- •Мазмұны
- •1 Қазақстандағы ежелгі ескерткіштер
- •1.1 Мәдени ескерткіштер – ел мұрасы
- •1.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет ескерткіштері
- •2 Мәдени ескерткіштер – тәрбие құралы
- •2.1 Тарих сабағында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану
- •2.2 Есік қорғанының «Алтын адамы»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қазақстандағы ежелгі ескерткіштер
1.1 Мәдени ескерткіштер – ел мұрасы
Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды.Ортақ типологиялық белгілері бойынша Ескерткіштерді негізгі 4 – түрге бөледі:
археологиялық;
тарихи;
сәулет өнері;
манументтік (мүсін) өнері.
Сондай – ақ ескерткіштерге тарихи – танымдық немесе тарихи – көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық – рухани үлгі нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды; белгілі бір елдің , халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды , қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан.[17,19-25б]Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.Шыңғысұлы Жошы хан басқыншылық әскери жорықтардың бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған.Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкеінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін бөліске салған кезде Жошының еншісіне Ертістен бастап, Орал тауының аралығы және одан арғы батысқа қарайғы жерлер тиеді. Ордасы Ертіс өзенінің бойына орналасады.Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс болады.Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі — Жошы аң аулап жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Ал енді бір дерек жеке билікке ұмтылып, әке ырқына көнбей, асаулық танытқан ұлын Шыңғыс өзі арнайы адам жіберіп, бел омыртқасын үздіріп өлтіртті дегенді айтады. Қалай болғанда да, Жошы ханның қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары сол күйі әлі тұр.
Шыңғыс хан мен Кетбұға жыршының арасындағы Жошы өліміне қатысты толғау:
Кетбұға жырау: Теңіз бастан былғанды, Кім тұндырар, а, ханым?! Терек түптен жығылды, Кім тұрғызар, а, ханым?! Шыңғыс хан: Теңіз бастан былғанса, Тұндырар ұлым Жошы-дүр. Терек түптен жығылса, Тұрғызар ұлым Жошы-дүр. Көзің жасын жүгіртед, Көңілің тұлды болмай ма?! Жырың көңіл үркітед, Жошы өлді болмай ма?! Кетбұға жырау: Сөйлемекке еркім жоқ, Сен сөйледің, ей ханым! Өз жарлығың өзіңе оқ, Не ойладың, ей,ханым?! Шыңғыс хан: Құлынын алған құландай, Құлынымнан айрылдым! Айырылысқан аққудай Ер ұлымнан айрылдым!
Жошы өлімін Кетбұқа жыраудың Шыңғыс ханға жеткізгені: «Уа, иеміз, Шыңғыс хан!
Домбыра не деп жырлайды,
Сарнап бір даусын қырнайды,
Құлағың сал осыған...
Ақсақ құлан, қу құлан, Қияннан қашқан қу кұлан, Қиырысыз кұба далада,
Аңда жүрген балаңа
Кез болып бір қашыпты,
Белден-белге асыпты: Ақсақ құлан, Жошы хан,
Елсіз құба далада,
Қат-қат бұдыр салада, Мекендеп өрген, өрбісіп,
Ордалы кұлан жосыған.
Қуып ақсақ құланды,
Мінгені тұлпар құнан-ды, Ордалы үріккен құланға
Құйғытып ойнап қосылған,
Өлім деген тәңір ісі,
Желіккен кұлан әңгісі,
Кұнан мен тұлпар еліккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп, Жалмалап, жалмап кетіпті,
Ордалы құлан шошыған.
Жұрттың аузына бармаған
Сөзді айтып жылап зарлаған
Домбыраның балаңды Естірткені осы, хан!
Өзгеге артпа жалаңды,
Еліктірген балаңды,
Сол қу құлан, ту құлан,
Балаң өлді - Жошы хан!
