Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык техн карт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шы ғармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Құламайтын қуыршақ»

Мақсаты: шар пішіндерімен, әртүрлі домалақтар жасауды үйрету; ойыншықтар туралы жалпы түсінік

беріп, құламайтын қуыршақпен таныстыру; тазалыққа, эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеуү

Қолданылатын құрал-жабдықтар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қуыршақтар

Әй,қуыршақ,қуыршақ

Жуынбайсың жуынсақ.

«Жат» десе де жатпайсың,

Бола берме ұрыншақ,

Құламайтын қуыршақ.

У.С.Ахметова

Сөздік жұмыс: ұрыншақ.

Балалар құламайтын қуыршақ туралы түсінік алады.

Ұрыншақ сөзін қайталайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

-Балалар, суреттен қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?

Билингвальды компонент: құламайтын –неваляшка.

-Олардың киімдерінің түсі қандай екен?

-Қайсысы биік, қайсысы аласа?

-Неге оларды құламайтын қуыршақ деп айтады?

-Қандай геометриялық денелерден құрастырылған?

-Ең үлкен дөңгелек- денесі, орташа дөңгелек- басы, кішкене дөңгелектер – қолдары.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

-ермексазды жұмсартамыз;

-алақанға салып домалақтаймыз;

-үлкен бөлік-денесі, кіші бөлік басы;

-екі бірдей кіші домалақтар – қолы;

-бөліктері біріктіріп, қосылған жерлерін тегістейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Көзін, мұрын, аузын жасауға көмектесемін.

Сергіту сәті.

Алақай-ау, алақай,

Ән шырқайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, алақан.

А.Асылхан

Балаларға өздерінің жасаған қуыршақтарына ат қойдыру.

Қуыршақпен ойын.

-Құламайтын ойыншықтарды, қоянды, аюды.

«Құламайтын қуыршақ - неваляшка» сөзін қайталайды.

-Әртүрлі.

-Қуыршақ биік, аю орташа, қоян аласа.

-Домалақ, шарлардан

-Екі қолы бірдей домалақ.

Балалар дайын үлгіні тамашалайды.

Жұмысты орындалу тәсілін бақылайды.

Қуыршақты мүсіндейді.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардың жұмысын талдау,мадақтау.

Мазмұнды суреттегі қуыршақтармен бірге ойнауды ұсыну.

Балалар жасаған қуыршақтарына ат қояды.

Ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әртүрлі көлемдегі домалақ ермексазды біріктіреді, ұсақ элементтермен толықтыру арқылы қуыршақ бейнесіне келтіреді.

Игереді: неге құламайтын қуыршақтар деп аталатынын;

Меңгереді: әртүрлі көлемдегі ермексазды алақанға салып домалақтау тәсілін.

Өткізген:

Күні: