- •Экология.Микрфлора.Антибиотиктер.Стерилизация.Инфекция.Иммунитет.Иммунды профилактика.Иммунологиялық реакциялар.Биопрепараттар ваксиналар сарысулар диагностикумдар аллергендер.
- •Зооноздар.Венериялық аурулар.Коринебактериялар.Микобактериялар.Анаэробтар.
- •Жалпы вирусология Ортомиксовирустар
- •Таксономиясы:
- •Құрылымы мен химиялық құрамы:
- •Антигендік құрылымы:
- •Парамиксовирустар.
- •Қызылша вирусы
- •Респираторлық - синцитиальдық вирус
- •Диагноз қою.
- •Гепатит а, в, с, д, е вирустары
- •Герпесвирустар
- •Аив инфекция
- •Сөзжұмбақ сұрақтары:
- •Жауаптары:
- •Онкогенді вирустар.
- •Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары.
- •Коксаки вирустары
Қызылша вирусы
Қызылша – дене қызбасымен, жоғарғы тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабаттарының катаральдық қабынуымен және теріде түйіншекті-дақты бөртпелер пайда болуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қызылша жұқпалылығы өте жоғары аурулар қатарына жатады.Әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы жақсарады. Бөртпелер 5 күн
Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.
Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол беру қажет.
Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.
Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.
Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндай жағдайда дәрігерлік көмек кереқ
Емдеу жолдары
Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.
Алдын алу
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстау керек. Әсіресе, тамаққа жарымаудаң болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы турып, шетінемеуі ушін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.
Респираторлық - синцитиальдық вирус
Респираторлық-синцитиальдық вирус –нәрестелер мен сәбилердің төменгі тыныс алу жолдарында жедел респираторлық вирустық инфекциялар қоздырады.1956 жылы Ч.Ченок бөліп алған.
Морфологиясы мен антигендік қасиеті
РС вирустар сфера және жіпше пішінділері болады. РС вирустарда неираминидазалық, гемолитикалық белсенділігі жоқ. Суперкапсидінде жасуша рецепторларымен байланысуына және жасуша мембранасымен бірігуіне жауапты гликопротейндік тікенекшелері бар.
Дақылдандыру
Ауыспалы жасуша дақылына немесе маймылдың бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылына жұқтыру
Эпидемиологиясы
Инфекция көзі науқас адам. Вирус тыныс алу арнасымен жұғады. Берілу жолдары ауалы тамшылы, тұрмыстық жанасулар арқылы.
Клиникалық коріністері
Жасырын кезеңі 3-5 күн. Содан кейін трахеобронхит, пневмония дамиды.
Иммунитеті
Ауырып болғаннан кейінгі иммунитеті ұзаққа созылады
Емдеуі мен алдын алу
Иммундымодуляторлар мен рибавирин емдеу үшін қолданылады. Спецификалық профилактика қолданылмайды.
Пикорнавирустар
Пикорнавирустар — құрамында РНҚ бар, липопротеид қабығы жоқ вирус тұкымдастығы, РНҚ м. с. 2500000—2800000. Жалғыз тізбекті, ауру туғызғыш. Вириондарының диаметрі 25—40 нм. Цитоплазмада көбейеді. 4 туыстыққа бөлінеді: 1) Энтеровирустар адамдарды зақымдайды, бұларға ішек вирустарынан басқа полиомиелит және А гепатиті вирустары енеді; 2) Риновирустар — адамда жәие ірі қара малдарда тыныс жолдары ауруларын туғызады; 3) Кардиовирустар — кеміргіштерден бөлініп алынған; 4) Афтовирустарға маңызы зор мал аурулары қоздырғыштарының бірі — аусыл вирусы жатады. Пикорнавирустар тасымалдаушылар көмегінсіз жуғады
Полиомиелит вирусы
Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.
1950 жылдары Сейбин осы ауруға қарсы егілетін вакцина жасап шығарғаннан кейін, бала организмі ауруға қарсы күресуге мүмкіндік алды, ауру саны күрт төмендеді, өлім азайды. Кейінгі жылдары бүкіл дүние жүзі бойынша осы ауруды жою мақсатымен, балаларға полиомиелитке қарсы жаппай иммунизация жүргізілді.
