Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык техн карт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Туған қаламызға саяхат.

Мақсаты: 1. Өздері тұратын қала (ауыл) туралы білімдерін жүйелеу және байыту.

2. Алматы қаласы туралы мәліметтер беру және өздеріне әңгімелету арқылы ақыл-ойларын ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту..

Әдіс-тәсілдер: түсіндір, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс: бақша-қала

Билингвальді компонент: қала-город, ғимарат-здание, көше-улица.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

-Қайырлы таң, балалар! Біздің топқа хат келді. Хатты мен сендерге оқып берейін.

Кәне, тыңдаңдар:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қарлығашпын .Мен сендерді Алматы қаласына саяхатқа шығуға шақырамын. Сендерге Алматы қаласының картасын сыйлаймын.

Дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін біледіреді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

1.Білімді өзектендіру.

Алматы қаласының суретін көрсетіп, балаларға сұрақ қояды.

-Суретте бейнеленген қала қалай аталады?

Алматы қаласының тұрғындарын қалай атайды?

2.Билингвальды компонент: қала-город, ғимарат-здание, көше- улица.

3. Алматы қаласы туралы әңгіме.

-Алматы –Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Іле Алатауының баурайында орналасқан. Алматы халық саны өте көп тұрады. Әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған.

Көктем маусымында оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы- алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Қалада әсем ғимараттар, саябақтар өте көп. Көлік түрлерінің бәрі жүреді.

4. Сергіту сәтін өткізу.

-Алматы қаласы

-Алматылықтар.

Қайталайды.

Тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақ- жауап арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

1.Алматы қандай қала?

2.Ол қандай таудың баурайында орналасқан?

3.Оны неге «бақша қала» деп атайды?

4. Қандай алманың түрі өседі?

5.Өздерінің тұратын қала (ауыл) туралы не айтасыңдар?

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Алматы қаласы туралы білетін тақпақтарын айтады. Өздері тұратын туған қала(ауыл) туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Алматы қаласы туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы.

Игереді: Алматы қаласы туралы мәліметтерді.

Меңгереді:Алматы қаласы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алуды меңгереді.

Өткізген: Шетірова Ә.Б

Өткізген күні: 06.02.2015

Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Ауа қайда тығылды?

Мақсаты: 1.Тәжірибе жұмысы арқылы ауаның барлық жерде бар екенін түсіндіру.

2. Тіршілік үшін ауаның маңызы зор екендігін ұғындыру.

3. Өсімдіктер ауаны тазартатындығын естерін түсіре отырып, табиғатты сүюге баулу, оны қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекі құралдар: жұмсақ қалқанқұлақ ойыншығы, үрлемелі шарлар, сабан, таза су құйылған стакандар, қоңырау, қорапшалар, целлофан қалта, таспа.

Сөздік жұмыс: ауа

Билингвальді компонент: таспа-лента, ауа-воздух, әуе шары-воздушный шар, қоңырау-колокольчик.

Оқу

іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Шаттық шеңбері.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Адамдар кездескен кезде бір-біріне саулық тілеп, жылы лебіздерін білдіріп амандасады.

Бүгін мен де сендерге

Амандық-саулық тілеп амандасамын!

-Сендердің алдарыңда қорапшалар тұр.Қорапшалардың ішінен ең ақылды, ең алғыр балалар көресіңдер.Кәне, бәріміз ашып көрейік, бұл кімдер екен?(Әр қорапшаның ішінен айна шығады да, балалар айнадан өздерін көреді).Енді бір-бірімізге күлімсіреп, «Әлемдегі ең жақсы балалармыз!» деп айтайық. Осы көңіл күймен сабақты бастайық.

2. Таңғажайып сәт.

-Бізге қонаққа ертегідегі ең сүйікті кейіпкеріміз-Қалқанқұлақ келді.Ол ауа туралы білгісі келеді екен. Ауаны іздеп тауып, ұстап көргісі келеді. Қалқанқұлақпен ауаны іздеуге дайынсыңдар ма? Алға!

