География
1. Қазақстан құрамындағы облыс саны: A) 13 B) 15 C) 12 D) 14 E) 19 |
2. Жердегі жарық түсу белдеулері: A) 5. B) 4. C) 2. D) 13. E) 6. |
3. Қазіргі кезде географиялық қабықты өзгертетін негізгі фактор: A) Ішкі процесс. B) Жер бедері. C) Антропогендік. D) Сыртқы процесс. E) Климат. |
4. Қазақстан Республикасы ... A) Коституциялық Монархия. B) Абсолютті Монархия. C) Унитарлық Республика. D) Бейтарап мемлекет. E) Федеративті Республика. |
5. Қазақстанда ең маңызды көмір алабы ... орналасқан: A) Орталық Қазақстанда. B) Солтүстік Қазақстанда. C) Шығыс Қазақстанда. D) Оңтүстік Қазақстанда. E) Батыс Қазақстанда. |
6. Қазақстандағы кеме жүруге ең қолайлы өзен: A) Іле. B) Орал. C) Ертіс. D) Тобыл. E) Есіл. |
7. Халықтың тығыздығы ең жоғарғы аймақ. A) Еуропа. B) Африка. C) Австралия. D) Оңтүстік Америка. E) Солтүстік Америка. |
8. АҚШ халық саны жөнінен ... кейін тұр. A) Бразилия, Мексикадан. B) Жапония, Нигериядан. C) Пәкістан, Нигериядан. D) Ресей, Бангладештен. E) Қытай, Үндістаннан. |
9. Австралияның машина жасау орталықтары. A) Канберра. B) Перт. C) Дарвин. D) Сидней. E) Ньюкасл. |
10. Орташа таулардың биіктігі: A) 200м.ден-жоғары. B) 0ден-1000м.дейін. C) 1000м.ден-2000м.дейін. D) 100м.ден-200м. дейін. E) 200м.ден – 300м. дейін. |
11. Елдердің орналасуын және шекараларын бейнелейтін карта: A) топырақ B) климаттық C) физикалық D) саяси E) тектоникалық |
12. Биіктік белдеулердің саны ... байланысты A) ауа массаларына B) таулардың мұхитқа жақын орналасуына C) табиғат кешендерінің азоналылығына D) қыраттардың орографиясына E) таулардың биіктігі мен географиялық орнына |
13. Антарктида құрлығының ашылған жылы: A) 1824ж. B) 1810ж. C) 1823ж. D) 1820ж. E) 1828ж. |
14. Қазақстаннан ағып өтетін (транзитті) өзен. A) Іле. B) Ертіс. C) Қаратал. D) Жем. E) Аягөз. |
15. Қазақстанның шөлейт жерлерінде қандай топырақ түрлері басым A) Қоңыр орман топырағы. B) Қызыл қоңыр орман топырағы. C) Қара топырақ. D) Сұр топырақ. E) Ашық қызғылт топырақ. |
16. Республикамыздағы ең ірі жылу электр станциялары: A) Рудный, Ақсуда. B) Алматы, Қызылордада. C) Атырау, Арқалықта. D) Екібастұз, Таразыда. E) Қарағанды, Астанада. |
17. Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына мамандандырылған саласы: A) Қой шаруашылығы. B) Мал шаруашылығы. C) Техникалық дақылдар. D) Жем-шөптік дақылдар өсіру. E) Астық өсіру. |
18. Дүние жүзі бойынша шойын мен болатты балқыту жөнінен халықтың жан басына шаққандағы бірінші орынды /10 т/ ... мемлекет алады. A) Лихтенштейн. B) Люксембург. C) Либерия. D) Ливия. E) Лесото. |
19. Кофенің отаны: A) Эфиопия. B) Сомали. C) Судан. D) Алжир. E) Конго. |
20. Европа ... «эреб» - бату деген сөзі. A) испандықтардың B) финикиялықтардың C) римдіктердің D) гректердің E) македондықдардың |
21. Қазақстан территориясында Қаратау жотасынан солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай соғатын жел. A) Сайқан. B) Арыстанды-Қарабас. C) Муссон. D) Бриз. E) Ебі. |
22. Марқакөл қорығының эндемик-балығы. A) Шабақ. B) Мөңке. C) Алабұға. D) Сазан. E) Табан балық. |
23. Қазақстан халқының ұлттық құрамы A) Көп ұлтты B) Аз ұлтты C) Үш ұлтты D) Екі ұлтты E) Бір ұлтты |
24. Орталық Қазақстанда қала халқының басым болу себебі: A) Қуатты жылу электр орталығының болуы. B) Темір жол магистральдары өтеді. C) Географиялық орны қолайлы. D) Жер көлемі үлкен. E) Аса маңызды индустрия орталығы. |
25. Күн тасы – янтарь өндірілетін аймақ: A) Қара теңізде. B) Балтық теңізінде. C) Солтүстік теңізде. D) Азов теңізінде. E) Норвег теңізінде.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
