- •Кезеңді тексеру кезінде эмө
- •Полиметалдық рудникте жарылғыш
- •Педагогикалық институттың компьютер орталығындағы 20 жұмыс орыны бар
- •Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
- •Үй құрылыс комбинатының кассет цехының микроклиматын зерттеген кезде
- •Полировальды машина жұмысшы әйелі (33 жаста)
- •Ультрадыбысты құрылым зауыт цехының орталығында қондырылған.
- •Карбонильді әдіспен никель өндіруші цех зауытында жалпы желдету.
- •Мұнай скважиналарына жөндеу жүргізгенде топырақ ластанған.
- •Синтетикалық жуғыш өнеркәсіп алаңында заттарды өндіру цехын жағалай, қатты жабынды төсеген.
- •Фермер шаруашылығына пестицидтер әкелінді
- •Көмір шахта учаскесінде көмір комбайн көмегімен шығарылады
- •Биохимиялық зертханада жасанды жарықтандыру деңгейі: люменисцентті лампалардан 200 – 250 лк.
- •Машина құрылысы зауытының жұмысшысы к.И. Ахметов
- •Түсті металлургия өндірісіндегі еңбек жағдайларын зерттеу нәтижесінде
- •Кезеңді медициналық тексеру кезінде темір соғатын
- •Видеодисплей терминал операторының жұмыс бөлмесінде
- •Темір соғатын зауыт цехындағы штампылаушы жұмысшы
- •Медициналық тексеру кезінде шлифовальды машинаның жұмысшысы
- •Мейірбике №2 перзентханаға жұмысқа қабылданды.
- •Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.
- •Мұнай өңдеу зауытында 1 жылдың ішінде екі жұмысшыда өкпенің қатерлі ісігі
- •Мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыт
- •Механизацияланған ұсталар цехында жазғы уақытта жұмыс істеу зонасында
- •Цехтың тұрақсыз жұмыс орындарында орташа ауырлықта ( II категория ) жұмыс орындалады.
- •Бетон өндіретін үй салу комбинатында құрамына кремнийдің 60% бос қос тотығы бар силикатты
Кезеңді медициналық тексеру кезінде темір соғатын
Жұмысшыны одан әрі бұл жұмысқа жібермейді.Өйткені қарсы көрсетпелер бар:есту төмендеу, гипертоникалық ауруы. Жұмыс орнындағы шу деңгейі жоғары,қалыпты жағдайда 85дб. Жоғ шу ерте қажуға,жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне,аурушаңдықтың жоғарлауына акеледі. Гигиеналық тұрғыдан шу дегеніміз адам организмінің жұмыс жасауы мен демалуына қолайсыз әсер ететін әртүрлі жиілік пен интенсивтіліктегі жағымсыз дыбыстар болып табылады. Шудың адам организміне кері әсері көп. Интенсивті шу әсерінен жүйке жүйесі жағынан айқын өзгерістер байқалады және есту мүшесінің патологиясына әкеліп соқтырады.Жұмысшылар бас ауруға,жүйелі емес бас айналуға,есте сақтаудың төмендеуіне, жоғары қажуға,эмоциональды тұрақсыздыққа,ұйқысының бұзылуына,жүрек тұсының ауырғанына,жүрек соғысының тездеуіне, тәбеттің төмендеуіне шағымданады.Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің өзгерістеріне,әсіресе нейроциркуляторлы дистония (кардиальды,гипертензивті,гипотензивті типтері). Шу патологиясының ішінде ең көп кездесетіні кохлеарлы неврит типті естудің төмендеуі және нецросенсорлы тугоухость. Шу спектрі бойынша бөлінеді:кең жолақты-ені 1 октавадан жоғары үздіксіз спектрлі, тональды-спектрінде айқын дискретті тондар бар. Уақытша сипаттамасы бойынша бөлінеді:тұрақты-8 сағ жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дб-ге дейін өзгеретін шу,тұрақсыз-5 дб-ден жоғ өзгеретін шу. Шу жұмыс орнында дыбыс деңгейінің(дб) бағалаумен сипатталады.Тұрақсыз шу дыбыстық эквивалентті деңгейімен сипатталады. Шуды анықтайтын құрал- шумомер(Ш63)- 30-140дб арасындағы, 40-10000 гц жиілікті диапазондағы шуды анықтайды. ИШВ-1 шу мен дірілді өлшейтін құрал.
СЭҚ дәрігерінің әрекеті: жұмысшыны тереңдетілген тексеруге жіберу,кәсіби аурулар орталығына бағыттау; жұмыс орнын өндірістік гигиеналық тексеру,шуға қарсы технологиялық шараларды тексеру,жеке қорғаныс құралдарының қолданылуын,жұмыс режимін тексеру; жұмысшылардың уақытылы мед тексеруден өтуін қарау, 80-99дб шулы жерде жұмыс жасайтын болса 2 жылда 1 рет отолоринголог,невропатолог,терапевт тексереді, 100 дб-ден жоғары болса 1 жылда 1 рет тексереді; жұмысшыны шумен байланысы жоқ басқа жұмысқа ауыстыруды ұсыну. Шумен күресу шаралары техникалық, архитектуралы-жоспарлы, ұйымдастырылған және медико-профилактикалық болып келеді. Техникалық шаралар шу көзіне, берілу жолдарына бағытталады. Мыс:қондырғыларды конструкцияснда төменгі акустикалық қасиетті материалдарды қолдану, дыбыс оқшаулағыш терілерді қолдану,дыбыс оқшаулағыш камералар,кабиналар қолдану. Жоспарлы шаралар шу локализациясына және оның таралуын төмендетуге бағытталу керек. Шулы бөлмелерді ғимаараттың бір жағына топтастырылып,қосымша бөлмелермен,коридорлармен бөліну керек. Сонымен қатар жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамту, мед бақылау, жұмысшыларға күнделікті 2мг В1 витаминін, 50 мг С вит қабылдау ұсынылады(2 апта 1 апта сайын), санаторлық-курорттық емдер,демалыстар беру, жұмыс жағдайын дұрыс ұйымдастыру.
2005 ж 24-наурыз №139 «Жұмыс орнындағы шу деңгейіне қойылатын гиг нормативтер туралы» 2005ж 8-шілде №334 «Өндіріс нысандарының жобасына қойылатын талаптар» №709 бұйрық «Кезеңді және алдын ала мед тексеру туралы» №1.02.007-94 «Сан нормы допустимых уровней шума на рабочих местах»
