Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК БМК (4 кр.)каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

5.2 Тәлді блоктар

Тәлді блоктарда шкивтердің саны кронблоктағыдан 1 кем болады. Тәлді блоктар кронблокка қарағанда салмағы үлкен, бірақ кронблоктың жүккөтергішітігі жоғары.

Тәлді блоктар бір секциялы және екі секциялы болып жасалады. Бір секциондыда мойынтіректерде шкивтері орналасқан бір осі болады. Тәлді блоктың осі траверсамен жалғанған екі беттің арасында болады. Ілмек тәлді блоктың беттерімен сол беттерге пісіріліп жалғанған екі сырға арқылы жалғанады.

1– буфер; 2– траверса; 3– шкив; 4,10– арақашықтық сақиналар; 5– сақина; 6– мойынтірек; 7– қақпақ; 8– бұранда; 9,13– осьтер; 11– сауыт; 12– бет.

Бір секциялы тәл блогы

  1. Шкивтер; 2- үшблокты секция; 3- желоб; 4- резеңкелі буфер; 5- екіблокты секция; 6- осьтер; 7- траверса; 8- біліктер; 9-ілме;

Екі секциялы тәл блогы

Тәлді блоктарды келесі құрылымдық сұлбалар бойынша дайындайды:

- бір секциялылар тізбектерді қолмен қойғанда қолданылады;

- екі секциондылар АКЖ кешенімен жұмыс істегенде қолданылады.

Бір секциялы тәлді блок бір бірімен траверса арқылы жалғанған екі беттен тұрады. Беттерде қозғалмайтындай етіп ось бектілген. Осьте мойынтіректерде ақандық шкивтер орналасқан. Осьте мойынтіректердің арасында арақашықтықтық айырғыш сақина орнатылған. Остің ұштарында мойынтіректерді майлауға арналған тесіктері бар. мойынтіректерді ластанудан қорғау үшін шкивтерде қақпақтар орналасқан. Тәлді блок жақтаулаы қораппен қапталған. Тәлді блок ілмекпен екі ось арқылы жалғанады.

Екі секциялы тәлді блок бір секциялыға қарағанда АКЖ кешенінде қолданылатын автоматты элеваторлармен жұмыс істеуге арналған. Оның жұмысының ерекшелігі оның тізбек бойымен төмен қарай қозғалуы болып табылады.

Тәлді блоктардың негізгі техникалық сипаттамалары

Параметрлер

БУ-75Бр

ТБК4

140Бр

УТБА

5-170

УТБА

5-200

УТБА

5-225

УТБА

6-250

УТБА

6-320

У4-300

УТБА

6-400

Жүккөтергіштік, кН

100

140

200

250

270

320

400

300

500

Секция саны

1

1

2

2

1

2

2

2

2

Арқандық шкивтер саны

4

4

5

5

5

6

6

6

6

Шкивтердің диаметрі, мм:

- сыртқы

- осі

800

140

1180

170

1000

170

1250

220

1120

220

1250

220

1400

260

1510

260

1510

380

Арқан диаметрі, мм

25

28

28

32

32

32

35

38

38

Шкивтің мойынтіректерінің нөмірі

12228

42234

42234

97744ЛМ

42244

97744ЛМ

7097152М

2097152

1097976

Мойынтіректің өлшемдері

-

-

-

170 х

310 х

52

170 х

310 х

52

220 х 340 х 100

220 х 400 х 65

220 х

340 х

100

260 х

400 х

104

260 х

400 х

186

380 х

520 х

150

Блоктың өлшемдері, мм:

- биіктігі

- ұзындығы

- ені

-

-

-

2115

1240

8006

2305

1410

1090

2635

1450

1360

2220

970

1170

2575

1270

1410

2535

1418

1440

3170

1925

1570

2965

1840

1572

Масса, кг

1150

3500

4400

7300

3300

6700

9600

10300

12500

Тәлді блок пен кронблоктың шкивтері

Шкивтің диаметр, профиль және ойықтың өлшемі сияықты құрылымдық параметрлері шкивтердің қызмет ету уақытына және тәлді арқандардың шығынына айтарлықтай әсер етеді.

Шкив диаметрінің оңтайлы өлшемі мына қатынастан табылады

Дшк/dк=150…160,

мұнда: Дш - ойықтың түбі бойынша шкивтің диаметрі;

к = 3 - арқанның беріктік қоры;

dк – арқанның диаметрі.

r= d/2 + (2,5…4).

(r) кішіреюі кезінде арқанның тіреулік қасиеті азайып, оның тозуы артады. Шкивтер Шк-800-25 деп белгіленеді, онда шкивтің диаметрі мен арқанның диаметрі көрсетіледі.

Шкивтің массасы оның диамтеріне байланысты, диаметрі 800мм болғанда G = 120 кг, ал 1365 мм болғанда G=430 кг. Соңғы кездері шкивтің ойықтары пластмассамен жабдықталады, бұл арқанның тозуын азайтады.