Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_2013_kaz.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Адам анатомиясы – адам организмінің пайда болуы мен дамуы, түрлері, құрылыстары туралы ғылым. Анатомия адам денесінің бөліктері мен ағзаларының пішіндерін, құрылыстарын, орналасуларын және топографиялық қарым-қатынастарын, жасына, жынысына, жеке ерекшеліктеріне қарай жүйелі түрде қарастырады. Ол эмбриологияның, салыстырмалы анатомияның, антропологияның мәліметтерін кеңінен қарастырады, адам организмінің құрылысына қоршаған ортаның, әлеуметтік факторлардың, еңбек пен спорттың әсерлерін анықтайды. Анатомия медициналық білімнің негізі болып табылады, бұл пәнді игермей тұрып практикалық дәрігерге керекті басқа клиникалық пәндерді түсіну мүмкін емес. Анатомия қазіргі адамның құрылысын зерттеп қана қоймай, тарихи даму барысында адам организмінің қалыптасуын да зерттейді. Анатомия-1 пәнінің бағдарламасы адам денесінің құрылысын, оны құрайтын жүйелер мен ағзаларды, тіндерді қазіргі заманғы макро-микроскопиялық анатомияның, физиологияның, биологияның жетістіктері негізінде, организмнің жеке, жыныстық, жастық және пренаталді даму ерекшеліктерін, анатомиялық-топографиялық қатынастарын ескере отырып зерттеп білуге бағытталған.

Пәннің мақсаты: адам денесіндегі ағзалардың құрылысын, оны құрайтын жүйелерді, жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне қарай, анатомиялық-топографиялық қатынастарына қарай оқып біліп, алынған білімді клиникалық кафедраларда қолдану.

Пәннің міндеттері:

  • клиникалық ойлау қабілетін дамыту үшін ағзалар мен ағзалар жүйесінің құрылысы мен топографиясы туралы білімнің негізін қалыптастыру;

  • адам ағзаларының құрылысы мен қызметінің өзара әсері мен өзара тәуелділігі, тұтас организмнің сыртқы ортадағы өзгерістермен, еңбек және әлеуметтік факторлармен өзара әсері және өзара тәуелділігі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру;

  • қарап тексеру әдістерін игеру және жедел медициналық көмек көрсете алу үшін ағзалардың және олардың бөліктерінің орналасуы мен проекциясын анықтай алу;

  • адам мүрдесіне және адам денесінің ағзаларына биологиялық материал ретінде құрметпен және ұқыптылықпен қарау.

Білім берудің қорытынды нәтижелері

  • Білімді қалыптастыру- анатомиялық препараттармен және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізгі әдістерін; қаңқа сүйектерінің айырмашылық ерекшеліктерін, сүйек қосылыстарының түрлерін, буындардың жіктелуі мен биомеханикасын; бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуі мен қызметтерін; асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамырлар мен несеп-жыныс жүйелерінің анатомиясын, олардың құрылыстық ерекшеліктерін; ми мен жұлынның құрылысын; сезім мүшелерінің анатомиясын; жұлын және бассүйек нервтерінің түзілуі мен қызметтерін, олардың нервтендіру аймақтарын; қантамырлар және лимфалық жүйелердің анатомиясын; эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметтерін; бас, мойын, тұлға және қол-аяқ терісінің құрылыстық ерекшеліктерін; организмнің жүйелері мен ағзалар құрылысының жастық ерекшеліктерін; латын тіліндегі халықаралық анатомиялық номенклатураны.

  • Негізгі тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру- бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің айырмашылық ерекшеліктерін анықтауды; анатомиялық препараттардан сүйек қосылыстарының құрылымдық элементтерін табуды; мәйіттен бас, тұлға, қол- аяқ бұлшықеттерін көрсетуді; бас, мойын, кеуде және іш қуыстары мен кіші жамбас ағзаларын табуды; ми мен жұлынның бөлімдерін көрсетуді; жұлын және бассүйек нервтерін көрсетуді; мәйіттен бастың, мойынның, кеуде және іш қуыстарының, кіші жамбас пен қол-аяқтың тамырларын көрсетуді.

