Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№2 тәжірибелік сабақтың Ауыр халдегі науқастарды тасымалдау қауіпсіздігінің ерекшелігі..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

Белсенді үлестірмелі материал

Пән: “Медбикелік ісі негіздері”

ЦӘК: «медбике ісі»

№2 сабақтың тақырыбы:«Ауыр халдегі науқастарды тасымалдау қауіпсіздігінің ерекшелігі. Пациентті сүйемелдеп ұстау. Пациентті орнынан ауыстыру».

Мамандығы: «Медбикелік іс»

ЦӘК «медбике ісі»оқытушысы:

Курс -1,семестр-1

Курс -2,семестр-3

Мақсаты:

Алған теориялық білімдердібекіту мақсатында, сүйемелдеу, науқастарды ауыстыру және тасымалдау бойынша білімдеріңізді тәжірибе жүзінде жасапигеріңіз.

Науқастарға деген қарым-қатынасты меңгеру, науқаспен қарым-қатынасты рөлге еніп көрсетіңіз.

Алгоритм іс-әректтерін реттілікпен жасап көрсетіңіз

Берілген бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:

  • Глоссариге шешімен табыңыз.

  • Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз

  • Жағдаяттық тапсыраны шешіңіз.

  • Тесттік тапсырманың 2 нұсқасын шешіңіз.

  • Графдиктант: алгоритм іс-әректтеріне дұрыс жауабын табыңыз

Бақылау сұрақтары

  1. Ауруханадағы қауіпсіз орта.

  2. Науқастың төсектегі қозғалыс қалыптары.

  3. Науқасты «қолмен қапсыра ұстау арқылы» сүйемелдеу.

  4. Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)

  5. Ауыр халдегі науқастарды тасымалдау қауіпсіздігінің ерекшелігі: каталкамен, кресло-каталкамен, носилкамен.

  6. Ауыр халдегі науқастарды каталкадан төсекке және төсектен каталкаға ауыстыру әдісі.

Глоссарий

1.Эргономика –

2.Дене биомеханикасы

3.Ортопное

4.Транспортировка –

5.Кресло-каталка-

6.Зембіл -

7.Каталка –

8.Бригада –

АУЫР ХАЛДЕГІ НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Эргономика – жұмыста қызметкерлерге қауіпсіздігін сақтауға, кәсіби жарақаттардың алдын алуға бағытталған ғылым саласы.

Емдеу мекемесінде қатты ауырып жатқан жандарға, қызмет көрсету процесіне қатысқан медбикелер мен басқа қызметкерлердің барлығы да, адам ағзасына қарсы әсер ететін факторларға ұшырайды. Оған: науқасты басқа жақтарға ауыстыруға байланысты шектен тыс физикалық ауырлықтың түсуі, адам ағзасына улы заттардың және әртүрлі дәрмектердің, құралдардың, инфекция, радиация әсер етуі және жүйке жүйелерінің жұқаруы жатады.

Науқастарға күтім жасау кезінде медбикелер мен жалпы медицина қызметкерлерінің сақтану керектігі жөніндегі бірқатар сақтану әдістерін қарастырайық.

Науқастармен дұрыс жұмыс істемеу салдарынан медбикелердің жоталары (арқасы) жарақат алып, күтім көрсету процесі кезінде ол аурудың сезілуі мүмкін. Сондықтан да, науқастарды әр жерге тасымалдау (транспартировка), жатқан жерінде аудару, басқа орынға ауыстыру кезінде медбике өзінің денесіне, беліне ауырлық түсірмеудің жағын ойлап, олармен жұмыс істеудің дұрыс әдістерін пайдаланғаны жөн.

Науқасты басқа жерге ауыстыру үшін алдымен анықтайтын қажетті жағдай:

Ауыстырудың мақсаты;

Науқас денсаулығының жағдайы, көмек көрсетуге мүмкіндігі;

Ауыстыру үшін қолдағы бар қосымша механикалық құралдарды анықтау (төсегінен көтерілуге арналған арқан-жіп (трость), жылжуға арналған арба (ходунки) және балдақ);

Нық бұйрық беретін және науқасқа түсіндіретін басшының рөлін анықтау.

Әртүрлі қозғалыс, орын ауыстыру сияқты әртүрлі қызмет көрсету барысында мыналарды есте ұстаған абзал:

Науқасты көтеру алдында оны қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайға келтіру;

Қызмет көрсетушілер науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріп жатқызу үшін және қауіпсіздікті сақтау мақсатында науқастың салмағына және қимылдату бағытына қарай ыңғайлау;

Өзіне ауыртпалық түсірмеу үшін медбике және басқа да қосымша қызмет көрсетушілер денелерінің салмағына қарай қолдарымен ептеп әрекет жасағаны жөн. Әсіресе, тербету арқылы науқасқа қозғалыс жасай отырып, оны жеңіл көтеріп алу әрекетіне (өте абай болу керек) мән беру;

Науқасты көтере бастағанда сіздің аяғыңыз жерді толық басып, нық және сенімді тіреп тұруыңыз қажет;

Науқасты көтерген кезде өзіңіздің өте дұрыс жағдайда тұрғандығыңызға сенімді болғаныңыз жөн. Арқаңызды (жотаңызды) тік ұстап, науқасқа өте жақын тұрыңыз. Мүмкіндігінше бұл қимылдарды жасаған кезіңізде сенімді болыңыз. Басқа да көмекшілеріңіз сондай сенімді жағдайда болуы тиіс. Науқасты басқа жерге ауыстыру барысындағы қозғалыс (жылжу) дұрыс болуын барлық қызмет көрсету тобының (бригада) келісе отырып атқаруы, табысты болатындығын естен шығармаңыз. Ол үшін:

Басшылықты дұрыс жүргізетін адамды таңдап алыңыздар;

Науқасқа ыңғайлы, ең жақсы әдісті таңдап алыңыздар;

Ауыр жұмысты кім өзіне алатын адамды нақтылап, белгілеп алыңыздар. Өйткені, науқасты жерге құлатып алмау үшін, оның белі мен мықын жағын, жалпы денесін ұстап тұруға күшті әрі денсаулығы жақсы (қызметіне байланысты емес) медбике болуы тиіс.