Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иық үсті мен иық зақымдалуы Травматология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Иық сынықтары

Иық сүйегінің проксимальды сынығы

Барлық сынықтардың ішінде иық сүйектірі 10-12 % кездеседі.Иық сүйегінің проксималды жағының сынықтары барлық сынықтардың ішінде 5 % құрайды, және кәрі кісілерде көп кездеседі.

Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері.Иық буынының капсуласы қолтықасты аймақта қатпар түзеді.(Ридер қалтасы).Иық сүйегінің проксимальды бөлігінің сынығында Ридер қалтасына қан құйылып, фибрин түседі. Бұл кезде қатпарлар жабысып иық буынындағы қозғалыс көлемінің қалпына келуіне кедергі жасайды.

Иық сүйегінің диафизі мен басынының бұрышы 135º,оны рентгенограмма бағасын беруде ескеру қажет.

Иық сүйегігінің үлкен төмпешігі үзілуінде оған жалғасқан сыртқы иық ротаторлары жауырынның акромиальды өсіндісінің астындағы үлкен төмпешікті тартуы мүмкін,ол оперативті емді қажет етеді.

Иық сүйегінің проксимальды бөлігіне жақын жатқан иық байламы, қолтықасты артерия және нервсі сынық кезінде зақымдануы мүмкін.

Классификация

Сынық- 1) иықтың проксимальды соңы

Буынішілік-иық басының сынуы

Иықтың анатомиялық мойнының сынуы

Буыннан тыс-изолирленген сынықтар

А) изолирленген үзіліс-үлкен төмпешіктің сынуы.

Б) изолирленген үзіліс- кіші төмпешіктің жыртылуы

-Хирургиялық иық мойнының сынуы

А)Абдукционды сынық- вальгусты деформация

Б) Абдукционды сынық-варусты деформация

2) Иық диафизінің сынуы

3) дистальды бөлігінің сынуы

-Надмыщелковый(иықтың сынтақ ойығынан сынық линиясы өтпейді).

-чрезмыщелковые(иықтың сынтақ ойығынан сынық линиясы өтеді) сынықтар

А)Жазғыш

Б)Бүккіш

-мыщелок изолирленген сынығы

-латеральды

-медиальды

-Межмыщелковый перелом

-Т тәрізді

-V тәрізді

Жарақат механизмі тікелей( иық сыртына тікелей соққы) және жиі кездесетін жанама(құлаған кезде алақанмен түсу немесе иық буыны аймағына құлау).

Радиологиялық зерттеу. Рентгеногрмманы екі стандарты проекцияда түсіреді, алдыңғы-артқы және қырынан(аксиальды). Толық мәлімет беретін МРТ-зерттеуі.

Алғашқы көмек жансыздандыру( жалпы анальгетик) және иммобилизация(сау иықтан саусақ ұшына дейін сатылы шина)

Иық сүйегінің төмпешіктерінің сынуы.

Төмпешіктердің сынуы басқа зақымдануларға жалғасады.( мойнының сынуы немесе иық басының, иық буынының шығуы). Үлкен төмпешіктің изолирленген сынулары(11 А 1.1- тайқусыз сынық, 11А 1.2- тайқумен) тікелей соққы әсерінен сонымен қатар жабысқан бұлшықеттердың қысқаруы салдарынан да дамиды.(отрывной механизм). 15% жағдайда үлкен төмпешіктің тайқумен сынықтары иық сынуымен қатар жүреді.(11-А 3.1).

Диагностика.Науқастар иық буынындағы ісінуге, ауырсынуға шағымданады.Үлкен төмпешіктің сынығында иық ішке ротацияланады,сыртқа ротация жасағанда ауырсынады.Кіші төмпешік сынғанда сыртқа ротацияланады. Ішкі ротацияның активтілігі мүлдем болмайды.

Емі. Тайқусыз сынықтарда иық буынын 2 апта бойы косынкалы таңу салады. Төмпешіктердің тайқумен сынығында емі оперативті. Остеосинтезді спонгиозды винт, спиции қолдану арқылы жүргізеді.