  • Коммуникативтік компетенцияларды қалыптастыру- топтағы басқа студенттермен дұрыс қарым- қатынас жасауды, сабақ кезінде өзін дұрыс студентке сай ұстауды, келешек дәрігерге тән қасиеттерді қалыптастыруды, аурумен дұрыс қарым-қатынас жасауды, ауруды алғашқы сыртқы тексеруден өткізу дағдыларына үйрену.

  • Құқықтық компетенцияларды қалыптастыру- ҚР ауруханалар мен емханаларындағы медициналық көмек көрсетудің құқұқтық негізі туралы; ҚР білім және денсаулық министрліктерінің бұйрықтары туралы; Денсаулық министрлігінің мүрделермен жұмыс жасау туралы бұйрықтарын.

  • Өзін-өзі дамыту - компьютермен жұмыс жасау дағдыларын, ақпаратпен өзінше жұмыс жасау дағдыларын; мамандықтық ақпаратпен жұмыс жасағанда сараптау дағдыларын; жұмыс бойында білімді үздіксіз жетілдіру дағдыларын; ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау дағдыларын; тесттерді, жағдайлық есептерді, рефераттарды, презентацияларды, портфолионы жасау, видеофильмдерге презентация жасау дағдыларын жетілдіру.

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білу керек:

  • анатомиялық препараттармен және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін;

  • қаңқа сүйектерінің айырмашылық ерекшеліктерін;

  • сүйек қосылыстарының түрлерін, жіктелуі және буындардың биомеханикасын;

  • бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуі және қызметін;

  • бас, мойын, қол, аяқ, кеуде, іш, жамбас астау ағзаларының топографиясын;

  • ас қорыту, тыныс алу, жүрек-тамыр және несепжыныс ағзаларының анатомиясы мен топографиясын, олардың құрылыс ерекшеліктерін;

  • жұлын мен мидың құрылысын;

  • сезім ағзаларының анатомиясын;

  • жұлын және бассүйек нервтерінің түзілуі мен қызметін, нервтендіру аймақтарын;

  • қан тамыр және лимфа жүйесінің анатомиясы мен топографиясын;

  • эндокриндік бездердің құрылысын, қызметін;

  • бастың, мойынның, тұлға мен қол-аяқтың тері жамылғысының морфологиялық-қызметтік сипаттамасын;

  • латын тіліндегі халықаралық анатомиялық номенклатураны.

Студент жасай алуы керек:

  • бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің айырмашылық ерекшеліктерін анықтай білу;

  • анатомиялық препараттардан сүйек қосылыстарының құрылымдық элементтерін таба білу;

  • мүрдеден бас, тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерін көрсете білу;

  • бас, мойын, кеуде, іш және жамбас астауы қуыстарындағы ағзаларды таба білу;

  • жұлын мен мидың бөліктерін көрсете білу;

  • жұлын және бассүйек нервтерін көрсете білу;

  • мүрдеден бас, мойын, кеуде, іш қуысы, жамбас астауы және қол-аяқ тамырларын көрсете білу;

  • адам денесіне ағзалардың, тамырлардың және нервтердің проекциясын анықтай алу.

Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері:

Пререквизиттер: - биология, адам анатомиясы бойынша мектеп бағдарламасы.

Постреквизиттер: - анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе 2, ішкі аурулар негіздері (пропедевтикасы), визуалді диагностика, жалпы хирургия.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Анатомия пәні және міндеттері. Организмдегі тіндердің, ағзалардың, жүйелердің жалпы сипаттамасы. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Остеология. Әлеуметтік және биологиялық факторлардың қаңқаның дамуы мен құрылысына әсері. Сүйек қосылыстарының түрлері. Бұлшықеттер және олардың қосалқы аппараты. Ішкі ағзалар туралы ілім. Эндокриндік және иммундық жүйелер. Тамырлар жүйесі. Нерв жүйесінің құрылысы. Сезім ағзалары.

Сабақтың түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу

2012-2013 оқу жылынан бастап І курстағы жалпы кредиттер саны 3 кредит (135 сағат). Олар былай бөлінеді:

Дәрістер – 5

Практикалық сабақтар – 40

СОӨЖ – 45

СӨЖ – 45

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]