- •Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен әдістері.
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •ҚжШбж жүргізу және ұйымдастыру бойынша ақ құрамы командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы
- •Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанағында тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Глоссарии.
- •Бақылау сұрақтары:
ҚжШбж жүргізу және ұйымдастыру бойынша ақ құрамы командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы
АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.
Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:
АҚ құрамының жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;
Белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;
Жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын тақару және құрама ішінде өзгеріс керек болса жасау;
Автокөлікті және т.б. мүлікті қабылдап, оның ақаусздығын тексеру;
Жеке құрамаға табельдікғ мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;
Жеке құраманың жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;
Жек құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;
Жиналу ауданында автокөлікті, техниканы, мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;
Құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.
Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылары хабарландарады.
Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жиналу пунктілеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.
Жиналу орындарында жеке құрама табельдік мүлік қабылдайды, оның қаусыздығын текесеріп, деке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.
Газқағарлар мен тыныс алу органдары қорғайтын басқа да құралдарды жеке құрамадағы адам алған сәттен бастап өзімен бірге алып жүруі тиіс. Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі.
Жеке құрама жиналған соң және барлық мүлік-техникамен қамсыздандырылған соң командир, егер қажет болса, құрама дайындығын байқайды.
АҚ құрамасының дайындыққа келтірігендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды.
Күштердің даярлығы мен іс-әрекеті алдын ала пысықталған жоспарда анықталады. Жоба-жоспар ықтимал ТЖ болжау негізінде құрылады.
АҚ нысана бастығының өмірі бойынша АҚ құрамы командирі ТЖ ауданына, алдағы жұмыс орнына жорық жасайды. Іске қосылған күштердің сәттілігі олардың пайдалану тиімділігі белгілі бір деңгнһейде барлауды дер кезінде құйымдастыруда және жүргізуде нақты жағдайларды ескеруге байланысты.
Барлауды барлайтын буындар жүргізеді. Олрадың саны мен құрамы ТЖ аумағына байланысты.
ТЖ ауданында құрамалар көрсетілген часткелерде орналасып, нақты міндеттер алады. Құрама командирлері қойылған міндеттердің сәтті орындалу үшін жеке жауап береді.
Тапсырма алысымен құрама командирі оны түбегейлі шешіп, жағдайды бағалап әрі шешім қабылдап, ауызша бұйрық береді де, жеке құрама жұмысын ұйымдастырады. Құрама командирі бағынышыт құрамаларға міндет қояды, өз шешімінде жұмыстарыдң жалғасымдылы,ғын және әрекеттену тәртібін, құрамаларды жан-жақты қамсыздандыру мен басқаруды қадлай ұйымдастыру керектігін айта кетеді.
Құрама командирлері өз бұйрығында аудан бойынша қалыптасұқан жағдайды және құрама міндетін , медициналық көмек беретін нүктелердің қай жерде орналасқандығын , зардап шеккендерді көшіру тәртібі және жолын, жұмыстардың басталу уақытын, жеке құрамалы ауысыды демалысын ұйымдастыруды, жұмыстардағы қауіпсіздік шарларын, өз орны мен орынбасарлар орнын анықтайды. Бұйрық нақты әрі дәл болу керек.
Жер сілкінісі зардабын жоюды құрамалар әуелі мыналарды жасайды:
Үйінді астынан және өртеніп жатқан ғимараттан зардап шеккендерді шығару;
Үйінділерден құтқарылған зардап шеккендерді көшіру үшін және техникаға қажетті жолды ашу;
Адам өміріне қауіп төндіретін коммуналдық-энергетикалық тораптарындағы апат көздерін жою;
Опырылысқа ықтимал және апат қалпында тұрған құрылыстарды күшейту және бұзу.
ҚжШБЖ құрама командирлері әрдайым маңызды орындарда болады, өйткені ол жерден қол астында бар құрамаларды басқару ыңғайлы.
Бағыныштыларды басқаруға мүмкіндік беретін негізгі құрал байланыс болып табылады.Құрама командирі аудандағы жұмыс ахуалын әрдайым білуге міндетті, егер де өзгерніс болса, деру тиісті шешім қабылдап , жаңа міндеттерді қол астындағыларға қояды.
Апат зардабын жою барысында құрамалардың өзара өздіксіз байланыспен сақтау аса маңызды.
Төтенше жағдай аудандарында коменданттық қызмет құрылады.Ол үшін қоғамдық тәртіп қорғау құрамалары және де ішкі істер органдарының бөлімшілері тартылады.
Алдын ала қойылған мақсаттарды орындап болған соң құрамалар нұсқалған аудандарына жетіп, жаңа міндеттерге даярланады.
ҚӘУЗ ошақтарын жою нысана АҚ бастығының шешімі негізінде өтеді. ҚӘУЗ ағылып-буланып шыққанына байланысты зардапты жоюға әуелі объектінің штатты газдан құтқару қызметі кіріседі. Газдан қорғау қызметінің басты міндеті - құтқару жұмыстарын жасау, қауіпті жерлерден жұмыскерлерді көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету. Газдан құтқару құрамалары газ қауіпі бар орындарда жұмыстар жүргізеді, онда міндетті түрде газқағар кию керек. ҚӘУЗ ошақтарын жоюды радиауияға және хиимиялық қауіпіне қарсы құрамалар жүргізеді.
Зақымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар әр 300-400см сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шекрасын, оған кіру жолдарын анықтайды. ҚӘУЗ таралу бағытын, ғиараттардың бұзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметтерді барлаушылар құрама командиріне дереу баяндайды. Құрама командирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушыларыдң мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бұйрық береді. Бұйрықта құрама командирі авария сипатын және орнын, улы заттар түрін, әрі бұлардың таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсетеді.
Сол орында құрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және машиналардың т.б. құралдарыдың пайдалану ретін нақтылайды.
Құрама командирі қауіпсіздік сақтау шараларының орындалуын қадағалайды.
Азаматтық қорғаныс құрамалары ҚӘУЗ-бен ластану ошақтарына айналатын аварияларды шектейді, әрі жояды, аумақ пен ғимараттарды зиянсыздандырады.
ҚӘУЗ бар коммуникациядағы аварияларды жою барысында авариялық-техникалық топтық жеке құрамасы крандарды және т.б. айдағыш қондырғыларды жабады, улы зат құбыр арқылы әрі таралмас үшін құбыр шеттерін ағаш тығындамалармен бітейді, саңылауларға муфталарды орнатады.
Егер, объект ҚӘУЗ жайылтпайтын үйіндімен қоршалса, төгілген сұйық затты арналған жабық сыйымдылықтарға айдайды, қалған қалдықтарына дегазация жүргізеді.
ТЖ ауданынан құрамалар шығарылған соң сәулелену мөлшері анықталады, жеке құрама санитарлық тазартылудан өтеді, киім-кешек, жеке қорғаныс құралдары мен саймандары залалсыздандырылады, оның жұмыс дайындығы арттырылады, машиналардың техникалық қамсыздандыруы жүргізіледі, жұмсалған маетриалдық қралдар толқтырылады, құрама келесі міндеттерді орындауға әзірленеді.
