- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Кафедра меңгерушісі, порф ____________________ Тапбергенов с.О.
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •2. Ерітінділер концентрациясы
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
- •Tbl өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі:
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •«Галерея» әдісі
- •Топтың тапсырмалары:
- •Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
- •Tbl өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі:
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •«Галерея» әдісі
- •Топтың тапсырмалары:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •Tbl жүргізуге уақытты бөлу:
- •Тәжірибелік дағдыларды тапсыру: зертханалық жұмысты орындау, эксперимент нәтижелерін талдау, қорытынды жасау
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •Tbl жүргізуге уақытты бөлу:
- •Тәжірибелік дағдыларды тапсыру: зертханалық жұмысты орындау, эксперимент нәтижелерін талдау, қорытынды жасау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптын негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту мен сабақты жүргізу әдістері:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •1. Бастапқы білім деңгейін бағалау
- •2. Қорытынды білім деңгейін бағалау
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •3. Аралық бақылау №1 орындау
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •7.2. Тестілік тапсырмалар: Жоғары молекулалық қосылыстар ерітінділерінің ерекшеліктері. Жмқ ерітінділерінің тұтқырлығы. Ісінуі.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
- •Ротация әдісімен пікірлерге шолу
- •Tbl өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі:
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •Топтың тапсырмалары:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •Tbl өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі:
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •«Ми шабуылы» әдісі
- •Топтың тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
- •Tbl өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі:
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •«Галерея» әдісі
- •Топтың тапсырмалары:
- •Топтың тапсырмалары:
- •Топтың тапсырмалары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •Tbl өткізу кезіндегі уақыттың бөлінуі:
- •Студенттердің оқудағы жетістіктерін әріптік - төртбалдық жүйенің сандық эквивалентіне сәйкес бағалау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау:
- •Мына тақырыптар бойынша екінші аралық бақылау өткізу: №9-17, срс №5-10
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері: Семестрді қорылындылау, сынақ, емтиханға дейінгі рейтинг қою. Консультация.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Кіріспе бөлімі. Химиялық зертханадағы қауіпсіздік техника ережелері.
2. Элементтің химиялық эквиваленті және эквивалентік молярлық массасы.
3. Оксидтердің , негіздердің , қышқылдардың , тұздардың эквиваленті және эквиваленттік молярлық массасы.
4. Ерітінділердің кұрамын көрсету тәсілдері: еріген заттың массалық үлесі, молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, титр.
5. Тірі ағзадағы ерітінділердің манызы.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері
Топ студенттерімен танысып, сабақтың тақырыбы бойынша талдау
Студенттердің химия пәнінен бастапқы білім деңгейлерін тексеру. (шағын топтар, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, тестпен жұмыс және т.б.).
Химиялық зертханадағы қауіпсіздік техника ережелерімен таныстыру.
Зертханалық жұмысты орындау және оның есебін тапсыру.
ХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Лабораторияда жұмыс істеу ережелері
1. Топтың студенттері жиналғанша, кезекші студент лаборанттан лабораторияны қабылдап алу керек.
2. Студенттер лабораторияға халаттарын киіп кіреді, сабаққа керек құжаттардан басқанын бәрін лаборант көрсеткен жерге қояды (сумкаларды, бас киімді, т.б.)
3. Лабораториялық жұмысты орындағанда студенттердің алдында керексіз нәрселер болмау керек, төгілген сұйықтықтарды дереу сүртіп алып, жұмыс орнын таза үстау керек. Жұмыс аяқталғанда орынды бастапқы ретіне келтіріп, су құбырының кранын жауып, аспаптарды тоқтың көзінен алып, жарықты өшіру керек.
4. Реактивтердің сауыттарын тығындаулы күйде сақтап, тек қажетті кезінде ғана ашу керек және тығындарын ауыстыруға, артық алынған реактивті қайтадан сауытқа құюға болмайды, себебі реактив ластанып, пайдалануға жарамай қалуы мүмкін.
5. Құрғақ реактивтерді таза және құрғақ қалақшамен немесе пробиркамен алады.
6. Күміс, сынап, бром, йод бар ерітінділерді арнаулы сауыттарға ғана төгуге болады.
7. Топ студенттері лабораториядан кезекшінің рұқсатымен, ал кезекшілер лаборанттың рұқсатымен кетеді.
Сақтану ережелері
1. Реактивтердің ү артығы улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек.
2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек.
3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.
4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды.
5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.
6. Заттарды иіскегенде, сұйықтықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.
7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек.
8. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды.
9. Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды.
10. Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.
11. Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.
12. Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.
Жедел көмек көрсету
1. Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек.
2. Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.
3. Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәргерге көрсету керек.
4. Қызып тұрған шыны немесе металл күйдірсе, күйген жерді алдымен таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орап, одан кейін күйдіруге қарсы май орайды.
5. Галогендермен, күкіртті сутекпен, көміртек(ІІ) оксидімен уланғанда, уланған кісіні таза ауаға шығарып, дәргерді шақырту керек.
6. Мышьяктың, сынаптың, цианды қосылыстармен уланғанда дереу дәргерді шақырту керек.
