Қазақстан тарихы
1. 1718 жылы жоѓары Ертіс бойына салынѓан әскери бекініс: A) Омбы B) ¤скемен C) Железинск D) Семей E) Жәміш |
2. 1812 жылы І-ші Наполеонның армиясы басып кірді: A) Ресей аумағына B) Хиуа хандығына C) Қоқан хандығына D) Қазақ жеріне E) Кавказ жеріне |
3. 1916 жылғы көтерілістің Торғай өңіріндегі сардарбегі: A) А.Қосанов B) Ә.Жанбосынов C) А.Иманов D) Т.Бокин E) Ұ.Саурықов |
4. «Қазақ» газетінде өз бағдарламасын жариялаған партия: A) «Үш жүз» B) «Кадеттер» C) «Алаш» D) «Жас қазақ» E) «Түркістан федералистер партиясы» |
5. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия: A) 312-атқыштар дивизиясы B) 314-атқыштар дивизиясы C) 316-атқыштар дивизиясы D) 317-атқыштар дивизиясы E) 318-атқыштар дивизиясы |
6. Ақша реформасы қабылданған жыл: A) 1945 ж. B) 1946 ж. C) 1950 ж. D) 1947 ж. E) 1948 ж. |
7. Аралтөбе ескерткіші табылған өңір: A) Сыр бойы B) Атырау C) Балқаш маңы D) Арыстың оң жағалауы E) Қызылорда |
8. Халық «Білге хан» атағын берген найман билеушісі: A) Наркеш Дайын B) Күшлік C) Даян D) Бұйрық E) Инанч-білге |
9. Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының иелігін қамтыды: A) Мүбәрак пен Өзбектің B) Үгедей мен Шағатайдың C) Орда Ежен мен Шайбанидың D) Ерзен мен Мүбәрактің E) Мөңке мен Төленің |
10. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін әлемге танытқан қалалар: A) Суяб, Отырар B) Сығанақ, Созақ C) Тараз, Сауран D) Сайрам, Құлан E) Сарайшық, Йасы |
11. Қазақ хандығында бірнеше ұлысты құрған басқару құрылымы: A) Жүз B) Арыс C) Аймақ D) Ауыл E) Ру |
12. 1836-1838 жылдары шаруалар көтерілісінде Жәңгір ханды қолдаған қолшоқпары: A) Шыңғыс Уәлиұлы B) Арыстан Жантөреұлы C) Ахмет Жантөреұлы D) Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы E) Қарауылқожа Бабажанұлы |
13. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Ресейдің Астрахан губерниясының құрамына қосылған жер: A) Маңғыстау жері B) Жетісу жері C) Хиуа хандығының жері D) Бұхар хандығының жері E) Бөкей хандығының жері |
14. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қазақ халқының қойылған заттары: A) Ыдыстар B) Ұлттық киімдер C) Музыка аспаптары D) Киіз үй E) Ою-орнектер |
15. Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен: A) Құнанбаймен B) Ы.Алтынсаринмен C) Ш.Уәлихановпен D) Құрманғазымен E) Тәттімбетпен |
16. 1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер: A) Риддер түсті металл кеніші B) Қарағанды шахтасы C) Шымкент зауыты D) Спасск мыс зауыты E) Успен кеніші |
17. ЖЭС кезіндегі республиканың түсті металлургиясының басты ауданы: A) Кенді Алтай B) Батыс Сібір C) Балқаш D) Өскемен E) Жезқазған |
18. 1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: A) Е.Букетов B) М.Тәтімов C) Қ.Жұбанов D) Ш.Айманов E) А.Байтұрсынов |
19. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздік алуына қарсы болған саяси қүштердің бір идеясы: A) Ислам республикасы B) Алашорда құру C) Түркістан автономиясы D) Орыс автономиясын құру E) Қазақ автономиясы |
20. Алғашқы адамдар еңбек құралдарының жаңа түрлері – дәнүккіш, келі, балта, т.б. ойлап тапқан уақыт: A) Ерте тас ғасыры B) Мезолит C) Қола дәуірі D) Неолит E) Энеолит |
21. Дамыған орта ғасырдағы көлемі 30 гектардан асатын Оңтүстік Қазақстан жеріндегі көне қала: A) Алмалық B) Басқамыр C) Имақия D) Сауран E) Сарайлы |
22. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым: A) Ә.Марғұлан B) О.Смағұлов C) К.Сальников D) Ж.Таймағанбетов E) К.Ақышев |
23. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV-XVII ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы маңызды шығарма: A) «Оғызнама» B) «Шыңғыснама» C) «Тарих» D) «Тарих-и Рашиди» E) «Жылнамалар жинағы» |
24. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алған жыл: A) 1862 B) 1864 C) 1870 D) 1868 E) 1866 |
25. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны: A) 235 мың B) 280 мың C) 375 мың D) 353 мың E) 300 мың
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
