- •Коммутация жүйелері
- •5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы
- •1 Дәріс. Электрлік байланыстың негiзгi ұғымдары
- •2.1 Сурет – Каналдар коммутациясы
- •3 Дәріс. Уақыттық коммутация принциптері
- •4 Дәріс. Кеңістіктік коммутацияның қағидалары
- •5 Дәріс. Цифрлы коммутация жүйесін (цкж) басқару жүйесі
- •5.10 Сурет – кө арқылы бқ байланысын ұйымдастыру
- •6 Дәріс. Цифрлы коммутация жүйесінің құрылымы
- •7 Дәріс. Цифрлық атс интерфейстері
- •8 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
- •8.4 Сурет – Телефондық аппарат клавиатурасы
- •9 Дәріс. Цифрлық коммутациялар жүйелеріндегі сигнализациялар
- •10 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
- •11 Дәріс. Цифрлық коммутация жүйелері
3 Дәріс. Уақыттық коммутация принциптері
Дәріс мақсаты: студенттердің уақыттық коммутация принциптерін меңгеруі.
Мазмұны:
- Уақыттық коммутация принципі.
- Уақыттық коммутатор.
- Уақыттық коммутатордағы коммутация мысалы.
Уақыттық коммутация принципі.
Цифрлық АТС-тің уақыттық коммутаторына 32 уақыттық каналдан сигналдар келіп түседі. ИКМ трактісі 30 түрлі қосылулар туралы [3,5] ақпараттан құралады.
Уақыттық коммутация принципі дауыстық ақпараттың (кодтың комбинациядағы) бір уақыттық интервалдан екіншісіне ығысуына негізделеді. Басқаша айтқанда, бұл кодтық комбинация үшін уақыттық орнының ығысуы. Әр УИ-да белгілі бір абоненттің дауыстық сигналдың кодтық комбинациясы тасымалданады. Егер осы кодтық комбинацияны басқа УИ-ға орналастырсақ, бұл дауыстық ақпараттың өзге абонентке тасымалы болып табылады.
Уақыттық коммутация кезінде цифрлық сигналдың (t3) тежелуі орын алады. Тасымалданатын ақпараттың уақыт бойынша ығысуы мүмкін болуы үшін ақпаратты есте сақтау қажет (3.1 суретті қара).
Уақыттық коммутатор.
Уақыттық коммутация принципін іске асатын құрылғы уақыттық коммутатор (УК) немесе Т – класы (Time – уақыт) деп аталады. УК N, M, K параметрлерімен сипатталады (3.2 суретті қара). N – УК кірісіне қосылатын цифрлық желілер саны (немесе уақыттық каналдар); M – коммутатор шығысына қосылатын цифрлық желілер саны (немесе уақыттық каналдар); K – бір кодтық сөздегі бит саны. Уақыттық коммутатор кірісіне қосылатын цифрлық желілер кіріс цифрлық желілер (КСЖ) деп аталады. Уақыттық коммутатордың шығысына қосылатын цифрлық желілер шығыс цифрлық желілер (ШСЖ) [3,5] деп аталады.
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
-
0
1
…………
15
16
17
………….
27
……….30
31
td |
-
0
1
…………
15
16
17
………….
27
……….30
31
3.1 сурет – Уақыттық коммутация принципінің анықтамасы
Жалпы түрде уақыттық коммутатор екі типтегі жады массивінен тұратын есте сақтау құрылғысы (ЕСҚ) болып табылады:
- АЕСҚ1 – ақпаратты ЕСҚ (дауыстық);
- АЕСҚ2 – адресті ЕСҚ (басқаратын).
ЕСҚ параметрлеріне жады ұяшықтар саны (i – АЕСҚ1-дегі жады ұяшық саны; j – АЕСҚ2-дегі жады ұяшық саны) және олардың разрядтығы жатады. Уақыттық коммутаторлар симметриялы және симметриялы емес схема бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Симметриялы схема бойынша жүзеге асырылған УК өзара тең шығыс және кірістен тұрады (N=M). Бұл жағдайда АЕСҚ1 және АЕСҚ2 матрицаларындағы жады ұяшық (ЖҰ) көлемі бірдей (i=j). Симметриялы емес схема бойынша жүзеге асырылған УК-да шығысы және кірісі саны өзара тең емес (N≠M) және сәйкесінше, АЕСҚ1 және АЕСҚ2 матрицаларындағы жады ұяшығы саны тең емес (i≠j).
3.2 сурет – УК-ның кеңістіктік эквиваленті 1х1
АЕСҚ1 – жады ұяшығы саны коммутацияланатын уақыттық (каналдық) интервалдарының санымен анықталатын тұтынушылық ақпаратты сақтауға арналған жады массиві. Қазіргі таңда уақыттық түрлі АТС-тегі коммутаторлардағы АЕСҚ1 сыйымдылығы 128х128 УИ (4х4 СЖ); 512х512 УИ (16х16 СЖ); 1024х1024 УИ (32х32 СЖ).
АЕСҚ1 жады ұяшығының минималды разрядтығы дауыстық каналдың разрядтығымен анықталады және 8 битті құрайды. АЕСҚ1 жады ұяшығы саны канал саны мен кіріс цифрлық желілер санынан тәуелді. Мысалы, 32 СЖ-дағы АЕСҚ1 1024 сегізразрядты жады ұяшығынан; 16 СЖ-дағы 512 сегізразрядты жады ұяшығынан тұрады. АЕСҚ1-де тұтыну ақпаратын максималды сақтау уақыты 125мкс-ке тең.