Нансайшы, ханым, осыған!» -
деді де, домбыраны сақшының колына ұстатады.Көкейінен зар кұйған домбыраны көлденеңдей алдына тартқанда: «Қарағымның қазасын сен бе едің естірткен? Мына домбыраның шанағына күміс балқытып құйыңдар!» деп Шыңғыс хан өксіп жіберіпті.Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі тарихи, археологиялық және мәдени мұраларды зерттеген. «Жезқазған ауданындағы ежелгі тарихи ескерткіштер» атты ғылыми еңбегінде: «Жезқазғаннан 65 шақырым Басқағыл тауларының оңтүстік беткейі, Кеңгір өзенінің жағалауында шаршы пішінді, шыныкеленіп күйдірілген кірпіштен қаланған үш көне мазарлар сақталынған. Осы мазарлардың кірпішінің өлшемдері мен пішіндері Алтын Орда стиліне өте жақын. Халықтың айтулары бойынша Алашахан, Шыңғысханның ұлы Жошы және сарай күйшісі Домбауылдың мазарлары дейді» – деп жазған.[13,98-102б]
Академик Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша Жошы хан қазақ даласында сал-серілік дәстүрдің негізін салған. Жошы хан саятшылық, ақындар айтысы, күйшілер сайысы, палуандардың белдесуі, мергендердің сынасуы, аламан бәйге, қыз қуу, аударыспақ, көкпар т.б. ат ойындарын қүмартып, Ұлы далада одан әрі дамытқан.Жошы хан мазары Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымда, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тікбүрышты. Құрылыс материалдары-күйдірілген кірпіш, әк.
Жобаның аумағы 9,55 х 7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе - порталы. Маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босагасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп түру үшін мейлінше берік етіп түрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқүрына үқсатқан. Қабырғаның іш жагынан сөрелеп шығаған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. «Ақсақ құлан, Жошы хан» күй -аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаһарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде қалды, - дейді енді бір аңыз. Алайда «Ақсақ құлан-Жошыхан» күйі ел арасында негізінен домбырада және теріс бұрау (домбыратының бұрауын түсірудің, күйге келтірудің әдісі) арқылы орындалады.[16,49-53б]
Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне сәулет ескерткіші. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228-1230 жылдары күмбез тұрғызылған болуы керек. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары: күйдірілген кірпіш, әк. Жобаның аумағы 9,52х7,25 метр. Көзге айырқша түсетін нәрсе: оның салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, үйдің басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнектермен бірге жазу да болған. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан. Ежелгі құрылыс әдісінің бірі - күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төселген. 1946 жылы Ә.Марғұланның басшылығымен археологиялық экспедиция күмбезді қазған кезде екі қабір табылған. Бірінші қабір күмбездің күншығыс жақ іргесінде орналасқан. Ұзындығы 2,2 м, ені 0,7 м, тереңдігі 1,2 м. Оған жерленген адам тақтай табытқа салынған. Сүйектің оң қолы жоқ екендігі анықталды. Оның үстіне қабір ішінен салтанатты киім жұрнақтары, қызыл сафиян етіктің қалдығы, тұт жібегінің шіріп жатқан сілемдері, аң сүйектері мен түйенің бас сүйегі, темір қарудың сынықтары табылды. Бұл «Жошының аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» деген халық аңызына үндес келеді. Халық аңызында «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ болған» немесе «Жошының тек бір қолын тауып қойған», кейде «бір шынашағын ғана тапқан» деген әр түрлі жорамалдар бар. Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесі, Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның інісінің қызы Бектумыштікі болуы тиіс.[20,85-91б]
1982 жылы Жошыхан күмбезі архитектуралық әсем құрылыс ретінде республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің тізіміне енгізілген. Соңғы жылдары республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жошы - Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының арғы атасы. Шешесі - Бөрте. Шыңғыс хан қоңырат тайпасының қызы Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен Бөртені тұтқыннан босатып алады. Осыған байланысты «Жошы Шыңғыс ханның баласы емес» деген де ел арасында сөз тараған. Бірақ, Шыңғыс хан өмір бойы Бөртеге де, Жошыға да құрметпен қараған.
Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жеке жасағымен Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстаған көптеген тайпаларды бағындырды, Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысты. Сол заманда өмір сүрген тарихшылардың айтуынша, Жошы хан күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде «аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, кейбір деректерде «жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен» деп көрсетіледі. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнектермен бірге жазу да болған. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан. Ежелгі құрылыс әдісінің бірі - күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбездің (биіктігі 7 м) салмағын «жалған еңсе» шығару тәсілімен белдеулерге жайса, сыртқы күмбезді (биіктігі 8 м) он алты қырлы барабанға отырғызған. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.Шыңғысұлы Жошы хан басқыншылық әскери жорықтардың бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған.Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.[11,73-77б]
Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып, кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы, қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып, әрлеудің стилін бұзды, өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды.Бұл кезеңде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі адам қолымен, қоғам ықпалымен қамқорлыққа алынумен бірге, тағылықпен қирату әрекетін де бастан өткізді. Атап айтқанда, 1864 жылдың 9 шілдесінде полковник Веревкиннің бұйрығымен ғимаратқа зеңбіректен он екі оқ атылды, оның бірі кесене қабырғасына тиіп, зақымдады. Массонның жазуына қарағанда, кесене қабырғаларының жарылғандығын, оның құлаған жағдайда жанындағы әскери гарнизонды басып қалу қаупін желеу етіп, жергілікті әкімшілік Қожа Ахмет Яссауи кесенесін бұзуға қаулы шығарып, сорақылық жасаған. Бірақ, бұл қаулы Түркістан генерал-губернаторының араласуымен бұзылған.
