Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы каз.050114-тарих.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529 Кб
Скачать
☆

1.9 Баға туралы ақпарат

Барлық тапсырмалар уақытында тапсырылуы керек. Уақытында орындалмаған тапсырмаларға бірден-ақ төменгі баға қойылады. Емтихан тапсырғанда немесе жазбаша жұмыстарды орындау кездерінде біреуден көшіріп алуға қатаң түрде рұқсат етілмейді.

Төменде білім деңгейін бағалау кестесі берілген:

Бағалау

Мағынасы

Орта балл

Пайыздары %

А

Үздік

4

95-100

А-

Үздікке жақын

3,67

90-94

В+

Жақсыдан жоғары

3,33

85-89

В

Жақсы

3

80-84

В-

Жақсыға жақын

2,67

75-79

С+

Қанағаттан жоғары

2

70-74

С

Қанағат

1,67

65-69

С-

Қанағатқа жақын

1.33

50-54

F

Қанағатсыз

0

49-0

Рейтинг-деңгей

Бақылау түрі

Баллдар

Ағымдық бақылау

15 – 30

Аралық бақылау

15 – 30

Емтихан

20 – 40

Барлығы:

50 – 100

1.10 Курстың саясатымен процедурасы (оқу барысында магистранттарға қойылатын талаптар мен ұсыныстар)

  • сабаққа кешікпеу;

  • ұялы телефонды өшіру;

  • сабаққа іскер киіммен келу;

  • сабақты босатпау, егер денсаулығына байланысты сабақты босатса дәрігер анықтамасын ұсыну;

  • босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген мерзімінде қайта өтеу;

  • тапсырылған тапсырмалар уақытылы орындалмаса, қорытынды баға төмендетіледі (айыппұл баллдарын қараңыз);

  • оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • үй тапсырмаларын және басқа да тапсырмаларды мұқият орындау;

  • әріптестеріңе мейірімді, ақкөңіл, ашық, шыдамды болу;

  • сабақта оқытушымен шынайы іскер байланыста болу;

  • сабақта барлық Магистранттардың бірігіп, ұжымдық пікір-талас өткізуіне ықпал ету;

  • ұқыпты және міндетті болу.

Айыппұл баллдары:

  • сабақ босату – 10%

  • тапсырманы орындамау - 10%

  • уақытылы тапсырманы тапсырмау - 10 %

  • кешігу – 10 %

  • жауап беруден бірнеше рет бас тарту - 10 %

  • сабақтағы тәртіпсіз қылығы үшін – 10 %

Балдарды көтермелеу:

  • белсенді жұмыс – 10 %

  • сабақты босатпау, кешікпеу – 5 %

  • түпкілікті жауап – 10 %

  • тапсырманы алдын-ала орындау – 5 %

2. «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы» атты арнайы курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар

2.1 Курстың тақырыптық жоспары Барлығы (несиелер) 2

Тақырып атауы

Лек

Сем

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе лекция. Тарихнама мәселесі. Тоталитаризм. методологиялық және теориялық мәселелері.

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.

3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.

1

1

2

2

2

1917 ж. Қазан төңкерісі және В.И.Ленин.

1. Ленин және большевизм: «апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.

2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура.

3. Қазақстанда большевиктік биліктің орнауы. В.И.Ленин және Түріккомиссия.

1

1

2

2

3

Қазақстан жаңа экономикалық саясат (НЭП) жылдарында.

1. 1920 жылдардың басындағы әлеуеттік жағдай. Елдегі ауыр дағдарыс себептері.

2. Коммунистік партияның Х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатқа өту.

1

1

2

2

4

Сталин және сталинизм.

1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Сезге хат» («Завещание Ленина»).

2. И.Сталиннің билік басына келуі.

3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.

1

1

2

2

5-6

Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: саяси негіздері.

1. Алашорда зиялыларының тағдыры.

2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері.

3. Әртүрлі «саяси ауытқышылыққ» айыптау науқандары, барысы, салдарлары.

4. Тоталитарлық жүйе жағдайындағы бір партиялық басқару.

