Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Э технологиялық қондырғылар- Дәріс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

Дәріс тақырыбы: 5. Технологиялық кешендердің электржетегі және автоматтандырылуы. 5.6 Электрлік көлік. Қалалық, өнеркәсіптік электрлік көлік, метрополитен.

Электрлік жылжымалы құрамның негізгі сипаттамалары.

Электрлік жылжымалы (электржылжымалы) құрам дегеніміз – бұл қозғалмалы дөңгелектердегі тарту күші тартымдық электр қозғалтқыш мен жасалатын құрам. Бұл электр қозғалтқыштарын қоректендіруге арналған энергия станционар электр станцияларынан келеді. Электрлік тартым үшін тұрақты ток және өнеркәсіптік жиіліктегі бір фазалы айналмалы тоқ қолданылады. Электрлік тартымда қолданылатын кернеулер мен тоқтар 5... кестеде көрсетілген.

Электрлік жылжымалы құрам қолданылуы, тоқ түрі, қоректендіру тәсілі, жол құрылымы және т.б. белгілері бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.

Электровоздар.

5...Кестеде электрлендірілген магистральді теміржолдарға арналған электровоздардың техникалық берілістері келтірілген.

ВЛ23 электровозы – тұрақты тоқпен қоректенеді, алты осьты, екі үш осьті арбашаларға бір кузов орнатылған. Әрбір оське тізбектеп қоздырылатын тартым қозғалтқышы орнатылған. Контакторлы – реостаттық басқару жүйесі қозғалтқыштардың үш түрлі топтамалары кезінде (тізбектелген, тізбектелген-параллель және параллель) іске қосуды қамтамасыз етеді. Бұл әрбір топтаманың әрқайсысында қоздыруды әлсіретудің төрт сатысы қарастырылған, яғни тарту режімінде электровозда 15 жүру позициясы бар.

Электровоз бен құрамда сығылған ауаның көмегімен жұмыс істейтін механикалық тежеу қолданылады. Қозғалтқыштардың бір бөлігі зақымдалған жағдайда, олар ажыратылып, электровоз азайтылған тарту күшімен қозғала алады. Барлық негізгі басқару аппаратурасы электровоз кузовында орнатылған.

ВЛ8 электровозы – тұрақты тоқпен қоректенеді, екі біртектес секциядан құралған төрт қосақталған арбашалар мен кузовтан тұрады, сегіз осі бар. Кузов әрбір арбашаға жалпақ ортаңғы табан және қосымша тірек арқылы бекітілген.

5.... Кесте

Электрлік тартымда қолданылатын номинал кернеулер мен тоқтар

Әрбір осьте қуатты 525 кВт қозғалтқыш қойылған. Сондықтан қозғалтқыштардың жалпы қуаты 4200 кВт, яғни ВЛ23 электровозына қарағанда 1.33 есе көп. Әрбір секцияның кузовында тартымдық басқару аппаратурасы мен көмекші машиналар орналасқан.

Реостатты іске қосу кезінде қозғалтқыштар былайша біріктілуі мүмкін: тізбектеле (8), екі параллель топтар (4+4) және төрт параллель топтар (2+2+2+2). Көрсетілген әрбір байланыстарға толық қоздыру кезіндегі бір сипаттама және әлсізденген қоздыру кезіндегі үш сипаттама сәйкес келеді, яғни электровозда 15 жүріс позициясы бар.

Электровозда пневматикалық тежеу және рекуперативтік тежеу қолданылады. Қозғалтқыштардың кейбіреулері істен шыққан кезде, басқа қозғалтқыштар тартымдық режімді сақтап тұрады.

ВЛ10 электровозы – тұрақты тоқпен қоректенеді, ВЛ8 электровозы сияқты басқару жүйесімен жабдықталған, ал қозғалтқыштардың жалпы қуаты шамамен 30%-ға жоғары. Арбалар бір-бірімен қосақталмаған, сондықтан тарту күші электровоздың кузовы арқылы беріледі.

Соңғы жылдары ВЛ15 электровозын жасау қолға алынған. Ол қуат жағынан алып қарағанда ең үлкен болып саналады.

5....... кесте

Метрополитен вагондары мен қала маңы электр поездарының негізгі берілістері

5....... кесте

Трамвай вагондарының негізгі берілістері

5....... кесте

Троллейбустардың негізгі берілістері

Өнеркәсіптік электрлендірілген жолдарда әртүрлі электровоздар мен тартымдық агрегаттар қолданылады.

Ашық тау-кен орындарында алты осьті 150-тонналық электровоздар қолданылады. Олардың қатаң дөңгелек базасы аз, кузовы үш секциялы болады. Олар қисық сызықтарының радиусы аз учаскелерде жұмыс істей алады. Осындай электровоздардың тарту күші үлкен болғанымен, қозғалыс жылдамдығы аз болады.

Соңғы жылдары ашық кен жұмыстарында электровоздық және тепловоздық секциялар мен моторлы думпкалардан тұратын өнеркәсіптік агрегаттар қолданылып жүр. Бұл агрегаттардың негізгі артықшылығы – олар контактілік торабы бар учаскелерде де, торабы жоқ учаскелерде де жұмыс істей алады. Торап жоқ учаскелерде энергия тепловоздық секциядан алынады. 10 кВ-тық кернеуге арналған тартымдық агрегаттарда тепловоздық секция болады. Олардың тарту күші 550-870 кН, реостаттық тежеу қолданылған.

Шоқтылардағы вагонеткаларды қозғалысқа келтіру үшін, сондай-ақ өнеркәсіп орындарында тарту күші 18-350 кН болатын электровоздар қолданылады. Олар 550-900 мм болатын колеялар үшін жасалған. Қорек көзі бойынша бұл электровоздар контактілік және аккумуляторлық болып екіге бөлінеді. Аккумуляторлық электровоздар шаң мен газ бойынша жарылысқа қауыпті шақтыларда қолданылады.

Цехтар мен қоймалардағы көліктік тасымалдауға жүк көтерімділігі 0.73-3 т болатын электрокарлар, 0.5-1.5 т – лық аккумуляторлық автожүктегіштер қолданылады.