- •Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен әдістері.
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •ҚжШбж жүргізу және ұйымдастыру бойынша ақ құрамы командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдылығы
- •Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанағында тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Глоссарии.
- •Бақылау сұрақтары:
Санитарлық зембілдер
Санитарлық зембілдер стандартты өлшемдері бар: 221,5см ұзындығы, ені- 55см, биіктігі – 16 см, массасы 10кг дейін. Зембілді жиналған (оралған) түрінде сақтайды әрі тасымалдайды.
Зембілді бір уақытта 2 адам ашады. Белбеулерді жазып, бағаналарды қол ұстағыш арқылы керіп, матаны тартып қояды. Одан кейін тіземен тіректі сырт еткен дыбыс естілгекнше басып, әдіп тісігінің қалайша жабылғандығын тексереді. Бас жағына жастық не басқа қолда бар жұмсақ затты қояды.
Зембілді жинау барысында екі тасымалдаушы бір уақытта құлып тиектерін ашады, тиектерді өздеріне қарай тартады, зембілді жартылай жинап, аяқтармен жоғары аударады, сонда мата зембілден кері бағытқа төңкеріледі, одан кейін бағаналарды әбден тақайды, зембілді аяғына қойып матаны 3 орап белдіктермен бекітеді.
Зембілмен тасымалдағанда бір қатар ереджелерді сақтау керек. Жазық жермен жүргенде зардап шегушіні аяғын еркін жазып, ал халі шүкір болса. Оның басын алға қаратын тасымалдаған жөн. Бұл артта келе жатқан көтеруші жарақат алғанның бетін яғни халін қадағалауына мүмкіндік береді, керек болса тасымалдауды тоқтатып қажетті жәрдем көрсету үшін де қажетү
Тасушыларға өкешелерін басқа қалыспай жүрудің қажеті жоқ, керісінше, баяу , төмпеш-ойықтарды айналып жылжыған дұрыс.
Тауға қарай көтерілгенде зардап шегушінің басын алға, ал төмен түскенде артқа қаратып жалжыған дұрыс. Аяғы сынған жарақат алушыларды керісінше тасиды. Жалпы көтерілу не төмен түсу кезінде зембіл көлбеу күйінде болуға тиіс. Ол үшін: көтеру кезінде артта келе жатқан адам зембілді өз иығына дейін көтереді, ал төмен түсуде осы әдісті алда келе жатқан адам ұқайталайды.
Арнаулы зембіл жоқ кезінде оны қолда бар құралдардан жасайды. Ондай зембілдер адам салмағын мықты көтеретіндей болу керек. Көтергіш белдіктерді 2-3 белдіктер, брезент, жайма, жуан жіп-арқан кесінділерінен жасауға болады.
Глоссарии.
Тірі қалу факторлары – адамның келеңсіз жағдайға дайындығы, өмір сүруге ерігі, физикалық дайындығы
Өндірістік апат – өнеркәсіп кәсіпорындарында бағалы материалдар, адам өліміне әкелетін кенеттен жұмыстын тоқтауы немесе өндірістік процестің бұзылуы
Өрт – бағалы материалдарды жоятын және адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін бақылауға келмейтін жану процесі
Эвакуация – төтенше жағдай аумағынан бағалы материалдар мен жергілікті тұрғындарды алып шығу
Келеңсіз жақдай - денсаулықтың уақытша және тұрақты өзгерісі және өлім нәтижесі болып табылатын жопарланбаған сыртқы әсердің адам ағзасына қауіп төндіруі
Азаматтық қорғаныс – бейбітшілік және соғыс уақытында қазіргі заманғы қирату құралдарынан, табиғаттың келеңсіз жағдайларынан мемлекет тұрғындарын, шаруашылық объекттерін және территорияны қорғау мақсатында жүргізілетін басқару органдарының мемлекеттік жүйесі
Қорғаныс құрылыстары – арнайы химиялық, радиоактивті, бактериялық жұғудың және жарылғыш заттардың шығындарын жою немесе максимальды түрде азайту үшін қолданылатын инженерлік құрылыс.
Тез салынатын қорғаныш баспанасы – қауіп төнгенде қысқа мерзім ішінде 15 тәуліктен 1 ай ішінде салынатын қорғаныш баспанасы
Жер сілкінісі – табиғи процестерден жер қабығында болатын жер асты соққылар мен жер үсті тербелістер
Қауіпсіз аймақ – бұл мүмкін болатын қираудан, радиоактивті ластанудан және химиялық жұқтырудан, апаттық су тасқындарынан тыс территория
