- •2.Алғашқы жәрдемнің ең басты міндеті -
- •3)Қан кетулер кезіндегі жедел көмек.
- •6)Сынық белгілері
- •2 Ші дәрежелі сұрақтар жедел жардем
- •6)Реактивті периодқа дейінгі кезең
- •7)Электрожарақат кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •8)Травмалық шок және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •9)Сіңірдің созылу белгілері
- •10)Капилярдан қан кету белгілері
6)Реактивті периодқа дейінгі кезең
Реактивті период дененің жылығанынан бастап,яғни гипоксияны, тінінің қабынуы мен некроздалуы пайда болу уақытын қамтиды.
Үсіктің клинкалық дәрежелерін және тереңдігін анықтау,үсіту агенті әсер еткеннен кейін тек 12-24 сағаттан кейін немесе оданда кеш анықтауға болады.
Реактивті период.
Жылынғаннан кейінгі ауырсынудың интенсивтілігі үсіктің тереңдігі мен көлеміне байланысты.
Үсіктің бірінші дәрежесі-науқас зақымданған аймақтық ашып сыздап ауырсынуына,буындардың қақсауына,кейде шыдатпайтындай қышынуына,терінің ісінуіне,әртүрлі дәрежедегі жансыздануға шағымданады.
Үсіктің екінші дәрежесі-жоғарыдағы шағымдар болады,тек интенсивтілігі біріншіге қарағанда күштірек болады.Сонымен қатар алғашқы екі-үш күннің ішінде көпіршіктер пайда болады,ауырсыну 3-4 күнге созылады.
Үсіктің үшінші дәрежесі-жұмсақ тіндердің және терінің некрозы пайда болады.Ол үш кезеңмен жүреді.
1.Көпіршіктену және өліеттену кезеңі
2.Өліеттену тіндердің түсіп,грануляцияның дамуы кезеңі
3.Тыртықтану және эпителизация кезеңі
Үсіктің төртінші дәрежесі-тотальды өліеттену айқын көрінеді.Айқын демаркационды линия 12 күннен кейін пайда болады.
7)Электрожарақат кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
Электрожарақаттану-ағзаға электр тоғынан зақым келуі.Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы болады.Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады.Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп,тікелей әсер етуінен пайда болады.Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы,жүрек қызметінің нашарлауы,тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
Найзағай жарақаты,жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас,есту қабілеті нашарлайды,сөйлеу қабілеті төмендеп,теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
Алғашқы жәрдем.Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату:рубильникті өшіру,электр сымын шауып лақтырып тастау керек.Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап,зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
8)Травмалық шок және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
Ағзаның қан айналасының жай жүруінен травмалық шок пайда болады.
1.Ағзанаң әлсізденуі
2.Бас айналуы.Жүрек айнуы
3.Қатты сусау
4.Терлеу
5.Ақырын және біркелкі емес пульс
6.Тез дем алу
Алғашқы көмек.
1.Науқасты басын төмен,аяғын жоғары қаратып жатқызу
2.Оны тыныштандыру
3.Белдігін,түймелерін босату
4.Жедел-жәрдем шақырту
5.Науқасты көрпемен орау.Грелканы қолданбаған жөн
6.Ерін сулау,бірақ су ішкізбеу.Өйткені ол адамның ауруханаға барғанда анестезияны уақытына жасамауға апарады.
7.Адамды қозғатпау керек
8.Егер демалу қиындыққа түссе,онда адамды кеудеге жатқызып,басынды қисайту керек
10.Егер адам дем алмаса,онда оған жасанды түрде дем алдыру қажет.
9)Сіңірдің созылу белгілері
Көп жағдайда тізе буын сіңірі созылады.Бірақ йықты да,қолды да созылып алуға болады.Бар жағдайда зақымның ауруы сынғандай ауырады,әсіресе сіңір жыртылғанда.Сондықтан соңғы диагнозды рентгенографиядан кейін ғана қоюға болады.
Белгілері:
1.Қатты ауруы
2.Ісінуі
3.Тері түсі өзгеруі
Емделуі;
Созылған терге қысымды азайту.Запастья зақымданғанда қолды байлау арқылы оның ауруын жеңілдетуге болады.Тобық сіңірі созылғанда жатып,аяқ астынан жастық қою керек.Алғашқы кезде салқын,кейін жылы таңу керек.
Егер ауру және ісік басылмаса дәрігерге барған жөн.
