- •Кезеңді тексеру кезінде эмө
- •Полиметалдық рудникте жарылғыш
- •Педагогикалық институттың компьютер орталығындағы 20 жұмыс орыны бар
- •Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
- •Үй құрылыс комбинатының кассет цехының микроклиматын зерттеген кезде
- •Полировальды машина жұмысшы әйелі (33 жаста)
- •Ультрадыбысты құрылым зауыт цехының орталығында қондырылған.
- •Карбонильді әдіспен никель өндіруші цех зауытында жалпы желдету.
- •Мұнай скважиналарына жөндеу жүргізгенде топырақ ластанған.
- •Синтетикалық жуғыш өнеркәсіп алаңында заттарды өндіру цехын жағалай, қатты жабынды төсеген.
- •Фермер шаруашылығына пестицидтер әкелінді
- •Көмір шахта учаскесінде көмір комбайн көмегімен шығарылады
- •Биохимиялық зертханада жасанды жарықтандыру деңгейі: люменисцентті лампалардан 200 – 250 лк.
- •Машина құрылысы зауытының жұмысшысы к.И. Ахметов
- •Түсті металлургия өндірісіндегі еңбек жағдайларын зерттеу нәтижесінде
- •Кезеңді медициналық тексеру кезінде темір соғатын
- •Видеодисплей терминал операторының жұмыс бөлмесінде
- •Темір соғатын зауыт цехындағы штампылаушы жұмысшы
- •Медициналық тексеру кезінде шлифовальды машинаның жұмысшысы
- •Мейірбике №2 перзентханаға жұмысқа қабылданды.
- •Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.
- •Мұнай өңдеу зауытында 1 жылдың ішінде екі жұмысшыда өкпенің қатерлі ісігі
- •Мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыт
- •Механизацияланған ұсталар цехында жазғы уақытта жұмыс істеу зонасында
- •Цехтың тұрақсыз жұмыс орындарында орташа ауырлықта ( II категория ) жұмыс орындалады.
- •Бетон өндіретін үй салу комбинатында құрамына кремнийдің 60% бос қос тотығы бар силикатты
Көмір шахта учаскесінде көмір комбайн көмегімен шығарылады
2009 ж. 16-қарашадағы №709 « Міндетті медициналық тексеріп қараулар өткізу ережесі»; 2009 ж. 12-қарашадағы №706 бұйрық «Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, есеп жүргізу ережесі»; 2010 ж. 11-тамыздағы №628 бұйрық «Көмір өндіру обьектісіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ; №1.02.11-94 « Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК».
Жұмысшыда шаң әсерінен пневмокониоздар дамиды, оның ішінде антракоз, силикоз, шаңды бронхит дамуы мүмкін.Бұл жұмыс орнындағы шаңның концентрациясы 4-120 мг\м3 дейін. «Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК» көрсетілген көрсеткіш бойынша көмір шаңы концентрациясы 16 мг\м3 аспауы қажет. Бұл ШРЕК бойынша максимальды көрсеткіш болып табылады. Жұмыс орнындағы көмір шаңы құрамы адам организміне зиянды әсер ету класы бойынша 4 (қауіптілігі төмен) классқа жатады.Көмір шаңы аэрозольі организмге фиброгенді әсер етеді. Ал көмір шахтасындағы шаңның концентрациясы бірнеше есе артқан. Сондықтан, жұмысшыда пневмокониоз дамып отыр. Шахта жұмысшыларында сонымен қатар техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмауынан- әртүрлі жарақаттар, организмнің үнемі салқындауы, киімнің сулануы себебінен тұмау, жоғары тыныс жолдарының катары, ангина,терінің үнемі шаңмен ластанып, арнайы киімнің ылғалданып, шаңдануы-терінің зақымданып, іріңді аурулардың дамуыеа әкеледі. Жұмысшыда дамыған пневмокониоз түрі көмір түріне, қаттылығына, көмір құрамындағы кремний диоксиді процентіне және шахтадағы жұмыс стажы мен ауаның шаңдану дәрежесіне байланысты болады. Шахтада әртүрлі жұмыстар машиналар құрылғыларымен жүргізілуіне байланысты вибрациялық ауру дамуы да мүмкін. Жұмысшы А-да есту нервісінің невриті мен шудың патологиялық симптомдары да орын алуы мүмкін. Бұл шу ауруының дамуы комбайн, әртүрлі машиналар дыбысы әсерінен болуы ықтимал.
