- •1Тақырып Мәдени-тарихи контекстегі философия
- •2 Тақырып Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
- •3 Тақырып Антикалық мәдениеттегі философия
- •4 Тақырып Ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені
- •5 Тақырып Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
- •6 Тақырып Жаңа заман мәдениетіндегі батысеуропалық философия
- •7 Тақырып XIX ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия
- •8 Тақырып XIX ғ. - XX ғ. Басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
- •9 Тақырып Қазақ мәдениетіндегі философия феномені
- •10 Тақырып XX ғ. Кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия
- •11 Тақырып Болмыс философиясы
- •12 Тақырып Әлеуметтік философия
- •13 Тақырып Диалектика теориясының мәселелері
- •14 Тақырып Эпистемология
- •15 Тақырып Глобалдық мәселелер философиясы
7 Тақырып XIX ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия
XIX ғ. екінші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық қоғам жөне оның негізгі доминанттары. Техникалық прогресс индустриалдық қоғамның басты қүндылықтары ретінде. XIX ғ. - ғылымның «Алтын ғасыры».
Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік түғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім. Қосымша қүн және қанау. Қанаудың себептері. Айналма форма үғымы. Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік түғырнамаларына әсері. Маркс теориясы идеяларының батыстық адамның саяси-әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, әлеуметтік оптимизмінің артуына, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік теңдік стратегиясының нығаюына әсері.
Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген күштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтік социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириокритицизм мен махизм позитивизмнің жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген қүштарлық. Неокантианство және оның ғылыми зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы, Адамның жаңа өлшемі: «адам рәміздік жануар ретіыде».
А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизм. Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалык, қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.
8 Тақырып XIX ғ. - XX ғ. Басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофилдер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, соборлык үғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінің, үлттық өзіндік санасының өзгешеілігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер түғырнамасы. Орыс философтарының (Н.О. Лосский, С.Л.Франк, Н.Бердяев) діни-философиялық ізденістері. Күміс ғасырдағы орыс діни философиясының негізгі мәселдемесі.
Орыс діни философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.
9 Тақырып Қазақ мәдениетіндегі философия феномені
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар. Сопылық дөстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.
XVII-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-қүқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Космологиялық жене антропософиялык ілімдер (Доспамбет, Дулати).
Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмі.
Абай Қүнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.
Шекәрім Қүдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. алғашқы жартысындағы қазақ үлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялык тақырыптама. XX ғ. қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.
Қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің қазақ халқының үлттық өзіндік санасының қалыптасуына, өзінің этникалық қауымдастығын сана елегінен өткізуге әсері. Қазақ халқының патриоттық белсенділікке деген дүниетанымдық бағдарының қалыптасуындағы қазақ философиясының рөлі.
