Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық СРС.rtf
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

Жұмыссыздық және оның түрлері

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұммыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:

1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.

4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабумен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты білуді талап етеді.

6.Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себебін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырды. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атап өткен. Олардың әрқайсысының өзінің себептері бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлеріннегізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - "жиынтық сұранымның жетіспегенінен" туындауын жатқызыды, алдымен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - " жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін" жатқызамыз.

Кез-келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан ғана айырылып қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айрылу психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысы қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қарастырылады.

Жұмыссыздықтың деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

ЖД = (ЖС/ЖК)*100

мұндағы - ЖД - жұмыссыздық деңгейі;

ЖС - жұмыссыздар саны;

ЖК - жұмыс күшінің саны;

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұммыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисті Артур Оукеннің есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейімен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,8 санымыз - Оукен коэффициенті деп аталады.

Еңбек нарығы және тұрғындарды жұммыспен

қамтудың мемлекеттік саясаты

Еңбек нарығы - бұл нарықтың ерекше түрі; онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады .

Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойыша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және де басқа көрсеткіштердің құрылымын анықтайды.

Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қарайық Классикалық теория дап маркстік емес әдебиетті, ағылшын мен американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршалға, Пигу және тағы басқалары ортоксальдық( алған бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну қызметін құрауға , оны жетілген бәсеке рынок жағдайында пайдалануды ұсынады. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам - кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады- нақты жалақы мен шекті өнімнің құны. Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін қамту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқталады.