Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жедел жәрдем шпор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆

6)Сынық белгілері

  • Сынған жердің қатты ауруы (тез, шұғыл сол жердің ауыруы)

  • Аяқ қол функцияларының бұзылуы толық сыну кезіндк анық, ал толық емес сыну кезінде және шаншынған кезінде немесе аяқ қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді.

  • Аяқ қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру н\е өлшеу кезінде)

  • Аяқ қол сүйектері формасының өзгеруі (деформация майысу)

  • Зақымданған жердегі қалыпсыз қозғалыстың болуы (сипалап сезу)

  • Сүйектің сықырлауы (сынықтардың қажауы . қолмен сезуге н\е естуге болады)

  • Кейде дене қызуының көтерілуі (алғ. Күндері 38 С қа дейін)

  • Бас сүйегі,қабырға омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі өкпе, қуық тік ішек ж\е басқаларының зақымдану белгілері айқындалады.

7)Жарақаттың шок ауырлығына қарай нешеге бөлінеді және сипаттамасы.Шок-ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы.Ол ауырсыну және рефлекторлық тітіркендіргіштіктер салдарынан туындайды.Шок кезінде орталық нерв жүйесінің жұмысы тежеледі,жүрек қан айналымы және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады,артерия қысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады.Жарақаттың шок ауырлығына қарай 4ке бөлінеді-1)жеңіл-аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық бозарған,тамыр соғуы мин 90-110.Жоғарғы артериялық қысымы 90-100 мм.с.б 2)орта-аурудың жалпы күйі ауыр,бозарған,кейде мазасызданады,теріні суық тер басады,тамыр соғуы мин 110-130.Артериялық қысымы 70-85мм.с.б 3)ауыр-аурудың жалпы жағдайы өте ауыр,тамыр соғысы мин 130-160рет,санауға қиын кейде әлсіз сезілмейді,артериялық қысым 60-70мм.с.б және одан төмен 4)ақтық немесе жан таласу жағдайы-естен танады,тамыр соғысы өте әлсіз,тіпті санауға келмейді.Артериялық қысымы төмен түсе береді,тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі.Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.

8)Күретамырдан қан кету кезінде алғашқы көмек-басып тұратын таңбаны салу және суықпен әсер ету.Басып тұратын таңбаны жарадан төмен салады,өйткені күретамыр қаны периферия тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі.Осындай басып тұратын таңба бірнеше стерильденген марлыдан немесе ағытылмаған бинттен тұрады,онда жгут немесе эластикалық бинт салынады.Күретамыр жгутын дұрыс салу туралы қан тоқтатуы,бірақ басқан орнынан төмен тамыр соғуы куәландырады.Бинттен жоғары қан ағу кезінде мұз оралған киімді немесе сумен толтырылған грелканы салу қажет.30-40мин кейін суықты 10мин алып тастауды ұмытпаңыз,өйткені осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіруі қажет.Егер қан кетуі аяқ-қолдан болса,онда оны жоғары көтеру қажет.Мұрыннан қан кеткен кезде оның ортасынан қысу керек,алдын ала мұрын қуысына сутек тотығымен 3%малынған мақтаны салу қажет.Мұрын қырына немесе желкеге 3-4мин арасында 3-4мин үзіліспен тоқтағанға дейін суық басыңыз.Басты артқа қоюдың қажеті жоқ,сондықтан қан өңештің артқы қабырғасынан ағады.

9~Жүрекке тікелей емес массаж жасау

Журекке массаждың көрсеткіші жүрек қызметінің бұзылысына қосымша мына белгілер болғанда қолд, терінің бозаруы мен сұрлануы , естен тану, ұйқы артериясында пульс анықталмағанда ,тыныстың тоқтауы мен қалшылдауында жүргізіледі.

Науқасты тегіс жерге жатқызып басын барынша шалқайтып ,аяқ жағын көтеріңкі етіп қою керек . массаж жасаушы адам алақандарын бірінің устіне бірін қояды . Алақанның негізі төс сүйегі мен семсер тәрізді шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ жоғары тұруы керек . Қолды тік шынтақ буынында имей ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4-5 cм ығыстырып, ырғақпен басады. Массажды 15 рет дене салмағымен жасап 2 рет ауыздан ауа үрлейді , сосын қайта 15 рет массаж , қайта 2 рет ауызға жасанды дем береді . Жүрекке массаж минутына 60 тан кем болмауы керек. Әр үрлеген соң тамыр соғуын тексеру керек . реанимациялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыруы керек . Оны тері жабындылары мен шырышты қабаттардың түсінің өзгеруінен ,қарашықтардың тарылуынан ж\е жарыққа реакциясының болуынан кенеттен тыныстың пайда болып оның реттелуінен ж\е ұйқы артериясында пульстың пайда болуынан білуге болады.

10)Естен тану.Алғашқы көмек.-Естен тану -қысқа уақытты ес жоғалту,жүректің және тыныстың әлсіреуі.Ми қан айналымының қамтамасыз етілуінің жедел бұзылысында бірнеше секундтан 5-10мин созылады.Естен тану болуы мүмкін;қорқыныш,ауыр ауырсынуларда,дене қалпын тез өзгерткенде болады.Естен тану көбіне ауыр нервтік психикалық трамва барысында қажу толқу жан күйзелісінде болады.Науқасты шалқасынан жатқызу, басын төмен,ал аяғын жоғары орналастыру керек.Жақсы тыныс алу үшін киімнің мойнын және кеудесінің түймелерін босатамыз.Аяғына грелка қоямыз.Мүсәтір спиртін иіскетеміз және мұрнына мүсәтір спиртіне малып мақта қоямыз,бетін салқын сумен бүркейміз.Ауыр талма жағдайында жасанды тыныс алдырамыз.Есін жинаған соң ыстық кофе береміз.

11)Асептика және антисептика.Жара жұқпасының алдын-алу және онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпада сақтандырудың біртұтас жүйесін құрайтын асептика мен антисептиканың әр алуан тәсілдері қолданылады.Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған,сөйтіп,оны жұқпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың(жара жұқпасынан сақтандыру әдістері)жиынтығы асептика д.а.Асептиканың негізгі заңы-жараға тиетін нәрсенің бәрі микробсыз,яғни стерильді болуы тиіс.Асептикаға қол жеткізу үшін,негізінен,микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура(бумен,қайнату арқылы стерильдеу)және кейде әр түрлі химиялық заттар(йод,спирт),сонымен бірге ультрадыбыс,газдар,иондаушы сәулелену пайдаланылады.Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика д.а.Антисептиканың түрлері-механикалық-микробтар мен өлі тіндерді алып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойып кесу;физикалық-жараға ылғал тартқыш мақта-дәке танғышын салу,кептіргіш ұнтақ,тампон,білте,дәкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік туріндегі білтені пайдалану,сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудің ашық әдісімен кептіру.

12)Күйіктер кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету-Ауыр күюлер кезінде зардап шегуші киімдері мен аяқ киімін абайлап шешу-жақсысы оларды кесу керек терінің күйген жеріне қол тигізуге немесе оған қандай да бір мазь,май,вазелин немесе ерітінді жағуға болмайды.Күлдіреулерді жаруға,күйген жерге жабысқан немесе басқа да шайыр заттарды алып тастауға болмайды.Жараға жабысқан және күйген киім қалдықтарын да сыпыруға болмайды.Күйген жерді басқа кез-келген жарақат секілді байлау керек.Стерильденген материалмен немесе таза үтіктелген шүберекпен жабу,үстінен мақта салып дәкемен бекіту керек.Алғашқы көмектің мұндай тәсілін көрсетуді күюдің;бумен,вольтты доғамен,ыстық шайырмен,конифольмен және сол секілді барлық түріне пайдалану керек.Көз электр доғамен күйген кезде бор қышқылынан суық таңулар басып,зардап шегушіні бірден дәрігерге жіберу керек.

13~Үсіктің дәрежелеріне сипаттама.

Үсінудің төрт дәрежесі болады. Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуінен болады. Терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі – зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады, олар аса мәнді және аса көрнекті болмауы мүмкін. ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі – зақымданудан кейінгі бірінші күні түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.

ІІІ дәрежелі үсіну кезінде температураның төмендеуі және ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы артады. Бастапқы кезде пайда болған көпіршіктердің іші қанға аралас, түбі қоңыр-көк болады және тітіркендіргіштерді сезбейді. Терінің барлық элементтері өледі де соңында бітеледі және тыртықтар өрістейді. Түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді немесе  пішіні бұзылып өседі. Өлген ұлпалардың түсуі 2,3-аптада аяқталады, одан кейін тыртықтанады, ол 1 айға дейін созылады. Ауруды сезінудің қарқыны мен ұзақтығы ІІ дәрежелі үсінуден жоғарырақ. IV дәрежелі үсіну температураның аса төмендеуінен және ұлпаға ұзақ уақыт суық әсерінен туады. Ол көбінесе ІІІ және ІІ дәрежелі үсікке шалдығумен үйлеседі. Жұмсақ ұлпаның барлық қабаттары өледі, жиі сүйек пен буын зақымданады. Зақымданған участок көпкөңгек, тіпті кейде мәрмәр түсті болады, жылыған кезде ісік пісіп ұлғая бастайды. Терінің температурасы оны қоршаған үсікке шалдыққан ұлпа участогінен біраз төмен. Көпіршіктер үсікке төмендеу шалдыққан учаскелерде, ІІІ – ІІ дәрежелі үсінген жерелерде дамиды. Ісік біраз ұлғайған жерінде көпіршіктің болмауы, сезімталдығының жоғалтуы IV дәрежелі үсуге шалдығудың куәсі болып табылады. ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су жібермейтін мата). Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды. Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, аз мөлшерде алкоголь,  1 таблеткадан аспирин, анальгин,  2 таблетка «Но-шпа» және папаверин береді.

14)Улану кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек-тағаммен улану себептері көбінесе сапасыз ет өнімдері бұзылған балық қышқыл сүт өнімдері,саңырауқұлақтар жабайы өсімдіктер мен жидекткр.Уланған науқасқа көп мөлшерде су ішкізу керек.Егер есінен танған болса,су ішкізбейді.Тез арада құсуды шақыру керек.Ол үшін тұзды жылы су ішкізіп,екі саусақты тіл түбіріне апарып құсуды шақырады.Егер науқас жатқан болса,басын бір қырына бұру керек.Уланған науқасқа белсендірілген көмір таблеткасын жылы сумен ішкізу.Қышқыл немесе сілтілермен уланған кезде құсуды шақыруға болмайды.Бұл кезде кисель,өсімдік майы,сары жұмыртқа беру керек.Көбіне ұйқышылдық болады бірақ науқасты ұйықтатпау керек.Ол үшін мұздай сумен бетін жуып,шай береді.Қатты қозу кезінде төсекке жатқызып,тез әрекет жасауына мүмкіндік бермеу керек.Егер тырысулар пайда болса,науқастың денесін жылытып грелка қою керек.Қандай улану болса да,мед.мекемеге апару керек.

15~Мұнай газымен улану кезінде алғашқы көмек

Құрамына күкірт сутек кіретін мұнай газдары анағұрлым қауіпті болып келеді. Күкірт сутегі көп шоғырлануда нашар сезіледі н\е мүлдем сезілмейді . күкірт сутегінің бұл қасиеті қауіптіліктің жоқтығы туралы жалган әсер береді. Күкірт сутегімен улану кезінде зардап шегушіні таза ауаға шығару, тыныс алуды қиындататын ж\е қысатын киімдерін босату ,жылы орау ,жылыту, аяғына шілтер қою ,қою шай н\е жылы сүт беру керек.

Егер оттек болатын болса , оны ұзақ уақыт шамалы үзіліспен беру ,ал егер зардап шегушінің тыныс алуы нашарласа қолдан тыныс алдыру жасау керек.