Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет.рек.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
681 Кб
Скачать
☆

7. Бақылау

Бастапқы білім деңгейін бағалау үшін бақылау тестар.

1. Науқас момың, мимикасы кедей, сөйлескенде қызуғушылығы жоқ.

1. апатия

2. көңіл басу

3. амбиваленттілік

4. дисфория

5. эйфория

2. Науқастың беті қуаныш бейнелейді

1. апатия

2. көңіл басу

3. амбиваленттілік

4. дисфория

5. эйфория

3. Науқас қозу жағдайда, бет әлпетінде ылазылық бейнеленеді

1. апатия

2. көңіл басу

3. амбиваленттілік

4. дисфория

5. эйфория

4. Қалай аталады көңiл-күйiнiң ауыр түрде тұрақты төмендеуi ?

1. Депрессия.

2. эйфория.

3. Апатия.

4. Иллюзия.

5. Сандырақ.

5.Қалай аталады көңiл-күйдiң тұрақты жоғарлауы ?

1. Гипотимия

2. Гипертимия.

3. Дисфория.

4. эмоция тұрақсыздығы.

5. Апатия.

6. Қалай аталады көңiл-күйдiң кенеттен ашулы ызалану түрiнде бұзылуы?

1. Эйфория

2. Депрессия

3. Дисфория

4. Апатия

5. Амбиваленттiлiк

7.Қалай аталады ерiк пен әуестiктiң жоғарылауы

1. гипербулия

2. гипобулия

3. апатия

4. абулия

5. парабулия

8.Қалай аталады ерiк және әуестiктiң төмендеуi

1.гипербулия

2.гипобулия

3.апатия

4.абулия

5.парабулия

9. Қалай аталады өртке әуестiк?

1.Пикацизм

2.дипсомания

3.дромомания

4.пиромания

5.нервті анорексия

10.Патологиялық жағдайда ұрлықққа әуестiк қалай аталады?

1.клептомания

2.дипсомания

3.дромомания

4.пиромания

5.анорексия

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тестар.

1.Жалаңаштануға әуестiк қалай аталады?

1. фетишизм

2. эксгибиционизм

3. нарциссизм

4. гомосексуализм

5. садомазохизм

2.Үлкендердiң балаларға әуестiгi қалай аталады?

1.гомосексуализм

2.педофилия

3.вуайеризм

4.садизм

5.мазохизм

3. Егер науқас ешкiммен сөйлескiсi келмесе, бет әлпетiнде қайғылану белгiлерi болса, бұл қандай жағдай?

1.депрессия

2.мория

3.апатия

4.абулия

5.булимия

4. Науқастың көңiл күйi көтерiңкi, ақымақтық iстер iстейдi, ұятсыз әңгiмелердi айтады. Бұл не

1.депрессия

2.мория

3.апатия

4.аБулия

5.Булимия

5.Науқас немқұрайлы, уақытты бос өткiзедi, туысының ауырғанын естiгенде ешқандай эмоциональды жауап жоқ, бұл не?

1. депрессия

2. эйфория

3. апатия

4. садизм

5. булимия

6.Науқас бөлiмшеде жұмыстардан бас тартады, уақытын мақсатсыз өткiзедi.Ештеменi қызықтамайды, бұл не?

1.депрессия

2.мория

3.эйфория

4.абулия

5. булимия

7.Науқас шешесiне көп мөлшерде тағам дайындатқызады, құсқанға дейiн жейдi, бұл не?

1.депрессия

2.мория

3.апатия

4.абулия

5.булимия

8.Эмоцияның қай бұзылуында ойдың жылдамдауы, назардың тұрақсыздығы, iстердi аяғына дейiн жеткiзбеуi байқалады, бұл не?

1.маниакальды жағдай

2.депрессия

3.катотониялық қозу

4.анорексия

5.апатия

9.Науқас көңiлсiз, өз-өзiне орын таппайды, өзiн құтқаруына көмек сұрайды, бұл не?

1.маниакальды жағдай

2.қозу депрессиясы

3.катотониялық қозу

4.анорексия

5.апатия

10.Егер науқаста ойдың үзiлуi, стеоративтiк қозу,агрессивтiлiк, маңайындағы адамдардың сөзiн және қозғалысын қайталауы байқалса, бұл не?

1.мания

2.депрессия

3.катотониялық қозу

4.анорексия

5.апатия

№ 4-ші тақырыпқа жауап эталондары: Эмоциялық және қимыл-қозғалыстық бұзылыстардың клиникалық мінездемесі.

Бастапқы деңгей тестары.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

5

4

1

2

3

1

2

3

1

Қорытынды деңгей тестары.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

2

1

2

1

3

5

1

2

3

«Эмоция, ерік, әуестіктің бұзылыстары» тақырыбына жағдайлық есептерді шешу:

№ 1 тапсырма. Ахуалына синдромалдық баға беріңіз және нозоологиялық жорамал жасањыз.Науқас, 25 жаста. Психиатриялық стационарда 3 аптаға жуық жатыр. Шамамен алғашқы 1,5 аптаның ішінде, ешкіммен араласпай жатты немесе бір нүктеге қадалып бір қалыпта отырды. Аракідік жүзіне жартылай езу тартқанда жан бітеді. Оның назарын көп қиыншылықпен және қысқа уақытқа тартудың сәті түседі, содан кейін ол қайтадан айналасындағының барлығынан тұйықталады. Аптаның аяғына қарай мінез-құлқы анағұрлым елгезек және жұғымдыға айналды. Ұйқыда, қиял-ғажайып сағымдар әлемінде болғанын айтып берді: біресе толқыны күркіреген теңіз, жағада көп адам, фаралары жанып тұрған автомобильдер, біресе орман және көздері оттай жанған жыландар және т.б., бұл орайда қорқыныш болмаған, керісінше, таңсық әрі қызық болған.

