География
1. Дүние жүзін алғаш рет айналып шыққан саяхатшы: A) Ф. Магеллан B) Дж. Кук C) Васко да Гама D) Х. Колумб E) Н.М.Преживальский |
2. Темірқазыққа қарап ... бағытты анықтайды A) Солтүстік B) Шығыс C) Солтүстік-Шығыс D) Оңтүстік E) Батыс |
3. Полюстерден экваторға қарай жер бетіне келіп түсетін күн сәулесі мөлшері қалай өзгереді: A) артады B) азаяды C) өзгермейді D) кемиді E) бір қалыпты |
4. Топырақ эрозиясы түрлерінің саны A) 1 B) 5 C) 2 D) 4 E) 3 |
5. Қазақстандағы қорықтар саны (2008 ж) A) 6 B) 7 C) 8 D) 9 E) 10 |
6. Қала рөлінің басымдылығы мен қала халқы санының артуы: A) Урбандалу. B) Миграция. C) Реурбандалу. D) Мегаполис. E) Агломерация. |
7. Магмалық тау жынысы: A) Тас көмір B) Құмтас C) Шымтезек D) Гранит E) Мәрмәр |
8. Солтүстік Америка материгінің шығыс жағалауында меридиан бағытында ... тауы орналасқан. A) Кордильер. B) Альпі. C) Гималай таулары. D) Аппалачи. E) Анд. |
9. Дүниенің екі бөлігінде орналасқан Қазақстан облыстары A) Арқалық, Атырау B) Ақтөбе, Ақмола C) Маңғыстау, Қызылорда D) Атырау, Батыс Қазақстан E) Батыс Қазақстан, Маңғыстау |
10. Жайық, Сырдария өзендері туралы алғашқы мәліметтер қалдырған: A) Әл-Фараби B) Ш.Уәлиханов C) Әл-Идриси D) Махмуд Қашқари E) Геродот |
11. Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылық ... байланысты A) Солтүстік Мұзды мұхиттың әсеріне B) Атлант мұхитының әсеріне C) Жер бетінің жамылғысына D) Күн радиациясының әсеріне E) Географиялық орнына, мұхиттан алыс жатуына |
12. Каспий маңы ойпаты осы аймақтың құрамына енеді: A) Шығыс Еуропа жазығы B) Солтүстік Қазақстан жазығы C) Тұран жазығы D) Бетпақдала E) Сарыарқа |
13. Болат, арматура, цементтен жасалатын құрылыс материалы: A) құм B) саз C) темір-бетон D) асфальт E) ұлутас |
14. Шығыс Қазақстанның экономикасында жетекші рөл атқаратын өндіріс циклі: A) Машина жасау B) Қара металлургия C) Тамақ өнеркәсібі D) Ауыл шаруашылығы E) Түсті металлургия |
15. Еліміз Азия даму банкіне мүше болған жыл A) 1992 ж B) 1993 ж C) 1994 ж D) 1995 ж E) 1996 ж |
16. Қала халқының үлес салмағының өсуі. A) Табиғи өсу. B) Механикалық қозғалыс. C) Агломерация. D) Урбандалу. E) Миграция. |
17. Балық өнімдерін экспорттаушы елдер: A) Кения, Шри-Ланка B) Колумбия, Мексика C) Үндістан, Қытай D) Бразилия, Куба E) Чили, Перу |
18. Белорусь республикасының ұлттық валютасы A) Сум B) Рубль C) Лей D) Манат E) Гривна |
19. Қытайда кең тараған діндер A) Ислам, будда. B) Католиктік, конфуциялық. C) Будда, конфуциялық. D) Христиан, синтоизм. E) Будда, синтоизм. |
20. Әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін көбінесе биік шөп басқан табиғат зонасы: A) Тундра B) Орман C) Шөл D) Саванна E) Дала |
21. Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығы: A) Судың булануы B) Желдің соғуы C) Өсімдіктердің өсуі D) Күн мен түннің ауысуы E) Мұздардың еруі |
22. Парсы шығанағы мен Батыс-Сібір жазығында бірдей кездесетін пайдалы қазбалар: A) фосфорит B) тас көмір C) алмас пен алтын D) мұнай E) шымтезек |
23. Қазақстанның оңтүстік аудандарын газбен қамтамасыз ететін газ құбыры: A) Ақсай-Қостанай B) Өзен-Самара C) Мубарак-Алматы D) Бұхара-Орал E) Кенкияк-Құмкөл |
24. Чехия елінің ең маңызды маманданған жетекші саласы A) химия өнеркәсібі B) тамақ өнеркәсібі C) тоқыма өнеркәсібі D) металлургия өнеркәсібі E) машина жасау өнеркәсібі |
25. Мысты сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері A) Нигерия, Ливия, Алжир B) Кения, Эфиопия C) Либерия, Мавритания D) Габон, Алжир, Египет E) Замбия, Заир
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
