираторлық-синцитиальді). РС-инфекция – бронхиола мен альвеолаларды зақымдайды (жиі балаларда).

  3. Эпидемиялық паротит. Құлақ маңындағы бездерді зақымдайды.

  4. Қызылша вирусы (Morbillivirus). Қызылша – балаларда жедел дамитын инфекция, вирус мұрын-жұтқыншақтан қанға өтіп барлық ағзаға таралады, денеде бөртпе пайда болады.

Парагрипп вирустары.

Парагрипп қоздырғыштары 1-4 типке жататын парагрипп вирустары, Paramyxoviridae тұқымдастыққа жатады.

Парагрипп вирустарының биологиялық ерекшеліктері. Бұл РНҚ-геномды вирустар, пішіні сфера тәрізді, мөлшері 150-300 нм. Вирустар геномы – 6 ген және геномдық белок ферменттерінен тұрады: РНҚ, Р, альфа-полимеразалармен көрсетілген. Капсидтің қабықшасы – М белок, суперкапсидтік қабықша – N, H, F- белок және липидтер бар. N-белок – нейраминидаза, Н-белок – гемагглютинин, F-белок – гемолизға синцитий түзілуіне, вирустық суперкапсидтық қабықшаның клеткалық мембранамен бірігуіне, клетка лизисіне жауапты.

Антигендер: парагрипп вирусында нуклеопротеидпен байланысқан, терең орналасатын S антигендері және беткейлік Н пен N-белоктардан тұратын Y-антигені бар. Суперкапсидтік қабықшасындағы беткейлік антигеннің құрылысы бойынша парагрипп вирусының 5 серотипін ажыратады.

Парагриппвирусы адам мен маймылдың біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарында репродукцияланады.

Осы вирус детергент пен дезинфектанттарға жоғары сезімтал, 500С эфирдің әсерінен жойылады.

Патогенезі және эпидемиологиясы: Инфекция көзі – науқас адам және вирус тасымалдаушы, берілу жолы – ауа-тамшылы. NН, F- белоктар көмегімен тыныс алу трактысының сезімтал эпителиоциттердің гликопротеиндік рецепторларында вирустың адсорбциясы өтеді. Фагосома кезеңінен соң вирус цитоплазмада репродуцирленеді. Ацидофильдік цитоплазматикалық қосындылар түзіледі. Клеткадан вирус синцитии түзіп, бүршіктену арқылы шығады.

Парагриппоздық аурулар – тыныс алу жолдарының жиі кеңірдектің зақымдануымен сипатталатын жедел инфекция (тамақтың жыбырлауы, жөтел, афония, дауыстың қырылдауы). Аурудың ағымының ауырлығы паргрипп вирусының типіне байланысты. 1,2 типтерімен шақырылған парагрипп грипптің жеңіл формасы сияқты өтеді, 3,4 типтерімен – бронхтың ауыр формасы түрінде, кеңірдектің стенозы және интоксикациямен өтеді.

Иммунитет. Типоспецификалық, арнайы алдын-алу шаралары жоқ.

Микробиологиялық диагностикасы:

  1. вирусологиялық әдіс – адамның біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарына жұқтырып, вирустың индикациясын цитопатогендік әсері бойынша жасайды. Вирустың типін БР, КБР, ГАТР-да анықтайды.

  2. иммуноиндикация – вирусты бейтарап реакциясы (БР), КБР, ГАТР, ИФА, ИФР – вирустардың АГ мұрын-жұтқыншақ шайындысында және тыныс алу трактысының шырышты эпителииінің қырындысынан анықтайды. серологиялық – науқастың жұпты сарысуларынан ГАТР, КБР, ИФА әдісімен АД анықтау;

АД титрі 3-4 аптадан кейін анықталады, кейін 2-4 есе үлкейеді.

Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы

Эпидемиялық паротит- шықшыт безінің сирек жағдайда басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын, балалардың вирустық жедел инфекциясы.ауруды вирустар қоздыратынын 1934 жылы К.Джонсон мен Э.Гудпасчер анықтады.

Таксономиясы:

Тұқымдастығы: Paramyxoviridae

Туыстастығы: Paramyxovirinae

Туыстастығы: Rubulavirus

Морфологиясы мен антигендік қасиеті

Құрылысы басқа парамиксовирустарға ұқсас. Сфера пішінді, диаметрі 150-200нм. Вирионның ішінде NP ақуыз орналасқан, сыртында тікенекшелері бар (HN және F гликопротеиндер) қабықшасы болады. Нейраминидазалық және симпласт түзушілік қасиеті бар 1 серотиптен тұрады.

Дақылдандыру

Өсіп өндіру үшін жасуша дақылдарына және тауық эмбрионына жұқтырады.

Резистенттігі

Қоршаған орта фаторларына төзімділігі жқғары емес.

Эпидемиологиясы

Эпидемиялық паротит өте жұқпалы антропонозды инфекция. Инфекция көзі ауру адамдар. Берілу жолдары – ауалы-тамшылы, кейде сілекеймен ластанған тұрмыстық заттар арқылы берілуі ықтимал.

Патогенезі

Вирустың кіру қақпасы – жоғарғ тыныс алу жолдары. Вирустың алғашқы репродукциялануы мұрынның, жұтқыншақтың эпителиалық жасушаларында және шықшыт безінде жүреді. Содан кейін вирустар қанға түсіп барлық ағзаларға (аталық және аналық бездер, ұйқы безі, қалқанша без, ми) тарайды және сол жерде қабыну үрдісін тудырады. Ер балаларда орхит дамып, бедеулікке әкелуі мүмкін.

Клиникалық көріністері

Жасырын кезеңі 14-21 күн. Кесел температураның көтерілуімен, басы ауырумен, дімкәстікпен басталады. Шықшыт безінің біреуі немесе екеуінде, кейде сілекей бездерінде де қабыну дамиды. Ең жиі кезесетін асқынулар – менингит, менингоэнцефалит, панкреатит т.б. Көбінесе ауру симптомсыз өтеді.

Иммунитеті

Эпидемиялық паротитпен ауырып тұрғаннан кейін тұрақты, өмір бақилық иммунитет қалыптастырады.

Емдеуі

Спецификалық иммунды глобулин қолдану

Спецификадық алдын-алуы

Смородинцев ұсынған паротиттік дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей)

Паротиттік- қызылшалық дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей)

Паротитке, қызамыққа қарсы липофилденген құрғақ тірі вакцина (Индия)

MMR-қызылшаға , паротитке , қызымыққа қарсы вакцина (АҚШ)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]