Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер тезистері информатика мубарак дурысы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Кестелер арасындағы байланыс түрлері

1. « Жалпыға-бір » байланыс түрі.

Жоғарыда айтылған Студенттер және сессия кестелері арасындағы байланыс- « Жалпыға-бір » байланыс түріне мысал болады. Бұл көп таралған байланыс түрі. Мұндай байланыс түрінде басты кестедегі әр жазбаға бағынышты кестедегі бір немесе бірнеше жазба сәйкес келуі немесе бірде-бір жазба сәйкес келмеуі мүмкін, ал бағынышты кестедегі әр жазбаға сәйкес болатын, басты кестедегі жазба саны бірден аспайды. Егер бағынышты кестедегі жазбаға сәйкес жазба болмаса, онда мұндай жазбада байланыс өрісінің мәні бос болуы керек.

2.« Бірге-бір » байланыс түрі.

«Бірге-бір» байланыс түрінде бастыкестедегі әр жазбаға сәйкес келетін бағынышты кестедегі жазба саны бірден аспайды және керісінше бағынышты кестедегі әр жазбаға сәйкес келетін басты кестедегі жазба саны бірден аспайды. Алдыңғы жағдайдағы сияқты бағынышты кестедегі жазбаға сәйкес келетін басты кестеде жазба болмаса, онда мұндай жазбада байланыс өрісінің мәні бос болуы, керек. Мұндай байланыс түрі аз қолданылады, өйткені мұндай деректер бір кестеде орналастырылуы мүмкін. «Бірге-бір» түрдегі байланысты әдетте, көп өрісі бар кестелерді бөлу үшін және басты кестедегі жазбалар жиынына жататын мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, мұндай байланыс түрі Студенттер және Жатақхана кестелері арасында байланыс орнатуда қолданылады.

3.« Жалпыға -жалпыға » байланыс түрі.

Кейде кестелер арасында байланыс орнатуда, олардың арасында бір кестедегі кез-келген жазбаға екінші кестедегі бірнеше жазбалар сәйкес келуі мүмкін болғандықтан, «басты-бағынышты» қатынасын орнатуға болмайтын жағдай болуы мүмкін. Ондай жағдайға Студенттер және Мүғалімдер кестелері мысал бола алад, өйткені әр бір студент бірнеше мұғалімге емтихан тапсырады, ал әр мүғалім бірнеше студенттен емтихан қабылдайды. Сондықтан мұндай кестелер арасында жоғарыда айтылған байланыстардың бірде біреуін орнатуға бодмайды. Бұл « Жалпыға-жалпы » байланыс түріне мысал болады. Access мұндайбайланыс түрін қолдамайды. Бірақ мұндай байланысты үшінші кесте көмегімен,екі « Жалпыға-бір » байланыс түрі ретінде жүзеге асыруға болады. Деканат ДҚ-да осындай байланыстыратын кесте ретінде Сессия кестесі қолданылады. Ол Студенттер кестесімен Студент коды өрісі бойынша байланысады және Мүғалімдер кестесімен Мүғалімдер коды өрісі бойынша байланысады.

Бұл байланыстар орнатылғаннан кейін сәйкес сұратулар көмегімен берілген мүғалім қай студенттен емтихан қабылдағанын немесе берілген студент қай мұғалімге емтихан тапсырғанын оңай анықтауға болады.

Байланыстарды орнату

Кестелер арасында байланысты орнату үшін ДҚ терезесіне оралып, барлық ашық кестелерді жауып, Саймандар тақтасындағы деректер схемасын басу керек немесе тышқанның оң батырмасы арқылы контексті шақырып деректер схемасын пунктін таңдау керек. Егер ДҚ байланысбірінші рет анықталып жатқан болса, онда бос деректерсхемасы терезесі ашылады. Бұл терезеге байланыс орнатылып кестелерді қосу керек. Кестелерді қосу үшін деректер схемасы терезесін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексті шақырамыз, ондағы кестені қосу пунктін таңдау керек. ДҚ кестелер тізімінен туратын кестенің қосылуы сұқбат терезесі ашылады. Кестені қосу үшін оның атын шертіп сосын қосу /добавить/ түймесін шерту керек. Барлық кестелер алынғаннан кейін бұл терезені жауып, деректер схемасы терезесіне оралу керек. Кестенің қосылуы сұқбат терезесі кестелерін сонымен қатар сұратуды қосуға мүмкіндік береді.

Кейде кестелер сұратулар арасында байланысты анықтау керек немесе Access бұл объектілерді қалай дұрыс біріктіруін білу үшін тек сұратулар арасындағы байланысты анықтау керек. Деректер схемасы терезесінде орналасатын кестелер арасындағы байланысты анықтау үшін, тышқанның көмегіменбасты кестелердің байланыс өрісін тасымалдап, оныбағынышты кестенің байланыс өрісіне орналастыру керек. Байланыс сұқбат терезесі ашылады. Сол жақ бағанды басты кестенің аттары мен байланыс үшін қолданылатын түйін шығарылады, ал оң жақ бағанды-бағынышты кестенің атымен сыртқы түйіннің аты. өрісті