Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химиялы реакцияларды кинетикалы жіктелуі.Ферменттік катализ.Ферменттерді сер ету ерекшеліктері СРС.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
617 Кб
Скачать
☆

Молекулалық және иондық

Бұлардан басқа жүру механизміне қарай молекулалық және иондық реакциялар болады.Валенттілігі қаныққан молекулалар арасындағы химиялық реакциялар өте қиын жүреді, өйткені молекуладағы атомдар арасындағы байланысты үзу үшін энергия жұмсау керек. Молекулалық реакциялар мономолекулалық, бимолекулалық және үшмолекулалық деп ажыратылады.Ол бірмезгілде өзара әрекеттесуге қатысатын молекулалар санын көрсетеді.Мысалы, Қ2=2Қ мономолекулалық, ҺҚ+ҺҚ=Һ2+Қ2 — бимолекулалық., 2НО+О2=2НО2 — үшмолекулалық реакцияларға жатады. Иондар арасындағы реакциялар ерітінділерде жүзеге асады, олардың жылдамдығы еріткішке тәуелді.Өйткені еріген демолекулалардың иондарға ыдырауы еріткіштің табиғатына байланысты. Сондықтан ерітіндідегі реакцияларды зерттегенде полюсті топтардың әсерін, молекулаларар асындағы едәуір тартылу күші болатынын, еріткіш әсерінің түрлерін ескереді.Бұл реакциялардың жүру механизмі күрделі.Химиялық кинетиканың ғылыми және практикалық маңызы зор.Қазіргі кездегі химия мен химиялық технологияның басты бағыттарының дамуы химиялық реакциялар кинетикасын зерттеуменбайланысты жүзеге асырылуда.

Химиялық кинетика

Химиялық реакциялар жылдамдығы және оның әр түрлі факторларға тәуелділігін зерттеумен химияның ерекше бөлімі химиялық кинетика шұғылданады.

Химиялықреакцияның жылдамдығын кесімді уақыт ішінде (секунд, сағат, жыл) әрекеттесуші заттардың концентрациясының өзгеруімен өлшейді.

Концентрация дегеніміз көлем бірлігіндегі заттың мөлшері көбінесе 1 литрдей моль саны. Мысалы, реакция басталмас бұрын заттың концентрациясы Со (3 моль), реакция басталғанына t(5) минут өткеннен кейін өлшегенімізде Сt (2 моль) болсын, сонда реакцияның жылдамдығы:

Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғи қасиеттерден басқа, реакция жүруіне туғызған жағдай да әсер етеді. Реакция жағдайының бастылары: әрекетесуші заттардың табиғаты, қысым, температура, әрекеттесуші заттардың концентрациясы және катализатор.

Осы жағдайлардың әсерлеріне тәуелді химиялық реакцияның жылдамдығының өзгеруін, химиялық кинетика бөлімі зерттейді.

Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуін

заттардың табиғатының әсер етуі

Заттың табиғатының химиялық реакцияның жылдамдығына әcepi үлкен.

Бұрын айтып кeткeнiмiздей кейбір реакциялар өте тез өтеді, басқалары тіпті баяу, айлап, жылдап өтеді. Мысалы:

а) 2Rb + 2Н2О = 2RbOH + Н2 (қопарылыс болады)

б) Ag + Н2О → реакция өте баяу жүреді, айлап, жылдап өтeдi.

Заттардың өзара әpeкеттесулерi үшін олардың бөлшектері (молекула, атом, ион) бip-бipiмeн соқтығысуы қажет. Соқтығысу нәтижесінде бөлшектердің электрон бұлттарының тығыздықтары өзгepiп, жаңа химиялық байланыстар түзіледі. Жылдамдықтың температураға тәуелділігін Вант-Гоффтың эмпирикалық ережесімен бағалауға болады: «температура әрбір 100С-қа артқанда реакцияның жылдамдығы 2-4 есе өседі».

Вант-Гофф ережесінің математикалық теңдеуін реакцияның жылдамдық константаларының не жылдамдықтарының арақатынасы арқылы өрнегі:

мұнда х - жылдамдықтың температуралық коэффициенті, жоғарыда айтылғандай оның мәні 2-4 аралығында жатады. Бұл теңдеулер жуықтап орындалатынына қарамастан көптеген процестердің температураға теуеділігін білуде маңызды роль атқарады.