Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-18 Методрек для занятий Стом .DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Пурин, пуриндік негіз.(аденин, гуанин )

2. Нуклеотидтік негіздер (урацил, тимин, цитозин, гуанин, аденин)

Нуклеин қышқылдарының лактим-лактамдық таутометриясы

Нуклеин қышқылдарының көміртекті қосылыстары (рибоза, дезоксирибоза)

Нуклеотидтер. Нуклеотидтер гидролизі

Мононуклеотидтер және полифосфаттар. Нуклеозидциклофосфаттар Нуклеозидциклофосфаттар.Никотинамиднуклеоттердің коферменттері.

Рибонуклеин және дезоксирибонуклеи қышқылдары. Нуклотидтік құрылым РНК және ДНК.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері Сабақтың тақырыбы бойынша талдау жасау (шағын топтар, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, тестпен жұмыс және т.б.).

6. Әдебиеттер:

Негізгі

1. Биоорганическая химия:учебник. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. 2014г.

2. Елемесова, Ж. Г. Биоорганикалық химия: учебное пособие / Ж. Г. Елемесова. - ГМУ г. Семей, 2013. - 168 с. : ил.

3. Биоорганикалық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев , Т. С. Сейтімбетов, С. А. Шитыбаев. - Алматы : Эверо, 2012. - 449 с. : ил.

4. Биоорганикалық химия : учебник / Ә. Қ. Патсаев , Т. С. Сейтімбетов, С. А. Шитыбаев. - Алматы : Эверо, 2012. - 449 с. : ил.

5. Сейтембетов Т.С. Химия : учебник / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. - 284 с

Қосымша

1. Патсаев Ә.Қ.,Органикалық химия негіздері. (Теориялық негіздері және көмірсутектер) ,Шымкент, 2005.

2. Патсаев Ә.Қ. ,Органикалық химия негіздері.(Көмірсутектердің функционалдық туындылары), Шымкент, 2005.

3. Патсаев Ә.Қ. ,Органикалық химия негіздері.(Гетероциклді қосылыстар. Алкалоидтар. Биополимерлер. Липидтер), Шымкент, 2005.

4. Патсаев Ә.К., Биоорганикалық химия, Шымкент, 2005

5. Руководство к лабораторным занятиям по органической химии, учебное пособие, Дрофа, 2003.

6. Биобейорганикалық, физикалық және коллоидтық химия Алматы,1999

7. Сейтембетов Т.С. ,Химия,Алматы,1994

8. Беремжанов Б. ,Общая химия ,Алматы,1992

9. Тюкавкина Н.А.,Биоорганическая химия , Медицина,1991

7. Бақылау:

7.1. Есептер мен жаттығулар

  1. Нуклеозидциклофосфаттың формуласына мысал келтіріңіз.

  2. Нуклеозид-дифосфаттың формуласын жазыңыз. Қосылыстағы байланыс түрлерін көрсетіңіз және гидролизге әсері.

  3. Нуклеозид-трифосфаттың - кофермент АТФ формуласын жазыңыз. Қосылыстағы байланыс түрлерін көрсетіңіз және гидролизге әсері.

  4. Коферменттер НАД+, НАДФ+. Олардың биологиялық ролін түсіндіріңіз.

  5. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы нені түсіндіреді. Нуклеотидтік буындар өз араларында қалай қосылады?

7.2. Тестілік тапсырмалар

1. Нуклеин қышқылдарының нуклеотидті құрамы – бұл

1. нуклеинді негіздердің жиыны

2. фосфор қышқылының молекулалар саны

3. N-гликозидті байланыстардың саны

4. нуклеотидті компоненттердің жиыны мен қатынасы

5. моносахаридтер молекулаларының қалдықтар саны

2. ДНК-ның бір тізбегі пуринді негіз және келесі тізбектің пиримидинді негізі арасындағы байланыс

1. күрделі-эфирлі байланыс

2. сутектік байланыс

3. N-гликозидті байланыс

4. гидрофобты байланыс

5. дисульфидті байланыс

3. АТФ – тың маңызды биологиялық ролі (аденозинтрифосфат) – ол :

1. ақуыз синтезіне қатысады

2. ақуыз синтезінің орнына аминоқышқылды тасымалдау

3. тұқым қуалау ақпаратты сақтауға қатысады

4. тірі ағзаның барлық жасушаларын энергиямен қамту

5. ақуыз синтезінің орнына ақпараттық РНК тасымалдау

4. РНК-ның негізгі ролі:

1. ақуыз биосинтезінде тікелей қатысуы

2. ағзаның қорғаныш қызметі

3. жүйке импульстарын беруде

4. көмірсулар синтезіне қатысуы

5. майлар синтезіне қатысуы

5. Тасымалдау РНК қатысады:

1. көмірсутекті алмасуға

2. май алмасуда

3. жасушадағы ақуыздың синтезі орнына аминоқышқылдарды ауыстыруға

4. ақуыз синтезінің орнына ДНК молекуласыны ауыстыруға

5. ақуыз синтезінің орнына ақпараттық РНК ауыстыруға

6. Нуклеинді негіз аденин ДНК-ның екі спиральында келесі екінші тізбектің негізімен комплементарлы жұп түзеді