АЕСҚ2 – бұл басқаратын жады. АЕСҚ2-де уақыттық коммутацияны орындау керек уақыттық интервалдар адрестері (номірлері) жазылады. Бұл адрестер коммутациялық жүйедегі байланыстыру жолдары іздестіру бағдарламаларын орындауда БҚ анықтайды. АЕСҚ2-дегі ақпарат абоненттер байланысы кезіндегі бүкіл уақытта сақталады. АЕСҚ2-дегі жады ұяшығы саны канал санынан және ШСЖ санынан тәуелді. Басқару процесі үшін АЕСҚ2 жады ұяшығы құрамы ғана емес осы ұяшықтың нөмірі де үлкен рөл атқарады. АЕСҚ2 жады ұяшығы разрядтығы АЕСҚ1 жады ұяшығының максималды адресімен анықталады. Мысалы, егер АЕСҚ1 64 ЖҰ-нан (0-63) тұрса, АЕСҚ2 разрядтығы максималды адресті (111111) жазуға мүмкіндік береді және берілген мысал үшін АЕСҚ2 разрядтығы 6-ға тең. Уақыттық коммутатордың ЕСҚ-сы коммутация нәтижесі бойынша эквивалентті екі режимде жұмыс істеуі мүмкін [5]:
1 режим. АЕСҚ1 жады ұяшығына таймер сигналы бойынша кодтық комбинациялардың тізбектелген жазылымы. АЕСҚ1 жады ұяшығы нөмірі кіріс СЖ-дағы уақыттық интервалдар нөміріне сәйкес. АЕСҚ2 жады ұяшығындағы кодтық комбинацияның оқылуы АЕСҚ2-де жазылған немесе басқаратын құралда құрылған адрестегі уақыттық интервалда жүзеге асады. Адрес – бұл кодтық комбинация бағытталуы тиіс шығыс цифрлық желінің уақыттық каналының нөмірі. АЕСҚ2 жады ұяшығындағы нөмір шығыс уақыттық интервалының нөміріне сәйкес. АЕСҚ2 «еркін тіркеу (запись) – шығыс уақыттық интервалымен синхронды тізбекті оқу».
2 режим. АЕСҚ2-де жазылған немесе басқаратын құралдан құрылған адрестерге сәйкес АЕСҚ1 жады ұяшығына кодық комбинациялардың еркін жазылымы. Мұнда адрес – кіріс цифрлық желідегі уақыттық интервалдың нөмірі. АЕСҚ2-ден кодтық комбинацияны оқу таймер сигналдары арқылы тізбек бойынша жүзеге асады. Таймер шығыс цифрлық желідегі уақыттық интервалдардың нөміріне сәйкес келетін нөмірлерін шығарады. АЕСҚ2 жады ұяшығы нөмірі кіріс уақыттық интервалының нөміріне сәйкес. АЕСҚ2 «еркін жазылым (запись) – кіріс уақыттық интервалдарымен синхронды тізбекті оқу» режимінде жұмыс істейді.
Уақыттық коммутатордағы коммутация мысалы.
3.3-суретте 1х1 параметрлі уақыттық коммутатордағы коммутация мысалы келтірілген. Бұл мысалда УК 1-режимде жұмыс істейді деп алынған. УК1х1СЖ кеңістіктік эквиваленттігінде УК1х1 АЕСҚ1 жады ұяшығы саны 0-31 нөмірі бойынша 32-ге тең, разрядтығы 8. АЕСҚ2 ЖҰ саны 32-ге тең (0-31 нумерациясы). АЕСҚ2 ЖҰ разрядтығы=5, себебі АЕСҚ1 ЖҰ-на жазылу мүмкін максималды нөмір 31-ге тең. АЕСҚ1 және АЕСҚ2 жады ұяшығы құрамы келесідей:
10111000 – АЕСҚ1 0 жады ұяшығына жазылған ИКМ циклін бастамасын анықтайтын жүйелі синхросигнал.
00001111 – 5-ші кіріс уақыттық интервалына сәйкес келетін АЕСҚ1 5-ші жады ұяшығына жазылған кодтық комбинация (15 саны).
00000 – 0-ші УИ әрқашан 0-дік УИ-мен коммутацияланатынын білдіретін АЕСҚ2 0-ші жады ұяшығына жазылған 0 саны.
00101 – 2-ші шығыс уақыттық интервалын 5-ші кіріс уақыттық интервалымен коммутациялау қажеттілігін білдіретін АЕСҚ2 2-ші жады ұяшығында жазылған 5 саны.
3.3 суреттегі мысалда келтірілген АЕСҚ1 және АЕСҚ2 уақыттық коммутаторында 1х1 жазылған ақпаратты шифрін ашайық.
3.3 сурет – УК 1х1-дегі коммутация мысалы
5-ші кіріс уақыттық интервалындағы кодтық комбинация (15 саны) 2-ші шығыс уақыттық интервалына жіберілуі тиіс. Кодтық комбинация АЕСҚ1-дің берілген ИКМциклінің 5-ші уақыттық интервалында жазылады. Кодтық комбинация АЕСҚ1 5-ші жады ұяшығының келесі ИКМ циклінің 2-ші уақыттық интервалында оқылады. АЕСҚ1 5-ші жады ұяшығындағы кодтық комбинация 29 уақыттық интервалдар бойы сақталады.