Аурудың қоздырғышы – энтеровирустар, күн сәулесі және жоғарғы температураға төзімсіз, ал суықта ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Дезинфекциялаушы ерітінділерден тек хлор мен формальдигид қана әсер етеді.
Эпидемиология. Аурудың көзі – ауру бала және вирус тасымалдаушылар (3-5 айға дейін) жұқпалы болып саналады. Таралу жолдары –ауыз арқылы (ластанған тамақ, кір қолдар, су арқылы). Аурудың алғашқы 1-2 аптасында тыныс жолдары арқылы да жұғады. Ауру жаз, күз айларында жиірек кездеседі.
Патогенез. Вирус организмге тыныс жолдары және ас қорту ағзаларының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп-өніп, көбейеді. Одан әрі қанға өтеді де, қан арқылы жұлынның сұр затына шоғырланып, оны зақымдайды. Соның салдарынан жұлыннан тарайтын нерв талшықтарының қызметі бұзылып, бұлшық еттерінің парез, параличтері басталады. Патологиялық өзгеріске сонымен бірге сопақша ми, орта және аралық ми да ұшырайды.
Клиника. Жасырын кезең 2-35 күн аралығы (көбінесе 10-12 күн) болып есептеледі. Аурудың клиникалық дамуы 4 кезеңде өтеді.
І. Препаралитикалық кезең – 1-6 күнге созылады. Клиникалық белгілері жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы белгілерінен жедел басталады – дене қызуы көтеріледі, мазасыздық, ұйқысы нашарлайды. Кейде гастроэнтерит белгілершен жедел басталуы мүмкін. Содан кейін барып, нерв жүйесі тарапынан өзгерістер қосылады: Керниг – Брудзинский симптомы, мойын етенің таралуы, гиперестезия (тері арқылы сезінудің күшеюі), үш аяқты ошақ симптомы (симптом Треножника). Жұлын-ми сұйықтығын тексергенде: плеоцитоз (нейтрофилдер саны 100-ге дейін бір мкл-де көбеюі), белок нормада, түсі мөлдір, қысымы жоғары екені анықталады.
ІІ. Паралитикалық кезең – бірнеше күнмен бір – екі апта созылады. Дене қызуы төмендейді, бірақ аты айтып турғандай бұлшық еттердің парез, параличтері басталады. Бұл өзгеріске барлық бұлшық еттер ұшырау мүмкін, дегенмен көбінесе аяқ бұлшық еттерінің парез, параличтері байқалады. Сезімталдық жоғарлайды, ұстап көргенде, қимылдатқан кезінде ауырсынады. Бұлшық еттерде қимыл болмағандықтан, олар біртіндеп атрофияға ұшырайды, рефлекстері де төмендеп, жоғалады. Дем алысына қатысатын бұлшық еттер зақымданған жағдайда, тынс тапшылығының белгіліре пайда болады, баланың дауысы өзгереді, жүрек жұмысы нашарлайды. Осы кезенде бала өткір тыныс тапшылығы мен жүрек жұмысының жедел жетіспеушілігімен өліп кетуі мүмкін. Жұлын сұйықтылығында: белок жлоғарлайды 1,5-2%, нейтрофилдер азайады 5-10 1 мкл-де.
ІІІ. Орнына келу кезеңі – жұмысы бұзылған бұлшық еттерде қимыл пайда бола бастайды, ауырғаны басылады, рефлекстері орнына келеді, дем алысы жақсарады, дауысы шығады, жұтыну т.б. қимылдар орнына келеді. Орнына келу кезені бірінші 3-6 айға дейін жақсы қарқында өтеді де, одан кейінгі мерзімде баяу жүреді, барлығы 2-3 жылға созылады. Ал жұлындағы өзгерістер үлкен болса, көп жерді зақымдаса, балада өмір бойына мүгедек қалып қояды.
ІV. Қалдық өзгерістер кезеңі – парез параличтер қайтпаса, бұлшық еттер атрофияға ұшырап, контрактуралар мен дефармациялар баланы мүгедекке әкеледі.