Ал, кесенені жөндеу және қалпына келтірудің екінші кезеңі ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты болды. Кеңестер билігі жүргізген әлеуметтік реформалардың қатарында мәдениет ескерткіштері мен өнер туындыларын сақтап қалу мақсатында олардың мемлекеттік меншік деп жариялануын атауға болады. Осындай өзгерістердің ықпалымен Түркістан АКСР-інің Орталық Атқару Комитеті “Мемлекеттік және көркемдік маңызы бар көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғауға алу” жөніндегі №191 декретін жариялап, бұл жұмыстарды жүзеге асыру Архив басқармасына жүктелді.Ал, 1921 жылдың 23 мамырында Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту комиссариаты жанынан өнер туындылары мен табиғат ескерткіштерін қорғаумен және мұражай жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын комитет (Туркомстарис) құрып, оның ережесін бекітті.1922-1923 ж.ж. профессорлар Д.И.Печкин мен А.А.Семенов басқарған экспедиция Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін суретке түсірген, архитектуралық өлшемдерін алып, оны қорғаудың қарапайым шараларын ұйымдастырды.Әйтсе де мамандардың, қаражат пен құрылыс материалдарының жетіспеуіне байланысты ел ішіндегі ескерткіштердің ең маңыздыларын ғана қорғауға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Солардың қатарында Айша Бибі кесенесі, Сайрам колонналары мен Сығанақ қаласы қалдықтарымен бірге, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі де бар еді.1938 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысына сәйкес прорабтық шаруашылық ұйымдастырылып, ол кейбір жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданды. Бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин кеңесшілік жасаған. Онда жүргізілген жұмыстар қалпына келтіру талаптарына біршама сай келді.Әзірет Сұлтан кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі оның ғылыми сипат алуында еді.
Үкімет шешімі бойынша 1945 жылдан бастап Қазақстан аумағындағы архитектуралық ескерткіштерді есепке алу, зерттеу және қалпына келтіру ісі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура жөніндегі республикалық басқарма қарамағына көшірілген болатын. 1951-1957 жылдары Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру мақсатында Өзбек КСР Министрлер Кеңесінің Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнаулы ғылыми-жөндеу шеберханасы Қазақ КСР-імен арадағы келісім-шарт бойынша елеулі жөндеу жұмыстарын жүргізді.1951-1954 ж.ж. бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин ғылыми жетекшілік етсе, 1955-1957 жылдары осы шеберхананың ғылыми кеңесі басшылық жасаған. Осы уақыт ішінде архитекторлар В.Филимонов, И.Плетнев, Т.Карумидзенің жобалары бойынша цементтен іргетас орнату, ғимараттың қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қазандық күмбезінің төрт және сегіз қырлы қабырғаларын әрлеу жұмысы архитектор Т.Карумидзенің басшылығымен жүзеге асырылды. 1954 жылы ескерткіш іргетасында жатқан топырақ бастапқы деңгейіне дейін аршылып, мәдени қабаттардың қалыңдығы кей тұстарда екі, екі жарым метрге жететіндігі анықталды. Бастапқы кездегі тыстама қалдықтарын негізге ала отырып, барлық қабырғалар іргесі қалпына келтірілді.1958 жылы Өзбек КСР-інің жоғарыда аталған өндірістік шеберханасымен жасалған шарт бұзылып, жөндеу жұмыстары 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне тапсырылды.Деректерге қарағанда, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына жауапсыз қараған. 1952 жылы басталған қалпына келтіру жұмысы ұзаққа созылды. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көп жағдайда тиімсіз пайдаланылды. Қалпына келтіру жұмысы техникалық жағынан төмен дәрежеде жүргізілді, ескерткішке инженерлік бақылау жасалынбады.
