Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полугод 2015ж .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

Картоптың жан-жақты ауруы.

Мониторингтік тексеру Ақжар,Үржар, Бестерек, Науалы ауылдық округіне қарасты 160 га картоп егістігі фитофтороз, фузариоздық солу, картоп жапырағының вертилезді оралып солуы, альтернариоз, макроспориоз және вирустық аурулар: жолақты, теңбілді мозайка, қатпарлану мозайкасы, столбур және сабақтарының шектен тыс көбеюі ауруларына мониторингтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Ақжар ауылдық округіне қарасты "Райымбек" шаруа қожалығының 60 га жер телімінің 4 гектары 8 маусым күні мониторингтік тексеру жұмысында альтернариоз ауруымен залалданғаны тіркелді. Ауру картоп жапырағында және картоп түйнегінің өсуі фазасында анықталды. Ауру қоздырғышы - Alternaria solani. Альтернариоз ауруы бірнеше формада айқындалады. Конидия желмен, жауын-шашын тамшыларымен, зиянкестерменде таралады. Қоздырғыш устьица арқылы кутикулаға кіріп инфекциялы емес өскінмен өсіп өсімдік ішіне еніп, саңырауқұлақ жасушааралықта дамиды. Саңырауқұлақ альтернариялық қышқыл бөліп сабақ, жапырақ, буынаралық некрозға әкеліп соқтырады.

Ал 17 маусым күні осы ауылдық округтің "Амантай" шаруа қожалығында 20 га картоп алқабының 10 гектарынан альтернариоз және фитофтороз ауруы анықталды. Ауру қоздырғышы - Alternaria solani және Phytophthora infestans. Фитофтороз картоп жапырағын, сабағын және түйнекті залалдайды. Алғашқы белгі өскінде, төменгі жапырақта, жапырақ сабағында байқалды. Қою қоңыр түсті дақ пайда болған, кейбір жапырақ қарайып қурап қалған. 22 маусым күні Бестерек ауылдық округіндегі "Тазабек" шаруа қожалығының 20 га картоп егістігінің 3 гектарынан альтернариоз ауруы тіркелді.

30 маусым күні Науалы ауылдық округтің "Махамбет" шаруа қожалығында 40 га картоп алқабының 10 гектарынан альтернариоз ауруы анықталды. Ауру қоздырғышы - Alternaria solani. Картоп бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Аурулардың қоздырғыштары саңырауқұлақтар. Картоп аурулары өнім түсімін, түйнектердің тауарлық құндылығын төмендетеді. Дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік картоптың қалдықтары көбейеді және нашар сақталады. Себебі тұқымдық материалға байланысты болып отыр. Шаруа қожалық басшыларына, картоп тұқымын егу алдында сұрыптау жұмыстарын жүргізуді іске асыру ескертілді.

Үржар ауданы бойынша картоптың альтернариоз ауруының таралуына мәлімет.

р/с

№

Ауылдық округ атауы

Тексерілді мың.га

Залалданған

Барлығы

Соның ішінде саты бойынша

төмен

орташа

жоғары

ЭЗШ-тен жоғары

Таралуы

Дамуы

1

Ақжар

0,08

0,014

0,010

0,004

-

-

5,7

2,7

2

Үржар

0,02

-

-

-

-

-

-

-

3

Бестерек

0,02

0,003

0,002

0,001

-

-

7,0

3,0

4

Науалы

0,04

0,010

0,005

0,005

-

-

6,5

2,6

Барлығы:

0,16

0,027

0,017

0,01

-

-

5,3

2,4