- •Мазмұны
- •1 Қазақстандағы ежелгі ескерткіштер
- •1.1 Мәдени ескерткіштер – ел мұрасы
- •1.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет ескерткіштері
- •2 Мәдени ескерткіштер – тәрбие құралы
- •2.1 Тарих сабағында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану
- •2.2 Есік қорғанының «Алтын адамы»
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Қорытынды
Ескерткіш – елдің , халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы.Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мұражайлық , көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды , ғимараттарды , т.б.) қамтиды.Ортақ типологиялық белгілері бойынша Ескерткіштерді негізгі 4 – түрге бөледі:
археологиялық
тарихи
сәулет өнері
манументтік (мүсін) өнері
Сондай – ақ ескерткіштерге тарихи – танымдық немесе тарихи – көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше , қайталанбас заттық – рухани үлгі нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды; белгілі бір елдің , халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды , қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Академик Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша Жошы хан қазақ даласында сал-серілік дәстүрдің негізін салған. Жошы хан саятшылық, ақындар айтысы, күйшілер сайысы, палуандардың белдесуі, мергендердің сынасуы, аламан бәйге, қыз қуу, аударыспақ, көкпар т.б. ат ойындарын қүмартып, Ұлы далада одан әрі дамытқан.Жошы хан мазары Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымда, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді қүрылыстар қатарына жатады. Жобасы тікбүрышты. Құрылыс материалдары-күйдірілген кірпіш, әк. Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ә.Дербісалы “Қазақ даласының жұлдыздары” Алматы 1995.
Әулие ата – Қарахан. Айша бибі. Тектұрмас – Алматы. Білім, 2004.- 17 б.
Байпақов Қ. Қазақстанның ежелгі қалалары – Алматы: Аруна, 2005.- 114 б.
Досмаханбет Асылханұлының қолжазбалары.
Жәнібек Ө. Жолайрықта – Алматы: Рауан 1995.- 11 б.
Жәнібек Ө. Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992. – 112 б.
Елеуов Т. Ескерусіз қалған ескерткіштер.- Түркістан:ХҚТУ,2005. -119 б.
Егемен Қазақстан. 21 қазаг 1997 жыл. Әділхан Байбатша «Қазақ даласының ежелгі тарихы».
“Қазақ хандығының тарихы” Т.Сұлтанов. 2003.
«Қазақ елінің тарихы». Ә.Жанысбеков,М.Байтұров.Шымкент:Жібек жолы 2002ж
«Қазақстан тарихы».Ч.Мусин.Алматы,1994ж.216 б.
«Қазақ совет энциклопедиясы» . 8 том, 214б.
Қожаев М. Арыстанбаб және оның кесенесі. – Шымкент:Жібек жолы,1996.-48 б.
Сейдімбеков А. Күңгір – күңгір күмбездер. – Алматы: Жалын, 1981. – 194.
Тасмағамбетов М.Самашев З. Сарайшық. – Алматы:Рауан,1995.-54 б
Тарақты А. Ауызша тарихнама. Қазақ. – Алматы: Білім, 1994.- 31 б.
«Тарихи таным».Б.Қожабекұлы «Ататек». Алматы,1994ж.216б.
“Түркістан және қазақ хандығы” Б.Кәрібай А, 1999.
Тұяқбаев М. Түркістан сырлары. – Шымкент:Жібек жолы, 1997.
«Университет» газеті, 22 ақпан 2005 ж. Қ.Р. Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