Шаттық шеңберге тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қызығушылығын көрсетеді.

Қонақпен амандасады.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

-Ауа дегенді қалай түсінесіңдер?(онымен біз тыныс аламыз).

-Кәне, ұстап көрейікші, оны ұстауға бола ма?(Жоқ)

Билингвальді компонент: таспа-лента, ауа-воздух, әуе шары-воздушный шар, қоңырау-колокольчик.

Ауа-адам, жануар және өсімдіктер тіршілігіне керек зат.

Тәжірибе жұмысын жүргізу.

-Ауаның бар екеніне көз жеткізу үшін, Қалқанқұлақ екеуміз бірнеше тәжірибе жасап көруді ұсынамыз.

Тәжірибе жасау.

-Қалқанқұлақ өзімен бірге сиқырлы қорапша алып келіпті. Ішінде не бар екен, қарап көрейік.

Бір-бір таспадан алып, үрлеп көріңдерші.

Не байқап тұрсыңдар?

-Жарайсыңдар!

-Бұл қорапшада тағы нелер бар екен?

(Үрлемелейтін шар)-Енді онымен не істейміз? (Үрлеп, ішіне ауа толтырамыз). Шарды үремін. Оған не болды? (Оны үрлеп, ішіне ауа толтырдық).

-Өте жақсы! Қалқанқұлақтың қорапшасында тағы не бар екен?

(Қоңырауды алып шығады).

-Иә, бұл қоңырау, ол бізді демалуға шақырады.

Сергіту сәті:

Көзге ілінбейтін,

Жұтсаң білінбейтін

Ауаны біз іздейік.

Аузымызды жабайық,

Терең тыныс алайық!

Тәжірибе жұмысын одан әрі жалғастыру.

-Үстелге жақындап, су құйылған стакан мен сабынды алайық. Сабанмен суға үрлеңдер. Не көріп тұрсыңдар?

-Бұл не екен?

Сұрақтарға жауап беріп, бұрыннан білетіндерімен бөліседі.

Қайталайды.

Тыңдап, айтқанын істейді.

-Таспалар

-Шарлар

-Олар қозғалады,

өйткені біз аузымызбен үрледік.

-Қоңырау

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды.

-Түбінен көпіршіктер көтеріле бастады.

-Ауа

Рефлексиялық-түзетушілік

-Таспалар желмен қозғады, шарлар үрленді; целлофан қалтаға ауа жинадық. Неге балар қозғалады, өйткені ауаның көмегімен үрледік; шардың көлемі үлкейді, өйткені біз оның ішін ауамен толтырдық. Шешім: біздің айаламызда ауа көп, біз онымен тыныс аламыз, бірақ көрмейміз, егер ауа болмаса, тіршілік тоқтайды.

Жасалған тәжірибелер нәтижесі бойынша сабақты талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: дәптерде берілген тапсырманы;

Түсінеді: тәжірибе жасау арқылы ауаның маңызы туралы мәліметті және ауаның тіршілік үшін зор маңызы бар екенін;

Қолданады: ауаның маңызы туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу және қарапайым тәжірибе жүргізе білу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:Әдемі шырша.

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Мақсаты:жаңажылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып, бүктеп жасай білуге үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:жасыл, қоңыр қағаз, желім, қылқалам және көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс:шырша, жаңажылдық ойыншықтар.

Билингвальды компонент:Жаңа Жыл -Новый Год, шырша-елка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жаңа жыл мерекесі туралы балалармен әңгімелесіп,ән салып, би билейтіндерін, жаңа жылдың көркі, сәні жасыл шыршаны біз бүгін қағаздан қиып жасаймыз деп, шырша туралы тақпақ оқып беремін.Үлгіні талдау жасайды.

Балалар шыршаның суретін қарап көреді, шырша не үшін керек екенін түсінеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға жасыл түсті қиылған шаршы қағаздың бірнешеуін балаларға таратып беремін, оны диагоналы бойынша үшбұрыштап бүктеуді көрсетемін, бірнеше үшбұрыш жасауды ұсынамын.Қоңыр түсті қағазды алып оны ортасынан бүктеп көрсетемін ол шыршаның діңі болады.Енді осы үшбұрыштарды бір-біріне үшбұрыштың төбесіне желім жағу арқылы жапсырамыз.

Үшбұрышты бүктеуде дұрыс болуын, саусақтармен бүктеу сызығын бастырып, тегістеу керектігін көрсетемін.Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады.Жұмысты аяқтаған балалар оның айналасына ұсақ суреттер немесе ойыншықтар қойып, ойын ойнаумен жалғасады.Өздері білетін шырша туралы өлең , тақпақтарын айтып береді.

Балалар жасыл түсті қағазды бүктеп үшбұрыш жасайды, бірнеше үшбұрыштарды бір-біріне желімдейді.Қоңыр түстіқағаздан оның діңін жасап, оны орналастырады.Шырша әдемі болу үшін оны безендіреді, алдын ала қиып дайындалған түрлі түсті дөңгелектерден шырша ойыншықтарын іледі.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың іс-әрекетін қорытындылап, жақсы жасалғандарын атап өтіп, шыршалардың дұрыс жасалғандарын бағалаймын,кейбір жұмыстарға жеке көмек көрсетемін.

Балалар өздері қандай шырша жасағандарын айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды және оны бүктеу арқылы үшбұрыш жасауды;

Игереді:қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп бүктеу ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;

Меңгереді:қағаздан ұқыпты жұмыс жасаауға және оны кеңістікте дұрыс орналастыруды.

Картаны толтырған күні:06.01.14ж.

Картаны толтырған:Шетірова Ә.Б.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:"Мойынорағыш пен баскиім"

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Мақсаты:қыстық киім туралы түсініктерін кеңейту; қуыршаққа арналған мойынорағыш пен баскиімді әртүрлі пішіндерден жасауды үйрету; ұқыптылыққа, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс:аяз.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен

Тек сөйлеуді білмейді.

(Қуыршақ)

Үлестірмелі материалдағы суретке қарап отырып әңгіме құрастыртамын.

-Балалар, біздің тобымызға Әйгерім деген қуыршақ қонаққа келіпті.-Кәне, қонағымызбен амандасып, оның бізге қандай өтініші бар екенін тыңдайық.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.

Үлестірмелі материалдағы суретке қарап, өздерінің білгенінше әңгімелеп береді.

Балалар қуыршақпен сәлемдесіп, оның өтінішін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Сендермен бірге ойнап, серуенге мен де барсам,- дейді.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа- райы қандай?

Қыста далада аяз болады.

Сөздік жұмыс:аяз.

-Адамдар қыста қалай киінеді?

-Ал Әйгерім қалай киініп алыпты?

Әйгерім нені киюді ұмытыпты?

Қыстыгүні далаға жалаңбас шығуға бола ма?

-Әйгерім бізбен бірге серуенге шыға ала ма?

-Дұрыс айтасындар себебі оның баскиімі мен мойынорағышы жоқ екен.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

-Балалар,біз Әйгерімге баскиім мен мойынорағыш жасап берейік, сонда ғана ол таза ауаға бізбен бірге шыға алады.Өзім дайындаған үлгіні көрсеттім.

Сергіту сәті.

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз,

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-әжем.

Ортан терек-әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Кішкене бөбек-мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп түсіндіремін.

-ермексазды жұмсартып, екі бөлікке бөлеміз;

-алақанға салып айналдыра отырып домалақтаймыз;

-домалақты жалпақтап, бас бармақпен ортасынан басып, қуыс жасаймыз;

-екіншісін "шұжықша"пішінге келтіріп, жалпақтаймыз.

Балалардың өз бетінше жқмысы:Шашақ тағу, тағы басқа әрлеу жұмыстарын жасауға көмектесемін.

"Қуыршақты киіндіру" ойынын ұйымдастыру.

Сұрақтарға жауап береді.

-Қазір қыс мезгілі.

-Суық.

-Аяз сөзін қайталайды.

-Жылы киінеді.

-Үстіне тон, аяғына жылы етік, қолына қолғап киеді.

-Оо мойынорағыш пен баскиім киюді ұмытпапты.

-жоқ.

-Шыға алмайды.

Билингвальды компонент: мойынорағыш-шарф, баскиім-головной убор.

сөздерін қайталайды.

Балалар саусақ жаттығуларын орындайды.

Жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.

Балалар бар ынталарымен Әйгерімге мойынорағыш пен баскиім мүсіндеуге кіріседі.

Қуыршаққа жыл мезгіліне байланысты киімдерді таңдап, қуыршақты киіндіреді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Әйгерім балаларға рақметін айтады.

-Балалар, бәріміз жылы киімдерімізді киіп, Әйгерімді өзімізбен бірге далаға серуенге алып шығайық. Ол енді жаурамайтын болды.

Балалар жасаған жұмыстарынӘйгерімге береді.Олар бәрі жылы киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен далаға серуенге шығады.Балалар мақтау мен мадақтауға ие болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:домалақ ермексаздың ішін қуыстау арқылы баскиім пішініне, сопақша ермексазды жалпақтау арқылы мойынорағыш пішініне келтіреді.

Игереді:қыстыгүні баскиім мен мойынорағыштың қажеттігін;

Меңгереді:ермексазды домалақтау, есу дағдыларын

Картаны толтырған күні: 05.01.14ж.

Картаны толтырған: Сырымбетова І.С

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:"Жоғарыда-төменде.Алыс-жақын. Логикалық тапсырма".

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты:таңертең(тан)-тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері:Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші)және санына қарай (бір-көп)салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:"Сиқырлы дорба"-1, әр балаға жәй қарандаш.

Сөздік жұмыс:жоғарыда, төменде.

Билингвальды компонент:жоғарыда-вверху, төменде-внизу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт.

"Сиқырлы дорба" ойыны.

-Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды.Қолдарынды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғаның айтындар.

-Балалар ойыншықтармен ойнағыларын келе ме?

2-3бала дорбаға қолдарын салып ойыншықтарды айтады.

-Ойнағымыз келеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

"Мысық-тышқан"ойыны.

-Балалар, мен мысық ұйықтап жатыр дегенде, тышқандар мысыққа жақындайды.Ал мысық оянды деген кезде тышқандар мысықтан алысқа қашуы керек.

"Жоғарыда-төменде"ойыны.

Балаларға саты туралы жұмбақ жасырамын.

Әр өрнегін мінемін,

Өрге қарсы жүремін.

Басқан сайын қадамды,

Ұстап келем білегін.

(Саты)

Сатының суретін көрсеетеемін.

Сұрақтар қоямын.

-Сатының жоғарғы жағында кім тұр?

-Сатының төменгі жағында кім тұр?

-Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек?

-Сонда ол қай жерде болады?

-Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеуі керек?

-Сонда ол қай жерде болады?

Сөздік жұмыс:жоғарыда, төменде.

Билингвальды компонент:жоғарыда-вверху, төменде-внизу.

Сергіту сәті:Саусаққа арналған жаттығуын орындайды.

"Шаршыны тап және қорша"ойыны.

-Балалар, маған мына суреттегі заттарды атап беріндерші?

Мұқият тыңдап, айтқаным бойынша орындайы.

Жұмбақтың жауабын шешеді; саты.

-ұл бала.

-қыз бала.

-Жоғары көтерілуі қажет.

-жоғарыда болады.

-төмен түсуі керек.

-төменде болады.

Билингвальды компонент:жоғарыда-вверху, төменде-внизу.

қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

"Ұшты-ұшты" ойыны.

Балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың(ұшақ, тікұшақ, шар, батпырауық, гүл, бала, және т.б.)атын атауы сұраймын.

Балалар ұшатын зат айтылса қолдарын жоғары көтереді, ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді:алыс-жақын, жоғары-төмен;

Түсінеді:заттардың кеңістікте орнадласу бағдарын: жақын-алыс;

Қолданады:заттардың геометриялық фигуралармен салыстырудағдысын;

Картаны толтырған күні:07.01.14ж.

Картаны толтырған:Шетірова.Ә.Б

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы:денсаулық.

Оқу іс-әрекеті:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Жаңа жыл,жаңа жыл.

Мақсаты:Допты лақтырған соң қолды түзу ұстауды бекіту.Қимыл үйлесімділігін,сап-тізбекте өз орнын таба білу қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:шырша жабдықтары,доп.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-«Жаңа жылға»қонаққа қалың қарды омбылап барамыз.тізені жоғары көтеріп жүру.Сап тізбекте бірінің артынан бірі жай және шапшаң жүру,жүгіру.

Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру кезеңі

Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

1.Қолымызды жылытайық.Қолды алға созып,алақанды жоғары-төмен аудару;алақанды ысқылау,алақанды үрлеу және ыстық деу.5-6рет.

2.Допқа қара.аяқ иық деңгейінде,қол доппен желке тұсында.Допты бастан жоғары көтеру,допқа қарау.

3.Допты қой,ал.аяқ иық деңгейінде,қол доппен кеуде тұсында.Алға еңкею,допты еденге қою.алға еңкею,допты еденнен алу.4-5рет.

4.Допты жоғары.өкшеде отыру,доп қолда.Тізеге тұру,допты жоғары көтеру.4-5рет.

5.Тізеге тигіз.шалқадан жату,қол доппен бастан жоғары созулы.аяқты тізеден бүгіп,допты тізеге тигізу.4-5рет.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Қолды шетке созып аяқпен аттап-аттап жүру.

-Тізені бүгіп,қол алда жаймен жүру.

Қимылды ойын:

«ойыншықты әкел».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Педагогті мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды бөлім:

Қимыл-қозғалысы аз ойын.

«затыңды сақта»

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Қолды шетке созып,аяқпен аттап жүруді;

Түсінеді:жаттығулардың маңызын;

Қолданады:жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:Шетірова.Ә.Б

Күні:07.01.2015ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы:денсаулық.

Оқу іс-әрекеті:Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Жаңа жыл,жаңа жыл.

Мақсаты: Бөрене арқылы еңбектеп өтуді үйрету. Допты лақтырған соң қолды түзу ұстауды бекіту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:шырша жабдықтары,доп.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-«Жаңа жылға»қонаққа қалың қарды омбылап барамыз.тізені жоғары көтеріп жүру.Сап тізбекте бірінің артынан бірі жай және шапшаң жүру,жүгіру.

Педагогті мұқият тыңдайды,дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру кезеңі

Доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.

1.Қолымызды жылытайық.Қолды алға созып,алақанды жоғары-төмен аудару;алақанды ысқылау,алақанды үрлеу және ыстық деу.5-6рет.

2.Допқа қара.аяқ иық деңгейінде,қол доппен желке тұсында.Допты бастан жоғары көтеру,допқа қарау.

3.Допты қой,ал.аяқ иық деңгейінде,қол доппен кеуде тұсында.Алға еңкею,допты еденге қою.алға еңкею,допты еденнен алу.4-5рет.

4.Допты жоғары.өкшеде отыру,доп қолда.Тізеге тұру,допты жоғары көтеру.4-5рет.

5.Тізеге тигіз.шалқадан жату,қол доппен бастан жоғары созулы.аяқты тізеден бүгіп,допты тізеге тигізу.4-5рет.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Қолды шетке созып аяқпен аттап-аттап жүру.

-Тізені бүгіп,қол алда жаймен жүру.

Қимылды ойын:

«ойыншықты әкел».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Педагогті мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды бөлім:

Қимыл-қозғалысы аз ойын.