Барлығы түс секілді еске түседі – көргенінің көптігі сонша, барлығын әңгімелей алмайды”. Сонымен бір мезгілде пациент әйел бөлімшеде өзінің айналасында іс жүзінде не болғаны туралы ештеңені есіне түсіре алмайды.

1. Галлюцинаторлы-параноидты синдром, параноидты шизофрения

2. кататоникалық синдром, параноидты шизофрения

3. Онейроидтық-кататоникалық синдром (ступор). Нақты жағдайла – ағымының типі ұстама тәріздес (рекурренттік) немесе ұстама тәріздес-проградиенттік (тон түріндегі) шизофрения.

4. онейроидтық синдром

5. парафрендік синдром

№ 2 тапсырма. Ахуалына синдромалдық баға, нозоологиялық жорамалдар және сот- психиатриясы саласында сараптамалық шешім беріңіз: Тексерілуші, 36 жаста, милиция қызметкері. Күндегідей жұмысқа жиналып, қаруын алған, бірақ кенеттен “Соқ фашистерді!” деп айқай салып, көшеге жүгіріп шыққан, онда оқ атылып, нәтижесінде өтіп бара жатқан екі жүргінші жараланған.

Ұсталған кезде қозба, бозарыңқы болған, “фашистердің” атына қоқан-лоқы айтып айқайлай берген.

Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімшесінде есін жиғанда, өзінің ауыр қылмыс жасағанына сене алмаған. Жұмысқа жиналып жатқаны есінде, ал одан кейінгі оқиғалар түгелдей есінде қалмаған. Болған оқиғаның шындығына көз жеткізгеннен кейін, терең торығу реакциясын көрсетті, өзіне-өзі қол жұмсамаққа талпынған.

1. депрессивтік синдром

2. маниакалдық синдром

3. кататоникалық синдром

4. Сипатталған ахуал сананың мұнарттық мәңгіруіне, нақты жағдайда, галлюцинаторлық нұсқасына тән.

5. параноидтық синдром

№ 3 тапсырма. Психикалық ахуалын бағалаңыз және нозоологиялық жорамалдар беріңіз.

Тексерілуші, 55 жаста, қажыған және ұнжырғасы түскен секілді көрінеді. Әңгімелескенде біршама жанданып, бас ауырғанын, бастың ішіндегі шуға, бас айналғанына, шаршаңқылығына және жұмысқа қабілетінің төмендегеніне, шуды және қапырықты кµтере алмайтынына, ашушаңдыққа, жылауықтыққа, ұмытшақтыққа, нашар көңіл-күйге қызу әрі эмоционалды шағымданады.

Әңгіменің тақырыбына орай, көз жасынан жымиысқа дейін жылдам ауысады. Анамнестикалық мәліметтерді хабарлаған кезде күндерді шатыстырады. Зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін, көмектесуді өтінеді.

1. Астениялық-депрессивтік синдром

2. Астениялық синдром

3. Алжасу

4. Депрессивтік синдром

5. Астениялық синдром, жорамалмен тамырлық негізде (бас мидың тамырларының склерозы, гипертониялық ауру).

«Эмоция, ерік, әуестіктің бұзылыстары» тақырыбына арналған жағдайлық есептердің жауабы: 1-3, 2-4,3-5.

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандығы: 5В130100 - Жалпы медицина

Пәні: психиатрия

Кафедра: неврология, психиатрия, наркология

Курс 5

Тақырыбы № 5 блок 1 Негізгі психопатологиялық синдромдар. Аралық бақылау.

Құрастырушы: пәнге жауапты,

м.ғ.к. доцент Оспанова Н.Н.

Семей – 2011ж.

1.Тақырып: Негізгі психопатологиялық синдромдар. Аралық бақылау.

2. Мақсаты: Білімді бекіту: дер кезінде дұрыс синдромальды диагнозын қоя білуге. Психиатриялық ауру тарихын дұрыс жазуды білуге, науқастарды дер кезінде емдеуге.

Үйрету: Дифференциалды диагностиканы жүргізу, психиатрдың кенесіне жіберу..

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

1. Негізгі синдромдарды

2. Синдромдардың мінездемесін және түрлерін

3. Сырқаттаманы дұрыстап жазуын

Студент істей білуі керек:

1. Синдромдардың дифференциальды диагностикасын жүргізуге

2. Синдромдарды ажырату

3. Сырқаттаманы дұрыс толтыру

4. Психиатрдың кеңесіне жолдама толтыру

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Синдром

2. Синдромдардың жіктелуі

3. Невротикалық

4. Аффективтті синдромдар

5. Галлюцинаторлы-сандырақ синдромдар

6. Кататониялық синдромдар

7. Сана-сезім бұзылысының синдромы және пароксизмальды бұзылыстар

5. Сабақ беру және оқыту әдістері

Бастапқы білім деңгейін бағалау – тестар шешу

Өздік жұмыс- науқастармен жұмыс, анамнез жинау, клиникалық тексеру.

Оқытушымен жұмыс – СӨЖ қорытындысын талқылау, тақырыптарға сай науқастарды талқылау ( психикалық жағдайды бағалау, тексеру кезінде), сабақтың тақырыбын ауызша сұрау түрінде талқылау, дскуссия.

қорытынды білім деңгейін бағалау – жағдайлық есептер шешу.

6. Әдебиет

Негізгі: