Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фило.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

10 Тақырып XX ғ. Кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және посткеңестік философия

Маркстік ілімнің эволюциясыг. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік философияның дөрекіленуі жөне қасан қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.

КОКП XX съезі және рухани саланың либерализациялануы, оның «тоқырау» дәуіріндегі бәсеңдеуі. XX ғ. 60-жылдарының соңы - 80-жылдарындағы кеңестік философияның негізгі бағыттары. Диалектикалық логиканың қалыптасуына Э.В.Ильенковтың, Г.С.Батищевтің, П.В.Копниннің және т.б. әсері.

Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебінің қалыптасуы мен жетістіктері. Қазақстандық философтардың зерттеулерінің негізгі бағыттары: Ж.М. Әбділдин, М.И.Баканидзе, Н.Д. Джандильдин, Т. Жангельдин, Л.К. Науменко, А.Х. Қасымжанов, Г.А. Югай, Қ.Ә. Әбішев, А. Қасабек, Д.Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Орынбеков, Г.Ғ.Ақмамбетов, Қ.Х. Рахматуллин, М.Ш. Хасанов, Қ.Ш. Шулембаев және т.б.

Кеңестік маркстік философияның коммунистік идеология, кеңестік патриотизм мен үжымшылдықтың қалыптасуына, кеңестік өмір салтының басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес халқының бірлігінің артуына, патриотизміне, кеңестік қоғамның халықтары арасындағы интернационалдық байланыстардын нығаюына әсері.

ТМД елдеріндегі посткеңестік философияның жалпы сипаты. Кеңестік идеология «тиым салған» мұраға бет бүру. Үлттық мемлекеттер ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру.

Қазақ халқының мәдени және әлеуметтік бірдейлігін іздеу және табу жолдарын ойластыру. Қазақ философиясы мен мәдениеті тарихы бойынша зерттеулердің қалыптасуы: О.А. Сегізбаев, А. Қасабек, М.С. Орынбеков, Ғарифолла Есім, Т.Х. Рысқалиев, Ж. Әлтаев, Т.Х. Ғабитов, Қ.Ш. Нұрланова, Ж. Мүтәліпов, Д.С. Раев, Ғ.Т. Телебаев және т.б. Мәдениет философиясы мөселелерін қазақстандық зерттеулерінің қалыптасуы қайнарында: Б.Ғ. Нұржанов, А.А. Хамидов, А.Б. Наурызбаева және т.б. Қазақстандық қоғам тұрақтануының мәдени және өркениеттік түрғыда маңызды сауалдарын ой елегінен өткізу. Өркениеттік дамудың қазақстандық моделін іздестіру (Ғарифолла Есім, Ә.Н. Нысанбаев жөне т.б.). Жатсыну феноменін философиялық талдау (Қ.Ә. Әбішев, З.А. Мүқашев, А.А. Хамидов). Ғылыми зерттеу методологиясьшың мәселелері (Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Сәбит, М.Ш. Хасанов, М.З. Изотов жөне т.б.). Этникалық қатынастарды нығайту жолдарын және этникалық интеграция мәселелерін ойластыру, рухани қүндылыктық бағдарларды іздестіру (Б.Қ. Қүдайбергенов, Н.Ж. Байтенова, С.Е. Нұрмүратов). Посткеңестік философияның түрақты казақстандық қоғам орнатуға деген дүниетанымдық нүсқама мен бағдарлардың қалыптасуына, қазақстандық менталитеттің, қоғамда жүргізіліп жатқан реформаларды рационалды түсіну мен қабылдаудың калыптасуына, мәдени бірдейлік, үлттық қауіпсіздік сауалдарының қойылуы мен талқылануына әсері.

XX ғ. - XXI ғ. карсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

XX ғ. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, XX ғ. батыстық мәдениетінің қүндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі еркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттін дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX ғ. экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялык ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс).

Персонализм философиясының діни-философиялык ізденістері. «Құдайға оралу» және «Құдайға деген махаббат»~батыстық діни философтардың дүниетанымдық ұстанымы, батыстық адамның адамгершіліктік жетілуінің және кісілікке қайта оралуының жолы есебінде.

Мәдени талықсытпа және адамның одан шығу жолын іздестіруі. Мәдениет пен адам арасындағы жанжал. Адам өмір сүруінің қақтығыстары мен драматизмі, «бакытсыз сананың» қалыптасуы (психоанализ).

«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұкаралык мәдениет пен мәдени индустрияның әсерінен бір өлшемділікке ие болу. Бүқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылым мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.

Философия мен ғылым мәртебесінің сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалық позитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымнын логикалык-методологиялық мәселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

Батысеуропалық мәдениеттегі «адамның өлуі» феномені және адамның қайта оралуының себептері мен жолдарын философиялык кайта ойластыру. Структурализм философиясы. Постструктуралистердің философиялық ізденістері. Батыстық қоғамның генеалогиясы, социум мен адам өмірінің барлық салаларына биліктік қатынастардың еніп кетуінің матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы мәселесі М. Фуко.

Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. Постмодернизм философиясының калыптасуы. Постмодернистік ойлаудын өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм философиясы және батыстық мәдениет негіздемелерін сыни талдау. Постмодернистік философияның позитивтік бағдарламасы.