Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иық үсті мен иық зақымдалуы Травматология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Анатомиялық мойынның сынуы.

Иық сүйегінің проксимальды соңы сынықтары 1-ші орында. Көбіне кәрі адамдарда кезігеді,әсіресе әйел адамдарда.Иық сүйегінің диафиз және эпифиз шекарасындағы қыртысты қабатының жұқаруы, сенильді остеопороз, сүйек тінінің архитектоникалық өзгеруі сүйектің мықтылығының бұзылуына әкеп соғады.

Аддукциялық сынық (Сурет 21 в) Орталық сынық әкету жағдайында болады, дистальды- әкелу жағдайында.Жарықшақталған аддукционды сынық кезінде ішкі қырлары бір-біріне кіріп тұрады,Ал жарықшақталмаған сынықтар фрагменті бұрыш түзеді, ашық- алға және артқа,дистальды сынықтың үшкір сынықтары дельта тәрізді бұлшықетті және аксиальді нервті зақымдауы мүмкін.

А бдукционды сынық.(21-б сурет).Орталық сынық-әкелу жағдайында болады, ал дисталбды-әкету.Жарықшақталған сынықта сынықтық сыртқы шеттері бір-біріне кіріп тұрады, ал жарықшақталмаған сынықта шеті фрагмент түзеді, ашық- алға және сыртқа.Абдукционды сынықтар үлкен төмпешіктің сынуымен қатар жүреді.

Сурет 21. Хирургиялық иық

мойнының сынықтары

А- абдукционды сынық

Б- аддукционды сынық

Тайқусыз жарықшақталған сынықтарды дистальды сынық проксимальды сыныққа кіріп тұрады.

Диагностика. Иық буыны аймағы ісінеді.Акромиальды өсіндіден төмен , қолтықасты ойығында , анатомиялық мойыннан төмен орналасқан ауырсынуға шағымданады. Иық буынындағы қозғалыстар шектеледі.Жарықшақталған сынықтарда пассивті ротациялық қозғалыстар жасағанда басы да жылжиды, крепитация анықталмайды, бірақ-та осьтік күш түсіргенде ауырсыну байқалады.Иық қысқарған,бірақ көлемді емес тайқумен болған сынықтарда және өте қатты ісініп тұрса анықтау қиынға түседі. Жарықшақталмаған сынықтарда кейде дистальды сынықтардың орталығы пальпацияланады.Біраз уақыттан кейін иықта және иық үсті аймағында қан ағулар пайда болады, ал кейде керісінше төске дейін түсіп мықын сүйегі қырына дейін жетеді.Тайқусыз жарықшақалған сынықтарда иық буыны аймағында ауырсыну пайда болады, кейде гематома. Иықтың пассивті ротациялық қозғалыстарында иық сүйегінің диафизімен бірге қозғалады. Жиі иық буыны аймағының жарақаттауы деген диагноз қояды. Қателеспеу үшін иық буынын екі проекцияда рентгенография жасау керек.

Емі. Тайқусыз жарықшақтанған, ал кәрі адамдарда тайқумен болған сынықтарда –консервативті ем қолданады. 60-70º қолды иық буыныда бүгіп, қолтық астына валик қойып брейс қолданады. 2 күннен кейін білезік буынында қозғалтады, 5-күннен соң шынтақ, 8-10 күннен кейін иық буынында. Мұндай сынықтар бір ай көлемінде бітіп кетеді.

Тайқумен болған жарықшақтанған сынықтарды репозиция тәсілі көрсетілген. Иық сүйегі басы мен диафизі арасы нормада 135 º . Егер бұрышы 90 º -тан (аддукциялық сынық) немесе 180 º үлкен болса (абдукциялық сынық) ол репозицияға көрсеткіш, бұл жағдайда сынықтар дұрыс емес бітсе, иықтың әкету қозғалысы шектеледі.

Аддукциялық сынық кезінде репозиция шынтақ өсіндісінде әкету шинасымен қаңқадан тарту көмегімен жүргізіледі. Иық 90 º тартылып, 30 º бүгілген, иық үсті –супинация және пронация жағдайында болады. 5-6 аптадан кейін шинаны шешіп, иық буынындағы қозғалысын қалыптастырады.

