- •Дәріс 1 ұңғыманы құрлықта бұрғылау тәсілдері, қолданылатын бұрғылау қондырғылары және ұңғыманың құрылымы жайлы қысқаша мәліметтер
- •1.2 Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •Бұрғылау және шегендеу құбырлары
- •Дәріс 2 бұрғылау тізбегін және қашауды айналдыруға арналған жабдық (айналдырғыштар)
- •Ұршықтар және жоғарғы күштік жетек (жкж)
- •Бұрғылау роторлары
- •Дәріс 3 түптік қозғалтқыштар
- •3.1 Турбобұрғылар
- •3.3 Электробұрғылар
- •3.2 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •Дәріс 4 бұрғылау қондырғыларының көтеру кешені
- •Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі
- •Дәріс 5 тәл жүйесінің агрегаттары
- •Кронблоктар
- •5.2 Тәлді блоктар
- •Шкивтер; 2- үшблокты секция; 3- желоб; 4- резеңкелі буфер; 5- екіблокты секция; 6- осьтер; 7- траверса; 8- біліктер; 9-ілме;
- •Бұрғылау ілмектері, ілмектіблоктар және айрнайы ілмелер
- •Дәріс 6 бұрғылау шығырлары (бш)
- •6.1 Жалпы мәліметтер
- •Дәріс 7 бұрғылау шығырларының тежеу құрылғылары
- •7.1 Таспалы тежегіш
- •7.2 Гидродинамикалық тежегіштер
- •Электромагнитті тежегіштер
- •Дәріс 8 бұрғылау сораптары
- •Дәріс 9 циркуляциялық жүйе
- •Дәріс 10 бұрғылау ерітіндісін тазалауға және дайындауға арналған жабдықтар
- •10.1 Бұрғылау ерітіндісін дайындауға және ауырлатуға арналған құрылғылар
- •Дәріс 12 күштік берілістер, муфталар
- •Дәріс 13 лақтыруға қарсы жабдықтар
- •Дәріс 14 бұрғылау мұнаралары мен негіздері
- •Дәріс 15 ұңғыманы цементтеуге арналған жабдық
Дәріс 5 тәл жүйесінің агрегаттары
Бұрғы қондырғыларының тәл (полиспат) жүйесі, шығыр барабанының айналмалы қозғалысын ілмектің ілгерілмелі (тіке) қозғалысына айналдыру және тәл арқаны ілмектреіне түсетін салмақты жеңілдету қызметін атқарады. Кронблок шкиві мен тәл блок шкиві арқылы, белгілі ретпен болат арқан өткізіліп, бір ұшы қозғалмайтын етіп бекітіледі.
Тәлді жүйенің механизмдері бұрғылау мұнарасына монтаждалып, келесі сипаттамалық ерекшеліктерге ие:
тәлді блок ілмекпен бірге ұңғыма сағасының үстінде еркін ілулі күйде тұарды және тік бағытта тек қана ұңғыманың осі бойынша қозғалады;
ілмектің көтерілу биіктігі мұнараның биіктігімен және КТО қауіпсіздігімен шектеледі.
шкивтердің диаметрі мен басқа да жүккөтергіш органдардың өлшемдері бұрғылау мұнарасының ендік өлшемдерін ескере таңдалады;
әсер етуші жүктемелер мен бұрғылау кезінде берілген осьтік жүктемені реттеу үшін тәлді жүйе датчиктермен және бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталады;
әсер ететін жүктемелер мен КТО жылдамдығы кең диапазонда ұңғыманың тереңдігіне және бұрғылау тізбегінің ұзындығына байланысты өзгереді.
Кронблоктар
Кронблоктарды бұрғылау қондырғыларының басында орналастырады, және олардың құрылымы бұрғылау қондырғысының түріне байланысты. Кронблоктарды шкивтердің саны бойынша, жүккөтергіштігі және құрылымдық сұлбасына байланысты ажыратады. Ереже бойынша, кронблоктың шкивтер саны тәл блогынан 1-ге артық болады. Кронблоктың шкивтері осьтес және осьтес емес болады. Осьтес емес сұлбада жүрмелі арқанның шкив осі қалған шкивтерге перпендикуляр орналасады.
Осьтес емес орналасу тәлді механизмнің тізбек бойымен қозғалуы үшін жабдықталуының сұлбасына негізделген АКТ (автоматты көтеру тәсілі) кешенін тізбектердің механизацлияланған орналасуы кезінде қолданылады.
Кронблок рамасында шкивтер секция бойынша орналасады. Әрбір секция мойынтіректерінде шкивтер орналасқан осьтен тұрады.
Мойынтіректердің ішкі сауыттарының арасында ара қашықтықтық сақиналар орналасқан. Мойынтіректерді майлау стандартты түрде шкивтердің осі бойымен жүзеге асырылады.
Ең үлкен тозуға мойынтірек пен шкивтің ойықтары ұшырайды. Шкивтердің секция бойынша орнаалсуы тозудың секцияларды 180 градусқа бұру арқылы бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді.
Шкивтері осьтес орналасқан екі секциялы кронблок іші алынатын тіреулерінде шкивтердің екі секциясы орналасқан рамадан тұрады. Аспалы блок қосымша жұмыстарды атқару үшін қолданылады.
Үш секциялы кронблок секцияларының осьтес емес орналасуымен ерекшеленеді. Алдыңғы үлгіге қарағанда, мұнда жүрістік шкив (1) бөлек тіреуде (2) орналасқан, ал ол раманың жоғарғы сөресінде (3) орналасқан.