1

1

2

2

7-8

Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасауы.

1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазақ» идеясы. Тап күресі мәселесі.

2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдарлары.

1

1

2

2

9

Тоталитарлық жүйе тұсындағы мәдени үрдістер.

1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.

2. Мәдениет пен мәдени революция мәселесінің лениндік-сталиндік тұғырнамасы.

3. Социалистік түрдегі ұлттық мәденитті қалыптастыру: тарихы мен сабақтары.

4. Дінге байланысты мемлекеттік саясат және оның жүзеге асырылуы.

5. Мәдениет саласындағы саяси қуғындаулар мен цензура.

1

1

2

2

10

Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік геноцид.

1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.

2. аштыққа қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқынщыдықты тоқтатуға бағытталған шаралар.

3. Қазақстандағы демографиялық апат.

1

1

2

2

11

Жаппай қуғын-сүргін.

1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.

2. Басқа ұлт өкілдерін қазақ жерлеріне депортациялау.

3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.

1

1

2

2

12

Соғыстан кейінгі жылдарда тоталитарлық тәртіптің күшеюі.

1. Сталиндік лагерлер жүйесінің ұйымдастырылуы.

2. Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.

1

1

2

2

13

Қазақстан сталинизмнің дағдарысы жылдарында.

1. Сталиннің өлімі. партияның ХХ съезі.

2. Қазақстан ХХ ғ. 50-60 жылдарында: экономика, әлеуметтік жағдай.

1

1

2

2

14

Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі.

1. Идеялық күрес.

2. Шаруалар көтерілісі.

3. Кеңес өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығы.

4. ХХ ғ. 70-80 жж. тоталитарлық жүйеге қарсылық. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.

1

1

2

2

15

Қазақстан тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейін.

1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.

3. Әлеуметттік-экономикалық саладағы өзгерісте: қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар.

1

1

2

2

Барлығы

10

20

60

Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе.

Тарихнама мәселесі. Тоталитаризм. методологиялық және

теориялық мәселелері.

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Мәселенің тарихнамасы.

2. Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары.

3. Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері.

Капитализм дәуіріндегі интеллигенцияның қоғамдық мәні. Социализм кезеңіндегі интеллигенцияның орны. Проблеманың тарихнамасы.

ХХ ғасыр – революциялық сілкініс және қанды соғыстар, геноцид, демографиялық тоқырау мен экологиялық дағдарыстармен тарихта қалды. міне, біз ХХІ ғасырға аяқ бастық. Біздің Отанымыз – қазақстан тарихы үш жүз жылға жуық уақыт Ресей империясы мен кеңес мемлекеті тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде қаралып келді. Отанымыздың өткен тарихы бертінге дейін маркстік-лениндік теорияға, таптық партиялық методологияға сүйеніп жазылып, қазақ этносының көлеңкесінде қалдырылып келді.

Бүгінгі күні қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан тұста халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» егер бұрын Қазақстан тарихы біртұтас КСРО тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде ғана ұғындырып келсе, енді оны әлем тарихының, Еуразия тарихының, Орталық Азия елдері тарихының аясында қарастыру жөнінде, Қазақстан тарихының әлемдік тарих легіндегі лайықты орын айқындауға ерекше көңіл бөлінген. Отан тарихындағы бүгінгі күн тұрғысынан қайта зерделеп, тың деректер негізінде теориялық және методологиялық жағынан тереңдете білім беруді қажет ететін өзекті мәселенің бірі – Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы.

Мәселенің мәні мен ақиқатын шынайы тарихи деректер арқылы айқындап, тұжырымдар жасауға болады. Біздің мамандық пәніне қатысты жасауға болады. Біздің мамандық пәніне қатысты Қазақстандық дерек көздеріне тоқталар болсақ. Бірінші осы жолдардың авторының ғылыми зерттеу жұмысы барысында жинаған мұрағат деректері, ғылыми басылымдарда, монографияларда жарияланған мұрағат материалдары. Екінші, мерзімді басылымдар деректері. Бұл қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани салалардағы қозғаушы күш қана емес, ол өткен уақыттың жылнамасы. Белгілі бір кезеңнің болмыс-бітімін тану үшін сол кезеңдегі бапасөзді терең зерттеу арқылы да орасан зор мәлімет алуға болады. ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1917-1918 жылдары бағыт-бағдары, мақсат мен мазмұны «Айқап», «Қазақ» және басқа да ұлттық басылымдардан өзгеше большевиктік басылымдар пайда болды. Қазақстанда Кеңестер билігі орнағаннан кейінгі кезеңдерде ұлттық негіздегі мерзімді басылымдар біржола жабылды да, олардың орнын большевиктік басылымдар ұзақ уақытқа басты. Біз қарастырып отырған кезеңде шығып тұрған «Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Социалды Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Народное хозяйство Казахстана», «Большевик Казахстана» және тағы басқа басылымдар қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалардан халыққа ақпарат жеткізу міндетін атқарса, уақыт өте келе елімізде коммунистік диктатураның орнау, әкімшіл-әміршіңл жүйенің қалыптасу және орнығу тарихының құнды дерек көзіне айналды. Елімізде өтк күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырылған ХХ ғасырдың 20-30 жывлдарындағы мерзімді басылым материалдарының негізгі бағыттарын шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші бағыт ол ұлттық мәселе, ұлттық мемлекет құруға көзқарас. Аталған бағыт Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа алаш зиялылары мен сол жылдардағы Өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекин «алаштың жас буыны» деп баға берген С.Сәдуақасов, Ы.Мұстамбаев, Ж.Сұлтанбеков, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және «либерал-коммунист» Н.Нұрмақовтың баспасөз беттеріндегі мақалаларынан танылды. Ф.Голощекин алаш зиялылары жөнінде «оларды жұмысқа қосып, партияға ала тұрсақ та, олардың байшыл, ұлтшыл салт-санасына қарсы күресу керек» деген біржақты пікір ұстанды. Бұл пікір тек бірінші хатшының ғана емес, жалпы коммунистік партияның «ескі» интеллигенция туралы ұстанған бағыты болатын. Сол себепті де алаш зиялыларының қоғамда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге, ұлт болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге, ұлт мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық жария етілмеді.

Тақырып 2. 1917 жыл Қазан төңкерісі және В.И. Ленин

1. Ленин және большевизм: «Апрель тезистерінен» Қазан декреттеріне дейін.

2. Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура.

3. Қазақстанда большевиктік биліктің орнауы. В.Ленин және Түріккомиссия.

В.Ленин 1917 жылы 4 сәуірде партияның Орталық Комитетінің, Петербург комитетінің мүшелері алдында, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің бүкіл Ресейлік большевик делегаттары алдында «Пролетариаттың үстіміздегі революциядағы міндеттері туралы» баяндамажасады. Баяндаманың тезистері 7 сәуірде «Правдада» жарияланды. Ол тарихта «Апрель тезистері» деген атпен қалды. Онда айтылған басты мәселе «буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру». Ленин өз серіктеріне «бұрынғы большевик» қалпында, яғни 1905-1907 жылдардағы саяси-идеялық деңгейдеқалып қоймауды ескертті. Ол революцияның мақсаты буржуазиялық-демократиялық болатын. Тоталитарлы мемлекеттің болашағын болжап берген В.Лениннің «Мемлекет және революция» деген еңбегі болды. Ол «жаңа пролетарлық мемлекет... «жаңа диктаторлық» мемлекет» - деп атады. Диктатурада басшылық жасап, бағыт беруші коммунистер партиясы болатынын атап көрсетті. В.Ленин өз хаттарында партияны көтеріліс ұйымдастыруға шақырды. Оның нәтижесі 1917 жылғы 25 қазанда (7 қараша) көрінді. Осы күні Кеңестердің ІІ съезі В.Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға!» үндеуін қабылдады. 2 қарашада «Ресей халықтарының деклорациясы», «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» үндеуі және жер туралы, бітім туралы, сауатсыздықты жою туралы бірқатар дектреттер қабылданды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауының орталықтан басқаша өзіндік ерекшеліктері болды. 1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының барынша жанданған кезеңі болды.

Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің Ақпан төңкерісінен кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты. Либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқай Ақпан төңкерісі жеңісінен кейін қазақ интеллигенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылым қызметіне ұсыну қажет деген мәселе төңірегінде кеңесе бастады. Олардың ұсынысы бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып А.Бірімжанов, Ғ.Кенесарин, А.Тұрлыбаев, М.Саматов т.б. тағайындалды. Елде қос үкіметтің жергілікті органдары және қазақ комитеттері құрылды, сонымен қатар еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары да құрыла бастады.

Қазақстанның 20-ға жуық қалалары мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының ұйымдары пайда болды. Омбыда «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік» ұйымы, Ақмолада «Жас қазақ», Спаскі заводында «Жас жүрек» Әулие ата уезі, Мерке қыстағында Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революциялық одағы», Семейде «Жанар», Қызылжарда «Талап» т.б. жастар ұйымдары құрылды. Жастар ұйымдарының көпшілігі алғашқы кезде өздерінің алдына ағартушылық мақсаттар қойды. Елдегі әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалымен кейбір жастар ұйымдары: «Қазақ жастарының революциялық одағы», «Жас қазақ», «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» өз бағдарламаларына ағартушылық мақсаттармен қатар ауылдағы үстем таптарға, уақытша үкіметке қарсы кұрес талаптарын кіргізіп, түбірлі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтере бастады. 1917 жылдың жазына қарай Ақмолада С.Сейфуллин, Б,Серікбаев басшылығымен құрылған «Жас қазақ» ұйымы»Тіршілік» атты газетін шығарып ауылдағы үстем таптарға, Уақытша үкіметке, алашшылдарға қарсы күрес жүргізді.

Қазақ жастары ұйымдары барлығы бірдей болған жоқ. Семейдегі «Жанар», Қызылжардағы «талап», Омбыдағы «Бірлік» ұйымдары «Алаш» партиясының ықпалында болып, әлеуметтік-таптық тартыста соның саяси бағытын қолдады. 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демокатиялық қозғалыс жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімін әлсіретті. Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер шешімін таппады. Уақытша үкімет ұлт және аграрлық мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге талпынбады. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болып қала берді. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейханов пікірі де күрт өзгерді. Ол өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында оқырман назарын негізгі үш мәселеге аударды: жер, автономия, дін мәселесі.

Сөйтіп Ә.Бөкейханов Ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға кірісті. 1917 жылы 21-26 шілдеде өткен І Бүкілқазақтық съезд «Алаш» партиясының құрылғандығын жариялады. 1917 жылдың қазан-қараша айларында тағы да бір ұлттық-саяси ұйым «Үш жүз» партиясы дүниеге келді. Ол өзін «қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы» деп атады.

1917 жылғы қыркүйек-қазан айларында лениндік ұрандарға сенген Қазақстанның жұмысшылары, кедей шаруалары өкіметті Кеңестердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды талап ете бастады. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде терең бетбұрыс жасаудың алғышарттары пісіп жетілді. Қазан төңкерісіне тікелей дайындық кезеңінде Қазақстанға большевиктік эмиссарлар келе бастады. Қазақстанда Кеңес өкіметін түпкілікті орнатуда В.Ленин қол қойған арнайы мандатпен келген эмиссарлық орган Түріккомиссия да ерекше белсенділік көрсетті. 1917 жылы 28 қарашада Халық Комиссарлар Кеңесінің шығарған «Төңкеріске қарсы болған азамат соғысы көсемдерін тұтқындау» туралы декреті шықты. Осы декретте кадет партиясы мүшелеріне қаратылып «халық жауы» деген термин енгізілді. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы 5 қыркүйектегі «Қызыл террор туралы» қаулысында «террор», «концлагерь» терминдері де енді.