Абдукционды жарықшақты тайқумен сынығында қолды косынкаға іліп, валикті қолтық астына қояды. Ауыр тарту әсерінен бұрыштық деформация өздігінен жоғалады .Егер болмаса, кеткіш шинамен қаңқадан тарту салады. 15-20 күнде қаңқадан тарту шешілу керек, екі апта бойы косынкалы таңу немесе брейспен иммобилизациялайды.

Абдукциялық сыны кезінде хирург мойын басын қолтық асты ойығында оң қолының 4-саусағымен фиксация жасайды ,ал сол қолымен көмекші көмегімен қолын денеге 30º әкеледі , 30-40º фронтальды жазықтықта алдыға жылжытады. Репозициядан кейін тына валик салып косынка тағады.R-гр жүргізеді

Қарт адамдарға қаңқадан тарту және гипсті таңулар өте ауыр тиеді,олар кеуде клеткалары экскурсиясын шектейді.Аз қозғалатын адамдарда ,толық емес сынықтардың тайқуы кезінде науқастар ауруға шағымданбайды.Ол науқастарда иық буынының функциясы бұзылады.Содықтан оларды функциональды жолмен емдейді,жас науқастарды толық емес тайқумен сынықтарды оперативті жолмен емдейді.(ашық репозиция).Фиксация ретінде спиц ,винт немесе пластинкалар қолданады.

Асқынулары. Хирургиялық иық мойнының жарықшақты сынығында қантамырлары және невралгиялық асқынулар беруі мүмкін.Типті асқынулар сынықтардың дұрыс бітпеуі, иық буынының қозғалмаған кезде дамиды. Иықтың проксималды бөлігінің зақымдануы кезінде. Қолтық астына салынған валик қантамыр және нервтерді зақымдайды немесе басып тастайды, бірақта репозицияны жақсы істесе және тұрақты иммобилизацияланса асқынулар болмайды.

Анатомиялық иық мойны және басының сынықтары.

Мұндай сынықтар сирек кездеседі, көбіне қарт адамдарда. Егер анатомиялық мойын сынса дистальды сынық проксимальдіге кіреді, бұл жарықшақтанған сынық деп аталады.(2-сурет).Егер сүйек басына түскен күш қатты болса ұсақ бөлшектерге бөлінеді, ал кейде өзінің буындық беткейімен дистальды сыныққа бұрылып бекінеді (3-сурет).

Диагностикасы.Гематома және ісіну нәтижесінде иық буыны ұлғаяды. Кейде гематома басын ығыстырып , R-де иықтың шығуына ұқсайды. Активті қозғалыстар шектеледі. Иық басына басқанда ауырынуы туады. Иық өсі бойынша күш түссе де ауырады.Жарықшақтанған сынықтарды R-зерттеуден кейін ғана диагноз қоямыз.

Емі.. Сүйек басының жарықшақтанған сынықтарында иықты қолтықасты аймағында бір ай бойы косынкамен немесе «змейка» тәрізді таңумен фиксациялайды.

Науқас саусақтарындағы қозғалысты травмадан кейін дереу бастауы керек., шынтақ буынынды - бір аптадан соң , ал иық буынында травмадан 2,5-3 айдан кейін.

Тайқумен сынықтарда қолмен бірмоментті репозиция немесе шынтақ өсіндісіне қаңқадан тарту салады. Ауырлықты блок системасы арқылы жоғары қарай вертикальды « балканды рама» арқылы жүргізеді.ЦИТО әкеткіш шинасында тарту эффективтілігі аз және де абдукционды деформация дамуы мүмкін. Сәтсіз репозиция нәтижесінде оперативті ем көрсетілген- остеосинтез спици, винт және пластина қолдану арқылы.

Қарт және егде тартқан адамдарда көпфрагментті сүйек басының сынықтарында (С3)

Иық буыны аймағында сүйек басын алып тстау жақсы функциональды көрсеткіш болып табылады. Соңғы кездерде иық басының бөлшектенген сынықтарында иық буынында екі компонентті эндопротез қолданады.

Асқынулары. Иық сүйегінің проксимальды соңының буынішілік сынықтары жиі иық буыны травмадан кейінгі деформацияланған артрозбен асқынады, ал кей кезде – аваскулярлы остеонекрозбен.Бұл асқынулардың алдын алу сүйек сынықтарының ерте және нақты репозициясын жүргізу және сенімді иммобилизация.