Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық СРС.rtf
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

Инфляцияның түрлері

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға , ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

  • Инфляция қарқынын жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%- тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикплық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

  • Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20%-тен 200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алмайды.

  • Аса зор, шексіз инфляция, гиперинфляция, айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-5260%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мысалы, мұндай құбылыс 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, оның санының көбеюіне әкеледі. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын да атап өту орынды. Басқа инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмайды.

50-60 жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа бірқалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70-жылдарда ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық процестіе ең қызған шағы 70-жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7 %, ал 1966-1974 жылдары 5,1% болды, 1975-1980 жылдары-9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1%, 6,0% және 17,9% Францияда 5,0%; 5,9% және 10,9%. 1980-жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ке тең болды. 1987 жылы - 3,7% -ке төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануыннан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға зиян келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жағдайы бұзылады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы өзінің тепе-теңдік жайына келеді. Бұл рыноктық шаруашылықтың әсері, оның нәтижесі. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.