Жұмысшыны толық медициналық тексеруден өтуге,-ауруына байланысты ем алуға, - 14 шахта жұмысшыларын бақылауға алу,--жұмыс орнын тексеру, -жұмысшылар еңбек жағдайын тексеру, - көмір шаңы концентрациясын нормалауды талап ету, --жұмысшылардың міндетті медициналық бақылаудан өткендігін тексеру, --А-жұмысшыны медициналық қорытындысына байланысты өндіріс факторларымен байланысы жоқ жұмыс түріне ауыстыруына ұсыныс беру.
Биохимиялық зертханада жасанды жарықтандыру деңгейі: люменисцентті лампалардан 200 – 250 лк.
Жеткілікті емес. Қалыпты жағдайда биохимиялық зертханада жарықтандыру 300 лк, ал аралас болса – 500 лк болуы керек. Жарық көздері еденнен 2,6 м биіктікте болуы қажет.
Жарықтандыруды люксметр құралымен өлшейміз. Құралдың жұмыс істеу принципі екі жарықты салыстыруға негізделген біреуі зерттелетін жарық, ал екінші қалыпты нормаға келтірілген жарық (визуалды люксметр немесе объективті люксметр). Люксметрді фотометр деп те атайды. Визуальды люксметрде жарық айқын өрісінің теңдестіруі көздің көмегімен жүргізіледі. Бұл өлшеудің жақтылығы жеткіліксіз болып табылады. Өйткені бұл бақылаушы субъективті қасиеттеріне яғни оның көзінің қасиеттеріне шаршау деңгейіне байланысты. Сондықтан қазіргі кезде санитарлық практикада объективті лк қолданылады. Онда көз қызметін селенді фотоэлемент атқарады. Объективті лк : фотоэлементтен және оған жалғанған стрелкалы гальванометрден тұрады. Фотоэлемент қышқылдардан тазартылған темір пластинкадан тұрады. Сырты селенмен қапталған. Оның сырты алтын немесе платинамен қапталады. Бұл электродтың қызметін атқарады. Механикалық зақымдалудан қорғау үшін оның сырты түссіз лакпен боялады. Ұстауға ыңғайлы болуы үшін ұстағышы болады. Ол шыны тәрізді болады. Бұл шыны фотоэлементті тікелей күн сәулесінен қорғайды. Фотоэлементтің жұмыс істеуі, жарық сәулелері фотоэлементтердің қабылдағыш бөліміне түскеннен кейін оның фотобелсенді қабаты селенде, алтын немесе платина қабатының шегінде электрондардың ағыны пайда болады. Бұл сыртқы тізбекте фото тоқ құрайды. Соның әсерінен гальванометрдің стрелкасын жарықтанудың интенсивтілігіне сәйкес өзгереді. Қазіргі кезде қолданылатын объективті лк: Ю16.
Жалпы білім беретін мектептердегі мектеп интернаттарда орта кәсіптік және техникалық мамандандыру мекемелерінде жалпы жарықтандыру – 400 лк кем болмау керек. Техникумдарда және жоғарғы оқу орынарында оқу кабинеттерде – 400лк болады. Информатика және есептеуіш техникум кабинеттерде дисплей экранында 200 лк ал жұмыс столдар мен парталарда 400 лк. Сызу және сурет кабинеттерде – 500 лк. Шеберханаларда – 300 лк. Спорт залдарда – 200 лк. Жабық бассейнде – 150 лк. Акт залдары – 200 лк. Мұғалімдер кабинеті – 300 лк. Рекреация – 150 лк. Оқу орындарында қыздыру н/е люминис/к шамдар қолд/ы, бір бөлмеде екеуін бірге қолдануға болмайды. Люминис/к шамдар жарық түсіретін қабырғаға параллель орнал/ы, сыртқы қабырғадан 1,2 м ж/е ішкі қабырғ/н 1,5 м қашықтықта орналасады. Шамдарды жылына екі реттен кем емес тазалап тұру қажет, күйіп кеткендер уақытында алмастырылуы қажет.
СанПиН 2.04.05.2002 «Табиғи және жасанды жарықтану» 9 қосымша таблица 9.1