  1. Үш сутекті байланыстарды түзу есебінен гуанин

  2. Екі сутекті байланыстарды түзу есебінен гуанин

  3. Екі сутекті байланыстарды түзу есебінен цитозин

  4. Үш сутекті байланыстарды түзу есебінен тимин

  5. Екі сутекті байланыстарды түзу есебінен тимин

7. Тотыққан формада НАД+ (НАДФ+) никотинамидті қалдық келесі орында болады

  1. 1,4-дигидропиридинді орын басқан

  2. пиридинді катионның

  3. никотинді қышқылдың

  4. диазоқосылыстың

  5. пиридинді анионның

8. Рибонуклеин қышқылының (РНК) негізгі ролі

  1. ақуыз биосинтезіне тікелей қатысуы

  2. тұқым қуалау ақпаратын беру

  3. қышқылдық орта тудыру

  4. Шиффтің негізін түзуі

  5. Тетрапиррольді қосылыс – порфиндер түзуі

9. НАД фосфатын НАДФ немесе NADР деп белгілейді, оның молекуласында фосфор қышқылы көмірсулы компоненттегі аденозинді келесі орынға этерифицирлейді

  1. 1. 2. 2. 3. 3. 4. 4. 5. 5.

10. Схемада көрсетілген құрылым

сәйке келетін қосылысты атайды

1. аденозинтрифосфор қышқылы (АТФ)

2. гуанозинтрифосфор қышқылы (ГТФ)

3. аденил қышқылы

4. гуанил қышқылы

5. аденозинциклофосфат

11. Биохимиялық және химиялық әдебиеттерде НАД немесе NAD белгісімен никотинамидадениндинуклетидті белгілейді, көптеген дегидрогеназ ферменттерінің құрамында коферменттің ролін атқарады, яғни келесі реакцияға қатысады

  1. нейтрализация

  2. тотығу-тотықсыздану

  3. алкилирлеу

  4. ацилирлеу

  5. декарбоксилирлеу

12. Схемада стрелкалар көрсететін байланыстарды

атайды

1. күрделі-эфирлі

2. N-гликозидті

3. О-гликозидті

4. ангидридті немесе макроэргиялық

5. сутектік

13. ДНК-ның бір спиралының ГТ фрагменті , басқа спиралдың келесі фрагментіне сәйкес келеді

1. ГА. 2. ЦА. 3. УГ. 4. АТ. 5. ЦГ.

14. Схемада стрелкалар көрсететін байланысты

атайды

1. күрделі-эфирлі 2. N-гликозидті 3. О-гликозидті

4. ангидридті 5. макроэргиялық

15. Формуласы,

нуклеозидті атайды

  1. аденозин-3’,5’-циклофосфат

  2. гуанозин-3’,5’-циклофосфат

  3. дезоксиаденозин-3’,5’-циклофосфат

  4. аденозин-5’-фосфат

5’-аденил қышқылы

16. АТФ (аденозинтрифосфат) адам ағзасында келесі функцияны орындайды

1. витаминнің 2. гормонның 3. коферменттің (ферменттің құрам бөлігін)

4. макроэрга (энергетикалық зат) 5. ингибитордың.

17. Динуклеотид НАД кофермент болып табылады және маңызды биологиялық функцияны атқарады:

1. қорғаныш функциясын

  1. тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады

3. биохимиялық реакциялар үшін энергия көзі болып табылады

4. нуклеинді қышқылдар үшін компонент болып табылады

5. ақуыздың синтезіне қатысады

18. ДНК –ның екіншілік құрылымы:

1. полинуклеотидті тізбектің кеңістіктік құрылысы

2. нуклеотидті тізбектердің реттілігі

3. полинуклеотидті тізбектің пентозды қалдықтары

4. нуклеотидті компоненттердің қатынасы

5. нуклеотидті құрамы.

19 ДНК құрамына кірмейтін нуклеотид:

1. уридин-5-фосфат. 2. тимидин-5-фосфат. 3. д.цитидин-5-фосфат. 4. д.аденозин-5-фосфат. 5. д.гуанозин-5-фосфат.

20. ДНК-да комплементарлы болып табылатын негіз

1. тимин – цитозин. 2. тимин – урацил. 3. тимин – аденин.

4. гуанин – аденин. 5. цитозин – цитозин.

1. Тақырып №17: Липидтер. Сабындалатын липидтер. Аралық бақылау №2.

2. Мақсаты: Сабынданатын липидтердің, изопреноидтардың құрылысы және химиялық қасиеттері туралы, олардың құрылымдық компоненттері биологиялық мембраналардың және липидті алмасу процессінің құрылымының химиялық негізін, бірқатар дәрілік заттардың негізін құрайтын туралы студенттердің білімі мен дағдысын бекіту.

3. Оқытудың міндеттері: Липидтер гидролизі және олардың құрылымы. Бұл тақырыпты толық игеру көмектеседі: 1) Липидтердің толық құрылысы және құрамы туралы студент білімін толықтыруға; 2) Липидтердің айналым процесін түсінуге.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]