«затыңды сақта»

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Қолды шетке созып,аяқпен аттап жүруді;

Түсінеді:жаттығулардың маңызын;

Қолданады:жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:Шетірова.Ә.Б

Күні:09.01.2015ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы:шығармашылық

Оқу іс-әрекеті:Сурет салу.

Тақырыбы:Қар кесегі.

Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі,қар туралы түсініктерін кеңейту.Көк түс пен ақ түстің бір-біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету.Тіс пастасына сұқ саусақты малып,қар кесегін салуды үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері,тіс пастасы,сүрткіштер.

Сөздік жұмыс:қар кесегі.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалардан қазір жылдың қай мезгілі екенін сұраймын.

Жұмбақ жасырамын.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Ол не?

Иллюстрациялық суреттерді көрсетіп,қысқы табиғаттың ерекшеліктерін айтқызамын.Қардың түсі қандай болатындығын,қар жылдың қай мезгілінде жауатындығын,қыста қандай ойын ойнайтындарын айтуды сұраймын.

Сөздік жұмыс:қар кесегі.

Енді осы қарды көз алдарына елестетіп,қолдарымен ұстап,бір-бірлеріне лақтырған қимылды көрсетулерін сұраймын.

Жұмбақты шешеді.

Қыс мезгілі туралы суреттерді тамашалап,қардың қыста жауатынын,қыста қандай ойындар ойнайтындарын айтады.

Қайталайды.

Қар кесегін қалай жасау керектігін қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға қыс мезгілінің дайын үлгі суреті берілген сурет дәптерлерін таратамын.Сол дәптердегі дайын фонға сұқ саусақты тіс пастасына батырып,қар кесегінің бейнесін салуды ұсынамын.Қарды көп салып,үлкен қар үйіндісін жасауды ұсынамын.

Сергіту сәті:

Ақ көрпесін жапты да,

Аяз кенет аптыға,

Айналаны үрледі,

Ақ бораны гуледі.

Дайын сурет дәптеріне тіс пастасына сұқ саусақтарын батырып,қар кесегінің бейнесін салады.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың салған суреттерін мадақтап,өздерінен қалай салғандарын сұраймын.

Қар кесегін қалай салғандарын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды;

Игереді:қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын;

Меңгереді:сұқ саусақпен қар кесегін салуды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:Шетірова.Ә.Б

Күні:06.01.2015ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян»

Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету: қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, сүрткіш, ойыншық қоян.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ

Билингвальды компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Қайырлы күн, достар!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Армысың, шапағатты Күн –ана!

Армысың, шапағатты Аспан-ана!

Армысың мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!

Шеңберге тұрып, тәрбиешімен бәрге іс-әрекетті орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ал,қыстыгүні менің қайда мекендейтінімді кім айтады?

-Қыстыгүні далада мекен ететін тағы қандай жануарларды білесіңдер?

-Қоянның түсі, құлағы қандай болады?

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

-Балалар, өздерінің қояндарың болғанын қалайсыңдар ма?

-Балалар ұзын құлақ ақ қоянды жапсыруды үйреңгілерің келе ме?

Негізгі бетке (фонға) қоянның денесін жапсырамыз. Одан кейін басын және ұзын құлағын жапсырамыз.

-Балалар, қоянның құйрығы қандай екен? Құйрығын жапсырамыз.

-Қоянның аяқтары ұзын ба, әлде қысқа ма?

-Иә, аяқтары қысқа болады. Енді аяқарын жапсырамыз.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный.

Сергіту сәті:

Көжегім, тұршы

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киіміңді киші,

Балабақшаға қарай келші.

-Қыс мезгілі.

-Қыста

Рефлексиялық-түзетушілік

Күтілетін нәтиже:

Біледі:қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды және оны бүктеу арқылы үшбұрыш жасауды;

Игереді:қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп бүктеу ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;

Меңгереді:қағаздан ұқыпты жұмыс жасаауға және оны кеңістікте дұрыс орналастыруды.

Картаны толтырған күні:06.01.14ж.

Картаны толтырған:Шетірова Ә.Б.