7. Фосфор тиген жерден, фосфордың қалдықтарын дереу алып тастап, күйген жерді мыс сульфатының ерітіндісінде суланған мақтамен орап, дәргерге қарану керек.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЕСЕБІН ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Лабораториялық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (лабораториялық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.
Лабораториялық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне өткен шақта (мысалы: алдық, құйдық, көрдік), бақылағандар мен қорытынды жазуға орын қалтырып, таза түрде жазып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды. Есептің жоспары:
1. жұмысты орындаудың датасы;
2. жұмыстың нөмірі, атауы, мақсаты;
3. тәжірибенің нөмірі, атауы;
4. аспаптың (қолданылса) сүреті немесе схемасы;
5. тәжірибе қандай жағдайда орындалғаны, тәжірибе кезінде қандай өзгерістер байқалғаны;
6. орындалған реакциялардың теңдеулері;
7. тәжірибенің сандық өзгерістерін жазу, қажет болса кестелерді толтыру;
8. есептеулер (қажет болса);
9. қорытынды немесе есептеулердің нәтижесі;
10. оқытушыға есеп беру: лабораториялық жүмыс бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың есебін тексерту.
Жұмысты орындаған кезде қателер жіберілсе, тәжірибені қайталау керек.
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау:
Тақырып: Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдері
Тәжірибе№1: Ерітіндінің концентрациясын оның тығыздығы бойынша анықтау.
Тығыздықты анықтау үшін, алдымен ареометрді таңдап алу керек. Ол үшін құрғақ цилиндрге 150-200 мл ерітінді құйып, ішіне шкаласы 1,00-ден басталатын ареометр салғанда, шкала ертіндінің үстіне шығып кетсе, шкаласы 1.00 – ден артық ареометр алу керек. Егерде бірінші ареометрдің шкаласы ертіндіге толық батып кетсе, шкаласы 1.00 – ден аз ареометр алынады. Ертіндінің тығыздығы беткі деңгейдің астыңғы менискі бойынша өлшенеді. Органикалық қосылыстар ертіндісінің тығыздығы әдетте 1.00 – ден кем болады. Өлшеген кезде ареометр цилиндрдің қабырғасына тимей тұру керек. Тығыздық үш рет өлшенеді. Ол үшін ареометрді сәл көтеріп, қайтадан ертіндіге түсіру керек. Берілген кестені пайдаланып, ертіндінің % -дық концентрациясы анықталады.
Ерітіндінің молярлық коцентрациясы мен титрі келесіформулалар бойынша есептеледі:
моль/л
г/мл
Формулаларда:
Cх – молярлық концентрация, моль/л,
Cэ – эквиваленттік концентрация, моль/л
T - ертіндінің титрі, г/мл,
w % - заттың массалық үлесі %
d - ертіндінің тығыздығы, г/мл
Mх - заттың молярлық массасы, г/моль
Mэ - заттың эквивалентінің молярлық массасы, г/моль
fэ - заттың эквиваленті, моль.
Тәжірибе №2 : Концентрациясы берілген тұз өлшемесінен ерітінді дайындау.
Приборлар мени реактивтер: воронка, өлшегіш колба 100 мл-лік, пипеткалар 10 мл және 2 мл, құюға арналған колба, резиналы груша, ареометрлер жиынтығы, тұздар өлшемесі.
Кесте 1 бойынша оқытушыдан тәжірибе орындауға тапсырма алып, берілген концентрациядан жалпы көлемі 100 мл болатын ерітіндіні дайындау үшін қажетті тұзбен судың мөлшерін анықтау керек.
Өлшеуіш колбаны, воронканы дистильденген сумен шайып, жұмысқа дайындайды (егер воронка құрғақ және таза болса, онда оны шаюдың қажеті жоқ). Тұздың қажетті өлшемесін алып, оны воронка арқылы өлшегіш колбаға салады. Жұғыштағы сумен өлшеуіш колбаға толық шайып ағызады. Воронканы колбадан алады. Колбаны араластыра отырып, судың аз мөлшерін колбаға құяды. Тұз ерігеннен кейін суды колбаның шеңбер сызығына дейін 1-2 см қалғанша құйып, қалған суды менисктің төменгі шеті сызыққа жеткенше пипеткамен тамшылатып құяды.
Оқытушыға көрсетеді!
Алынған ерітіндінің молярлық, нормальдік концентрациясын және титрін есептейді. Ерітіндінің концентрациясын 0,0001 дәлдікпен есептейді
Қорытынды жасау.
Кесте 1
№1 тәжірибенің жеке тапсырмаларының нұсқасы
Нұсқа №
|
Тұздардың атауы |
Массалық үлесі, % |
Ерітіндінің теориялық тығыздығы, г/см3 |
1 |
Натрий сульфаты |
8 |
1,070 |
2 |
Калий хлориді |
10 |
1,063 |
3 |
Натрий хлориді |
10 |
1,070 |
4 |
Натрий сульфаты |
10 |
1,090 |
5 |
Калий хлориді |
12 |
1,076 |
6 |
Натрий хлориді |
12 |
1,085 |
7 |
Натрий сульфаты |
12 |
1,110 |
8 |
Калий хлориді |
14 |
1,090 |
9 |
Натрий хлориді |
14 |
1,100 |
10 |
Калий хлориді |
16 |
1,104 |
11 |
Натрий хлориді |
16 |
1,116 |
