- •Электрлік пештер туралы жалпы мәліметтер
- •Дәріс тақырыбы: 5. Технологиялық кешендердің электржетегі және автоматтандырылуы. 5.6 Электрлік көлік. Қалалық, өнеркәсіптік электрлік көлік, метрополитен.
- •5...Кестеде электрлендірілген магистральді теміржолдарға арналған электровоздардың техникалық берілістері келтірілген.
- •5.... Кесте
- •Электропоездар, трамвайлар мен троллейбустар.
- •Дәріс тақырыбы: 3. Электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер.
- •Индукциялық пештердің жұмыс істеу қағидасы.
- •Өзекшесі бар индукциялық қыздыру қондырғылары
- •Диэлектриктер мен жартылай өткізгіштерді қыздыруға арналған жоғары жиілікті қондырғылар
- •Доғалық электр пешінің схемасы.
- •Көлемдік өңдеудің электрлік – физикалық – химиялық тәсілдерінің қолданылу аумағы мен даму бағыттары.
- •Плазмалық және электрондық қыздыру қондырғылары.
Доғалық электр пешінің схемасы.
3.7-суретте доғалық болат балқыту электр пешінің схемасы көрсетілген. Оның электрлік жабдықтарына мыналар кіреді: күштік жабдық, басқару, қорғаныстық , дабылдық, өлшеу аппаратуралары, режімді автоматты реттеу аппаратурасы, пеш механизмдерінің жетектері, газды тазалау электрлік жабдықтары, коммутациялық аппаратура және т.б.
3.7 сурет – Доғалық электр пешінің электрлік схемасы
Барлық ДБП-лар үшке бөлінеді:
кіші (қуаты 12.5 МВА-ге дейін)
орташа (қуаты 50 МВА-ге дейін)
ірі (қуаты 50-100 МВА-ден жоғары)
Ірі пештер кернеуі 110 және 220 кВ – тық энергияны жеке подстанциядан «терең енгізу» жүйесі бойынша алады.
Электрлік қамдалу сенімділігі бойынша ДБП екінші категориялық тұтынушы болып табылады (энергия үзілісі 30 минуттан аспауы керек).
QS қуат ажыратқышы қорғаныс аппаратурасымен бірігіп пешті қауыпті қысқа тұйықталулардан қорғайды; оның көмегімен жүктеме бар кезде пешті жедел ажыратып, қосуға болады. 6-10 кВ кернеу кезде электромагнитті ажыратқыштар, 35 кВ кернеу кезде – ауалық, 110-220 кВ кернеу кезде – вакуумдық ажыратқыштар қолданылады.
L реакторы пайдалану кезінде болатын қысқа тұйықталудың тоқ лақтырыстарын шектеп, доғаның жануын тұрақтандырады. Шахтаның балқуы біткен соң реактор QS1 іске қосқышымен шуытталады. Ірі пештерде реактор қойылмайды.
Т пеш трансформаторы торап кернеуін (6; 10; 35; 110; 220 кВ) пештің жұмыстық кернеуімен (U2 – 1000Кв-тан аспайды) сәйкестендіру және кернеуді балқыту кезеңдері бойынша реттеу үшін қажет.
Кернеуді реттеу тереңдігі 2-4, реттеу сатыларының саны 12-23. Трансформатор қуаты өскен сайын сатылар саны да өседі. Кернеуді реттеу екі түрлі тәсілмен жүргізіледі: біріншілік орауышты жұлдызшадан үшбұрышқа немесе керісінше ауыстыру (туспалдап реттеу); біріншілік орауыштың тармақтар сайын ауыстырып қосу (дәл реттеу).
Т трансформаторының екіншілік орауышы пеш электродтарымен екіншілік тоқ өткізгіші арқылы байланысқан.
Трансформатордың біріншілік жағында максималдық реле орнатылған. Ол пештік қондырғының бас ажыратқышының QF ажырату катушкасына әсер етеді. Реленің уақыт сақталымының шамасы тоқ бойынша асқын жүктеме еселігі өскен сайын төмендей береді. Сондықтан ажыратқыш пешті тек апаттық қысқа тұйықталулар (аз уақыт созылатын) болғанда жарықтық және дыбыстық дабыл құрылғылары ғана жұмыс істейді. Бұл кезде пеш кернеуден ажырамайды. Пештің біріншілік жағына бақылау - өлшеу аспаптары (вольтметрлер, амперметрлер, энергия санауыштары, фазометр) қосылған. TV кернеу трансформаторы мен ТА тоқ трансформаторына басқа басқару, бақылау және қорғаныс аппаратуралары (АУК) қосылған.
Қосымша әдебиет: 3 [ ]
Бақылау сұрақтары:
Тура қыздыру және жабық доғалы ДБП-лардың айырмашылығы қандай?
Электрлік доғаның кернеу және тоқ графиктеріне талдау жасаңыз.
ДБП электр жабдықтарының құрамы қандай?
ДБП топталулары қандай?
ДБП кернеуін балқыту кезеңдері бойынша реттеу қалай жүзеге асырылады?
9 дәріс конспекті.
Дәріс тақырыбы: 3. Электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер. 3.4. Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері, өнеркәсіптік электролиздік қондырғылар. Металдарды өңдеу тәсілдері: электрохимиялық, электрофизикалық, ультрадыбыстық, магниттік және магнитоимпульстік.
Электролиз – электролит арқылы тұрақты электр тоғын жүргізгенде бола алатын химиялық процестер. Бұл кезде электролит иондары электродтарға қозғалады: оң зарядталған иондар (катиондар) – катодқа, ал теріс зарядталған иондар (аниондар) – анодқа (3.8 сурет).
Электролит құрамының сапалық өзгерісі электродтық процестердің сипатымен анықталады. (Электродтық процестерге катодта қалпына келу өнімдерінің, ал анодта қышқылдану өнімдерінің түзілуі жатады). Электролит құрамының сандық өзгерісі Фарадей заңдарымен өрнектеледі. Көптеген металдарды, сілтілерді, хлорды, сутегін, оттегін, кейбір органикалық заттарды және т.б. химиялық өнімдерді алу электролизге негізделген. Электрохимиялық емес тәсілмен алынған металдарды біріктіру (рафинадтау), қорғаныстық және декоративтік металл қаптамалар жүргізгенде (гальваностегия) және затқа пішін беру үшін (гальванопластика) де электролиз қолданылады.
Көлемдік өңдеудің электрлік физикалық-химиялық тәсілдері.
Көлемдік пішін жасау қағидалары мен схемалары.
Электрофизикалық, электрохимиялық және біріктірілген тәсілдерге берілген пішіні, көлемі және физикалық – механикалық қасиеттері бар деталдар алу технологиясының екі класы сәйкес келеді.
Уақыттық сипаттамалары бойынша энергетикалық әсерлер үзіліссіз, импульстік және пульстенген болуы мүмкін.
Қолданылатын қуат концентрациясының дәрежесіне байланысты көлемдік пішін жасау процестері екі топқа бөлінеді:
қуаттың жоғары концентратталған көздерін қолданатын электрофизикалық әдістер. (Эф)
өңделетін беттегі электр энергиясын химиялық энергияға түрлендіруге негізделген электрохимиялық әдістер. (Эх)
Осы екі әдістер тобы біріктіріліп, электрлік физикалық – химиялық (ЭФХ) әдістер деп аталады.
Қосымша топты біріктірілген процестер құрайды. Оған бірін-бірі толықтыратын бірнеше энергетикалық әсерлертүрі кіреді. Мәселен, эрозиялық – электрохимиялық, ультрадыбысты электрохимиялық және т.б.