Коммунистік партия мүшелері идеялық жағынан біркелкі, саяси мәселелер жөніндегі көзқарастары, ой-пікірлері бір жерде тоғысып жатуы тиіс болды. Алайда, партия мүшелерінің бәрі тең құқықты болған жоқ. Партия мүшелерінің тең құқықтығы партия құжаттарында айтылғанымен, төменгідлер партияның жоғарғы органдарындағы көсемдерінің көзқарасын ұғынып, істі жалғастыру дәстүрі қалыптастырылды. Партияның басшылық рөлі алғашқыда социализм құрудағы қажеттіліктен туындаса, уақыт өте келе билікті толық қолға алған соң тоталитардық жүйенің асыра сілтеулерін ақтап қалуға қажет болды. Төңкерістен кейін орнаған билік – жұмысшы мен шаруалар табының билігі деп ұрандалғанымен, шын мәнісінде партиялық билік орнады.

Тақырып 3. Қазақстан жаңа экономикалық саясат (НЭП) жылдарында

1. 1920 жылдардың басындағы әлеуметтік жағдай. Елдегі ауыр дағдарыс себептері.

2. Коммунистік партияның Х съезі (1921 ж. 20 наурыз)

3. Жаңа экономикалық саясатақа өту.

Азамат соғысында Қызыл Армия жеңіске жетіп, қарсыластарын тізе бүктірді. Біріншә дүниежүзілік соғыс жылдарынан басталған экономикалық қарама-қайшылықтар тереңдей түсті. аймақтардағы экономикалық байланыстар үзілді. Ауыл шаруашылығы экстенсивті сипатта болды. ОНың бағыттары: көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік болды. ауыл шаруашылық аудандарының даму дәрежесі өте төмен болды. Шетелдердің әскери интервенциясы мен азамат соғысы жағдайында елде экономикалық саясат енгізілген еді. Ол тарихтан белгілі «әскери коммунизм» саясаты деп аталды. «Әскери коммунизм» саясаты өнеркәсіпті толығымен орталықтандырып билікті мемлекеттің қолына берді, мақсат елдің қорғанысын қамтамасыз ету болғандықтан тамақ, шикізат және басқа да өнімдерді қалай пайдалану мәселесін мемлекеттің өзі шешті. Бұл «Әскери коммунизм» саясаты ауыл шаруашылығына өнім дайындаудың бөліп өлшеу жүйесін енгізді. «Продармия» дегендер пайда болды. Олар мемлекет үшін шаруашылық өнімдерін жинады. Өнім дайындаушыларға күн көрістері үшін ең төмен нормамен өнім қалдырып, көнбегендерден күшпен тартып алынды.

Қазақстанда 300-ден астам ірі өнеркәсіп орындары национализацияяланды. Азамат соғысы жылдарында енгізілген «әскери коммунизм» саясатының жеке кәсіпкерлік пен саудаға тыйым салуы экономикаға тиімсіз болды. Бұрынғы шаруашылық байланыстары үзілді, жаңа шаруашылық жүйесі қарқын ала алмады. Национализацияланған өнеркәсіпті басқарудың жаңа жүйесі бірден шектен тыс орталықтандырылған, бюрократтық сипат алды. маман жұмысшылардың жетіспеуі, азаматтардың соғыста болуы, енді бір бөлігінің әкімшілік жұмыстан босамауы, шикізаттың жеткіліксіздігі кей жағдайларда саяси және әскери органдардың өнеркәсіп саласына араласуына алып келді.

Соғыстың салдарлары, табиғи апат (қуаңшылық, астықтың шықпауы т.т.), иррационалды экономикалық саясат ауыл шаруашылығында дағдарысты жағдай қалыптастырды. Мал шаруашылығы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914-1922 жылдар аралығында мүйізді қара -2,1 миллион басқа, жылқы – 2 миллионға, ұсақ мал – 6,5 миллионға, түйе – 300 басқа қысқарды.Осы жылдары барлық мал басы 10,5 миллионға азайды. Ауыл мен деревняларда мемлекеттің күштеу саясатына наразылық өрістеді.