Бір өкініштісі, жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарының ұзақ мерзімге белгіленіп, кешенді ғылыми негізделген нақтылы жоспары болмады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ғана баса көңіл бөлініп, іргесіндегі шағын кесенелер, діни ғимараттар мен дәстүрлі тұрғын үй кешендерін жөндеу немесе қалпына келтіру жағы назардан тыс қалды. Соның нәтижесінде аталған жұмыс біржақты сипат алды.Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің тарихи ескерткіштермен жұмыс жүргізудегі мұндай оралымсыздығы түзетіліп, 1966 жылы Қазақ КСР Минстрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Осы жерде қазақтың біртуар азаматы, Өзбекәлі Жәнібековтің өлшеусіз еңбегін атап өтуіміз керек. Жоғарыдағы жұмыстар тікелей Өзекеңнің араласуымен қолға алынып, жүзеге асырылды.
Қазақстан археологтары мен сәулетшілері үлкен ғылыми ізденістердің нәтижесінде осы шеберхананың өндірістік базасын және жөндеуші шеберлердің тәжірибесін пайдалана отырып кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарына қажетті бояулар, шыңылтырлы кірпіштер дайындаудың жаңа технологиясын жасап, өндіріске енгізді.
1978 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейінгі уақытта жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Тарихи ескерткіштің республикалық мұражай мәртебесін алуы, онда кең көлемде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.
Осы жылы кешен құрамындағы “Шығыс моншасы” қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи-мәдени ескерткіш ретінде, өзінің негізгі қызметін тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтірілген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негізінде жаңадан тұрғызуға тура келді. Ал, жұма мешітінің 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтірілді. ХІV ғ. ескерткіші болып табылатын Шілдехана ішінара қалпына келтіріліп, консервацияланды.
Бұл кезеңде жүргізілген барынша күрделі қалпына келтіру жұмыстары Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіне байланысты болды.Ескерткіш зерттеудегі Б.Засыпкин, археолог К.Шахурин, сәулетші Т.Карумидзелердің еңбектері кесенені қалпына келтірудің жоспарына ғылыми негіз болды. Әсіресе, 1958 жылы К.Шахуриннің археологиялық қазба жұмыстары кесененің іргетасы мен қабырғаларының сұлбасын анықтауға мүмкіндік берді.
Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі – “Казпроектреставрация” институтының жобасы бойынша қайта қалпына келтірілген түрі. Ол – бір күмбезді құрылыс, биіктігі 20,60 см. Сыртқы қарама-қарсы қабырғаларының ара қашықтығы 16,65 см., және 14, 25 см. Кесененің күмбезі биік мойындықпен көтерілген. Күмбездің диаметрі 8,65 см2. Құрылысы қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Сыртқы күмбезі төрт бұрышты көк плиталармен қапталған, ішкі күмбезі күйдірілген кірпіштен өрілген, ол құрылыстық міндет атқарса, сыртқы күмбез көркемдік міндет атқарады.[17,65-66б]
Түркістандағы зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға бірқатар үкіметтік қаулылар қабылданды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі отандық қалпына келтірушілердің мектебіне айналды, онда қазақстандық алғашқы қалпына келтіруші-шеберлер Х.Шахапов, Б.Атаханов, А.Оразбаев жұмыс істеді. Осы аталған жұмыстар кесене кешеніндегі қалпына келтірудің шешуші, соңғы кезеңіндегі табысты жұмыстарға берік негіз қалады.
Қожа Ахмет Ясссауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының төртінші кезеңі еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты болды. Жетпіс жыл бойы халқымыздың ұлттық рухын бұғаулаған тоталитарлық жүйе қасиетті ғимараттың тарихи-мәдени құндылық ретінде әлеуметтік мүмкіндігін пайдалануды шектегендіктен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары біржақты жүргізілді. Кесенеге сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде мән берілгенімен, оның тарихи, рухани сипатын қалпына келтіру екінші кезекке ысырылды.
Тәуелсіздік жағдайында ұлттық мүддеден туындаған мәдени, рухани өрлеу көптеген құндылықтарды қайта қарауды, қайта бағалауды қажет етті. 1992 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы” қаулысы қабылданды. Осы қаулының ізімен 2.07.1992 ж. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады.
Дегенмен, тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне қатысты заңдық нормативтік құжаттарды және оны жүргізудің технологиясын халықаралық стандартқа сәйкестендіруге байланысты жаңа міндеттер туындады. Осы кезге дейінгі жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары халықаралық талаптарға сай келмейтін еді.
Сәл шегініс жасап, деректерге сүйенсек, 1964 жылы 21-31 мамыр аралығында Венеция қаласында архитекторлар мен тарихи ескерткіштер бойынша техникалық мамандардың ІІ Халықаралық конгресінде консервациялау мен қалпына келтіруде басшылыққа алынатын іргелі қағидалар бекітілген. Соның нәтижесінде мәдени құндылықтарды консервациялау және реставрациялау саласы бойынша халықаралық зерттеу орталығы құрылды. Әлемдік деңгейдегі ескерткіштердің сақталуы, қалпына келтіру жұмыстарына ғылыми-әдістемелік жетекшілік жасап, халықаралық стандарттардың орындалуын қатаң қадағалайтын бұл орталықтың маңызы ерекше еді.Венеция хартиясы қағидаларын басшылыққа алу Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жұмыстарды ұйымдастырудың басты бағдары болды. Әрине, қалпына келтіруге қойылатын жоғары талаптар өндіріске жоғары технологияларды және қазіргі заманғы инженерлік шешімдер қолдануды қажет етеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында экономикалық инфрақұрылымның әлсіздігі, ғылыми өндірістік әлеуеттің төмендігі отандық қалпына келтірушілерге жұмысты кең көлемде жүргізуге қолбайлау болды.
Елімізде жүргізілген реформаларға сәйкес, экономиканы дамытуға шетелдік инвестиция тартыла бастады. Ал, Қазақстанның білімі мен мәдениеті саласына алғаш инвестиция салған Түрік Республикасы болды. 1992 жылдың 23 желтоқсанында Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеу және қалпына келтіруге байланысты Қазақстан және Түркия Республикасы арасында ынтымақтастық пен міндет бөлісу хаттамасына қол қойылды.
Бұл кезең қалпына келтіру жұмыстары кесенесінің іргетасын бекітуге бағытталды. Түркиялық мамандар 1993-1995 жылдары бұл міндетті ойдағыдай атқарды. Он төрт метр тереңдікке жоғары қысыммен сұйық бетон ерітіндісі құйылды. Алып кесененің іргетасын тұтас темір бетонмен бір мезгілде көтеру мүмкін емес еді. Сондықтан 1,5 метр аралатып құю әдісі қолданылды. Бұл технологияның артықшылығы оның көмегімен іргетас конструкциясын жасап, оны бекітуге мүмкіндік береді. Іргетасқа тіреулер дайындау үшін жоғары технологиялы құрал-жабдықтар керек еді. Мұндай күрделі жұмысты Түркияның STFA “Темел Арыстармаши” фирмасы ойдағыдай орындап шықты. Іргетас бекітуде алғаш рет қолданылған бұл әдіс мамандар тарапынан оң бағасын алды Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік маңызды мәселе екендігі сөзсіз еді.
Жалпы, Түркия тарапынан кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген “Вакиф Иншаат” фирмасы біршама оң жұмыстар атқарды. Кесенедегі қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы, яғни Түркістан тойының қарсаңында толық бітті. Көненің көзіндей болған мәдени мұраны сақтау үшін мұндай игілікті, сауапты жұмысты іске асыруда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы орасан зор қажыр-қайрат жұмсады. Елбасы араласпағанда кесенедегі жаңғырту жұмыстары жүргізілмеуі әбден мүмкін еді.Елімізде қабылданған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы да Елбасының есімімен байланысты. Айтып та, жазып та жүрміз, “Мәдени мұраны” сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау жөнінде Үкіметке тапсырма берген де Елбасы. Кеңестік кезеңдегі республикалардың бірде-бірінде мәдени мұраға біздің еліміздегідей қамқорлық жасалып отырған жоқ. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзі Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында сөйлеген сөзінде: “Кейінгі жылдарда туған жерімізде қолға алынған тағы бір іргелі іс жайында сіздерге разылықпен айтқым келеді. Ол – мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы. Мұндай бағдарлама әлемнің ең дамыған елдерінде де сирек кездеседі” деп ағынан жарылды. Үстіміздегі жылы осы бағдарламаның іске асырыла бастағанына екінші жыл. Елімізде азғантай уақыттың ішінде көптеген іс тындырылды. Ал, Әлқожа ата ХVІ ғ., Рәбия Сұлтан Бегім ХVІ ғ. кесенелері музейдің өз қаржысы есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл “Шығыс моншасы” музейінің ғимараты осы бағдарлама бойынша қайта қалпына келтірілуде. Ал, келесі жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің үстіңгі қабаты мен күмбезіндегі су өткен жерлерін де қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.Өткен маусымда Сидақ ата, Сауран қалаларында археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сидақ атындағы қазба жұмыстарын қаржыландыру музейдің тапқан табысы есебінен шешілді. Ұзақ жылдардан бері қазба жұмыстарын Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдарымен бірлесіп жүргізіп келе жатырмыз. Саурандағы экспедицияға осы институттың директоры, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қоғамдық бірлестігінің академигі К.М.Байпақов мырза жетекшілік етті. Сауран тарихы тереңде жатқан көне қала. Мұнда бұрын кешенді қазба жұмыстары жүргізілген емес. Қазірдің өзінде көптеген құнды дүниелер табылып жатыр.[12,125-130б] Қорғаны сақталған Саурандай қала Қазақстанда жоқ. Оны сақтап қалуымыз керек. Қазірдің өзінде табиғаттың әсерінен жылдан-жылға көз алдымызда шөгіп бара жатыр. Сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан үлкен қаржылай қолдау керек. Консервация жасамаса сақтап қалу мүмкін емес. Туристерді алып баруға жағдай жасау керек. Сол кезде Сауранға туристерді көптеп тартуға болады. Түркістан аумағындағы көне қалалар мен қоныстарда ұзақ жылдардан бері жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған көне заттардан археология және этнография музейін ашуды мақсат етіп отыр.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан.1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Яссауи сәулет кешені музейі» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта құрылды.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003 жыл, маусым айы).
Қорық музейі Түркістан қаласында көне Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда автожолының бойында Тәуке хан даңғылы мен алматы алаңының қиылысында орналасқан. Қорық музейдің құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі музейі. ХІҮ ғасыр. Экспозициялық алаңы 654.98 шаршы метр.
Қылует жер асты мешіті музейі. ХІІ ғасыр. 702 шаршы метр.
Жұма мешіті музейі. ХІХ ғ. 603,6 шаршы метр.
Шығыс моншасы музейі. ХҮІ ғ. 130 шаршы метр.
Түркістан тарихы музей. ХІХ ғ. 1050 шаршы метр.
Археология және этнография музейі. ХІХ ғ. 140 шаршы метр.
Рабия Сұлтан бегім кесенесі музейі. ХҮ ғ. 62 шаршы метр.
Түркістан көшесі музейі. ХІХ ғ. 452 шаршы метр.
Музейлердің жалпы экспозициялық алаңы 3794,52 шаршы метр.
Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Яссауи көз жұмған соң ХІІ-ші ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екі бөлмелі шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы ХЫВғ. соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр, Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметр 18,3 метр. Тайқазан 12399 жылы 25 шақырым жерде тұрған Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды. ХВЫ ғасырдан бастап кесене маңына хандар мен билер, атақты кісілер жерленетін болды. Оларды жерлеу рәсімі бастарына жеке кесене — мазарлар және діни құрылыстар салумен қатар жүрді.«Әзірет Сұлтан» кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп отырды.
1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі музей болып ашылғаннан кейін кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде, өзінің негізгі қызметін тоқтатып, 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтірілген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет, сызбалар негізінде жаңадан тұрғызуға тура келді. Ал, Жұма мешітінің 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып, қайта қалпына келтірілді. ХІV ғ. ескерткіші болып табылатын Шілдехана ішінара қалпына келтіріліп, консервацияланды.
1979 жылы кесене төңірегіндегі ортағасырлық сәулет ескерткіші «Шығыс моншасы» көне ескерткіші сақтау мақсатында музейлендірілді. 1982 жылы «Жұма мешіті» ХІХ ғасыр ескерткіші орнынан «Археологиялық табыстар» атты музейі ұйымдастырылды.1996 жылы Қожа Ахмет Яссауи өмірімен байланысты тарихи орын, жерасты мекені, сопылық орталық болып саналатын ХІІ-ХІХғғ. Ескерткіш «Қылует» мешіті музей қызметкерлерінің күшімен экспозиция қойылып музей ретінде ашылды.
«Түркістан тарихы» музейі орналасқан ғимарат — ХІХ ғасырда салынып әскери казарма ретінде пайдаланылған. Кеңес заманында тігін тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. ХЫХ ғасырда салынған сәулет ескерткіші мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп 2000 жылы «Түркістан тарихы» музейі-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берілді. Музейден тарихи, рухани қаланың өткені, кешегісі туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегіз бөлімнен тұрады. Музей қызметкерлерінің мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретінде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше.
Музейде мынадай құрылымдық бөлімдер бар.
Ғылыми-зерттеу бөлімі.
Ғылыми кітапхана
Ғылыми қор бөлімі
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі
