- •Ақпарат блогы ауруханадағы қауіпсіз орта
- •Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)
- •2.Енжарлы
- •Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер.
- •3 Медбике ауыстырады
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Науқасты «қолмен қапсыра ұстау арқылы» сүйемелдеу
- •Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)
- •2.Енжарлы
- •Науқасты бөлімшеде,науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер
- •3 Медбике ауыстырады
Науқасты «қолмен қапсыра ұстау арқылы» сүйемелдеу
Көрсеткіші: науқасты артқы жағына «орындықтың арқасынан» ұстап, қозғалуына ықпал жасау.
Процедураға әзірлеу
Науқастың сеніміне кіру.
Науқас жағынан берілетін көмек барысын-да бағалау. Қозғалыс жасауға науқастың белсенді араласуын қамтамасыз ету.
Науқас сізді қолдап, ұстап тұрудың мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Бұл іс-әрекеттің қалай жасалтын жолын түсіндіру.
Қоршаған ортаның жағдайын (еденнің ылғалдылығын, еденде бөгде кедергі келтіретін көлденең заттардың бар-жоғын, аяқ киімнің өкшесіз болуын) қадағалау.
Процедураны орындау
Науқастан, қолдарын өзінің денесінде ұстап және қажетті деңгейде тұруын өтіну. Бұл науқас денесінің биомеханикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Егер науқастың бір қолының қимыл әрекеті нашарлау болса, онда екінші күші бар қолымен әлсіз қолын қапсыра ұстату.
Науқастың сырт, арқа жағынан келіп (ол отырған орындықтың артынан) көмек беруші медбике немесе басқа медицина қызметкері өзінің қолын науқастың қолтығының астынан кіргізіп, қапсыра құшақтайды, осы кезде науқастың қолы ауыратын болса абайлау керек.
Ескерту: мұндай қапсыра құшақтап ұстау медбике денесінің биомеханика-сының дұрыстығын сақтап, науқасты дұрыс ұстауына жағдай жасау, оның құлап кетуін болдырмау. Науқас ауруының қайта шығуына жол бермеу.
Процедураны аяқтау
Науқасқа процедураның аяқталғаны жөнінде хабарлау.
Науқасты қауіпсіз жағдайға келтірілгеніне көз жеткізген соң, медбике өзінің қолдарын еппен шығарып алуы тиіс. Науқасқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айту. Ол өзінің жатқан жерінің қауіпсіз екендігін және өзінің берген көмегін сезінуі керек.
Инфекциялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолды жуып, кептірген жөн.
Науқасты аяғымен жүрген кезде қолдау (демеу)
Көрсеткіші: инсульттен, жарақаттан кейін жүруіне көмектесу.
Процедураға әзірлеу
Науқаспен сенімділік қатынасын орнату.
Науқастың жағдайын бағалау, оның тарапынан көрсетілетін көмекті, оған қажетті қосымша құралдардың керектігін сұрап-білу. Науқас тарапынан қолдауға қатысу белсенділігін қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін.
Процедураны орындау
Науқаспен қатар тұрып, «бас бармағы алақанымен қапсыра ұстап» оның оң қолын оң қолыңмен, сол қолын сол қолыңмен ұстап, науқас қауіпсіздік жағдайда екеніне көз жеткізу. Науқастың қолы түзуінен, алақанын медбикенің алақанына апарып тіреп бас бармағымен «құлып» етіп жұму.
Басқа қолымен науқастың шынтағынан, немесе қолтық асты жағынан немесе науқастың белінен құшақтап демеу, науқастың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін.
Мүмкіндігінше науқасқа жақын тұрып , тізесін аяғыңмен тіреп, науқас өзін жақсы сезінуіне сендіру керек. Бұл науқастың құлап қалуынан сақтайды және өзін сенімді ұстауына ықпал жасайды.
Науқаспен бірге қатар жылжыңыз. Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Процедураны аяқтау
Жұқпалы аурудан (инфекциядан) сақтану үшін қолыңызды жуып, құрғата сүртіңіз.
ТӨСЕК ТАРТЫП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ ТӨСЕКТЕ ЖАТУ ҚАЛПЫНЫҢ 3 ТҮРІ БАР
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы: 1.Белсенді