Қалыптасқан жағдай елдегі шаруашылық саласына жаңа өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті. Оның негізгі өзегі қалыпты экономикалық қатынастар қалыптастыру болуы тиіс еді. шаруашылық күйзеліс, азамат соғысы және шетелдік соғыс интервенциясы жағдайында азық-түлік салғырты азық-түлікпен қамтамасыз етудің мәжбүрлі құралы болды. Мұны Халық комиссарлар кеңесі «соғыс коммунизм» кезінде ірі саяси және экономикалық маңызы бар шара ретінде 1919 жылы 11 қаңтарда енгізді. Уақытша енгізілген «әскери коммунизм» саясаты, азамат соғысы жағдайында бірден-бір мүмкін әрі қажетті шара болды.

«Әскери коммунизм» саясатының салдарлары:

 Шаруалардың «антикоммунистік» көтерілістер ұйымдастыруы, соңында большевиктердің салғырттан, «соғыс коммунизмі» саясатынан бас тартуына алып келді;

 Өнеркәсіп саласын анархия жайлады. Шаруашылық жүйесі еркін даму мүмкіндігінен айралды;

 Еңбекті тотальді милитаризациялау орнықты;

 Еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижесінен шеттетті;

 «Идеяға» еңбек ету қажеттігін түсіну қалыптасты.

Соцаилизмнің экономикалық іргетасын қалау үшін, ірі өнеркәсіп саласын жаңа техникалық база негізінде қалпына келтіру және қайта құру қажет болатын.

1921 жылы 8-16 наурыз аралығында РКП(б) Х съезі болды. Съезден кейін Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК) жаңа экономикалық саясатқа көшу курсын бекітті.

«Әскери коммунизм» саясатының қатал шектеулерінен босату шаруалар мен кәсіпкерлердің белсенділігін оятып, халық шаруашылығының еңсесін көтеруіне әсер етті. Азық-түлік салғырытының орнына азық-түлік салығы енгізілді.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында мына мәселелерге мән беру ұсынылды:

 саяси-идеологиялық салада – қатал бір партиялық жүйе, кез келген оқшау ойлау мен оқшау әрекетке жол бермеу. Партия кадрларына коммунистік тәрбие беру, жат «буржуазиялық» идеологиядан сақтандыру мақсатында В.Ленин «Жауынгер материализмнің маңызы туралы» мақаласын жазды. Бұл мақала партия саясатына басқа бағытта ойлаушыларға қарсы күреске жұмылдырылды;

 экономика саласында - әкімшіл-нарықтық (административно-рыночную) шаруашылық жүйесін құру мақсат етілді. Азық-түлік салығын енгізу дегеніміз капитализмнің кейбір көріністерін жандандырып, жеке меншіктегі ұсақ кәсіпорындардың ашылуына жағдай жасайтын еді.

Жаңа экономикалық саясатты енгізумен мынадай мәселелер шешімін тапты: жерді жалға беру және алу, жалдамалы еңбек күшін пайдалану, ауыл шаруашылық, кредиттік, тұтыну, кооперациялары кеңейіп дамыды. «Әскери коммунизм» кезінде енгізілген еңбек етуге міндеттілік және еңбекке жұмылдыру тоқтатылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке тұлғалар немесе кооперативтерге жалға берілді.

Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру қиын жағдайда жүргізілді: шикізат пен отын, маман жұмысшы қолы жеткііксіз болды. Қабылданған жаңа экономикалық саясат жағдайында ел еңсесі біртіндеп көтерілгені байқалды. Республиканың ауыл шарушылығы саласы да ілгеріледі.

1921-1925 жылдары Қазақстанда Кеңестер жүзеге асырған экономикалық саясаттың қарама-қайшылықты жақтары да болды. Төңкерістің алғашқы жылдары ұлттық аймақтарға, алыс аудандарға көмек көрсету жөнінде көп айтылғанымен, орнығып келе жатқан жаңа жүйе бар мүмкіндіктерді Мәскеу қаласы мен Ресейдің егінді аудандарында Кеңес билігін нығайтуға жұмылдырды. Ұлттық аудандар мемлекеттің шет аймақтары саналды да, орыс емес ұлттардың мұң-мұқтажына сөз жүзінде болмаса, іс жүзінде айтарлықтай көңіл бөлмеді.