1- рама; 2,5- алынбалы тіреулер; 1- жүріс шкиві; 2- бөлек тіреу; 3- аспалы блок; 4,7- білігінде мойынтіректері 3 – раманың жоғарғы сөресі;
бар шкивтер секциясы; 6- шкивтерді
айналып кетуден сақтайтын дюбельдер
Екі секциялы кронблок Үш секциялы кронблок
Әрбір секция қосарланған роликті немесе конусты роликті тербелу мойынтіректерінде анйалатын шкивтер орналасқан осьтен тұрады. Әр түрлі жиілікте айналатын шкивтердің арасындағы үйкеліс шкивтер осінің байланысы арасында айыратын сақинаны орналастырумен жойылады. Секцияның осінде әрбір шкивтің мойынтірегін майлау үшін бойлық ойықтар бар. Майды сақтау және мойынтіректерді ластанудан қорғау үшін әрбір шкивтің ступицасында фланецті қақпақ қондырылады. Осьтік қуыстар бұрандамен реттеледі. Шкивтердің секциялары қораппен жабылады, сонымен қатар шкив пен қораптың арасындағы қуыс арқан диаметрінің 0,15 аспауы керек.
Пайдалану кезінде шкивтер мен мойынтіректер әркелкі тозады. Ең көп тозуға ұшырайтын жүрістік арқан оралатын шкив пен соның мойынтірегі және сол арқанмен жалғанған тез айналатын шкивтер. Осыған байланысты тозудың біркелкілігін қамтамасыз ету үшін пайдалану кезінде әрбір секцияның 180˚ айналуын немесе егер секциялардағы шкивтердің саны бірдей болса, олардың орындарын өзара ауыстыруын жүзеге асыру қажет.
Кронблоктардың негізгі техникалыққ сипаттамалары
Параметрлер |
БУ-75Бр |
КБ5- 185Бр |
УКБА-6-200 |
УКБА 6-250 |
УКБА 6-270 |
УКБА 7-320 |
УКБА 7-400-1 |
УЗ-300 |
УКБА 7-500 |
Жүккөтергіштік, кН |
1000 |
1850 |
2000 |
2500 |
2700 |
3200 |
4000 |
3000 |
5000 |
Жүріс тармағының макс. созылуы, кН |
85 |
230 |
200 |
250 |
270 |
265 |
350 |
420 |
425 |
Арқандық шкив саны |
5 |
5 |
6 |
6 |
6 |
7 |
7 |
7 |
7 |
Шкивтердің диаметрі, мм - сыртқы - осі |
800 140 |
1180 170 |
1000 170 |
1250 220 |
1120 220 |
1250 220 |
1400 260 |
1510 260 |
1510 380 |
Арқан диаметр, мм |
25 |
28 |
28 |
32 |
32 |
32 |
35 |
38 |
38 |
Шкивтің мойынтірегінің нөмірі |
12228 |
42234 |
42234 |
97744Л |
42244 |
97744ЛМ |
7097152М |
2097152 |
1097976 |
Мойынтіректердің өлшемі, мм |
|
170 х 310 х 52 |
170 х 310 х 52 |
220 х 340 х 100 |
220 х 400 х 65 |
220 х 340 х 100 |
260 х 400 х 104 |
260 х 400 х 186 |
380 х 520 х 150 |
Кронблок өлш., мм: - биіктігі - ұзындығы - ені |
1040 1520 1000 |
1285 1630 996 |
1615 2810 2240 |
1890 4370 2780 |
1320 2320 1440 |
2080 4100 2950 |
2160 4230 2980 |
1870 3970 2580 |
2020 5090 2220 |
Масса, кг |
1300 |
2240 |
6-200 |
5800 |
3400 |
6000 |
7000 |
8300 |
11700 |
* У –Уралмашзавод; КБ – кронблок; А –А-типті мұнарамен және АКТ кешенін қолданып жұмыс істеу үшін; бірінші сан– шкив саны; екінші сан – жүккөтергіштік, т; үшінші сан – бұрғылау қондырғысындағы кронблоктың реттік нөмірі.
Кронблокты монтаждау кезінде оны деңгей бойынша тексеріп, орталықтандырып кронблокасты балкаларға бекітіледі. Барабанның бойлық және ендік осьтері екі бағытта 1 м-ге 0,5-0,8 мм дәлдікпен тексеріліп, негізіне сенімді бекітеді. Кронблоктың шкивтері қолмен еркін айналуы тиіс. Шкивтердің ойықтарының тозуын арнайы шаблонмен тексереді, және ол ойықтың түбі бойымен 5 мм-ден аспауы керек. Ойықтардың бетінде ешқандай жарықтар мен ойыстар болмауы керек.
Кроньлоктардың негізгі техникалық сипаттамасы олардың маркалануында көрсетілген:
Мысалы, УКБА-6-270
У – Уралмашзавод; КБ-кронблок; А - А-типті мұнарамен жұмыс істеуге арналған; 6 – шкив саны; 270 – жүккөтергіштік, т.
2-УКБА-7-400-1.
У – Уралмашзавод, КБА - А-типті мұнарамен жұмыс істеуге арналған кронблок 7 шкиві бар - жүккөтергіштігі 400 тонна; 1- бұрғылау қондырғысындағы кронблоктың реттік нөмірі.
