- •Әлеуметтік- мәдени сервис туралы жалпы түсінік. Әлеуметтік- мәдени сервис қызметі.
- •Әлеуметтік және мәдени қызметкерлерді ынталандыру
- •Менеджерлік қызмет
- •Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Туризм түрлері
- •Тұрмыстық қызмет көрсету
- •Қонақ үй бөлмелерінің сипаттамалары
- •. Банкте.
- •Банк туралы не білеміз?
- •1. Банкте
- •Банктің түрлері
Әлеуметтік және мәдени қызметкерлерді ынталандыру
Ынталандыру дегеніміз - адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі. Ынталандыру адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі көп дәрежеде,қаншалықты ынталандыру процесі табысты жүретініне байланысты.
Ынталандыру келесі қызмет сипаттамаларына әсер етеді: күш салу, тырысу, қайсарлық, адалдық, бағыттылық.
1. Бір жұмысты адам әр түрлі күш-жігер жұмсап істей алады. Ол барлық күшін салып жұмыс істеуі жартылай күш салып жұмыс істеуі,оңайлау жұмысты алуы немесе өте күрделі шешімді іздеуі мүмкін.
2. Адам ұйымда өз рөлін атқарудың әр түрлеріне тырыса алады. Бір адам еңбегінің сапасына қалай болса солай қарауы мүмкін,ал басқа адам бәрін жақсы жасауға,толық қайтарымдылықпен істеуге,жұмыстан ауытқып кетпеуге,өз мамандығын жоғарылатуға,өз қабілеттіліктерін жетілдіруге тырысады.
3. Ынталандыру әсер ететін қызметтің тағы бір сипаттамасы-бастаған ісін жалғастыру және жеңілдірудегі қайсарлығында. Бұл қызметтің өте маңызды сипаттамасы,себебі адамдар көп жағдайда бастап қойған істеріне қызығын жоғалтады. Егерде олар қызметтің басында өте жақсы нәтижелерге ие болса,қызығушылықтың жоғалуы және қайсарлықтың жоқтығы өз мүмкіндіктерімен салыстырғанда өте төмен деңгейде,яғни,оз ролін ат қаруда олар күш салуларын қысқартуларына және өте аз тырысуларын көрсетулеріне әкеп соғады. Жұмысты атқарған уақыттағы адалдық барлық реттеуші нормаларды және талаптарды есепке ала отырып жұмысты жауапты орындауды көрсетеді. Адам жақсы мамандыққа және терең білімге ие бола алады, қабілетті және жасампаз болуы мүмкін,көп жұмыс істей алады,бірақ сол уақытта ол өз міндеттеріне жауапкерсіздікпен қарауы мүмкін. Және бұл оның қызметінің барлық жағымды нәтижелерін жоққа шығарады. Мұндай жағдайда ұйым басқармасы жұмыскердің жұмысына керекті олардың мінез-құлықтарының сипаттамасын жетілдіру үшін ынталандыру жүйесін құру қажет.
Бағыттылық адам қызметінің сипаттамасы сияқты белгілі іс-әрекеттерді жасай отырып қайда бағытталатынын көрсетеді. Адам өз жұмысын өзіне белгілі (моральдық немесе материалдық) қанағаттану алып келген соң орындауы немесе осы ұйымның мақсаттарына жету үшін көмектесуі мүмкін. Басқару үшін адам іс-әрекеттерінің бағыттылығын, сонымен қатар ынталандырудың көмегімен осы іс-әрекеттерді белгілі мақсаттарға жету үшін бағыттауды білу керек.
Мотивациялау – бұл қызметкерлердің жұмыс істеуге ниеті болу үшін не істеу керек екендігі туралы ғылым. Қалайша мәжбүрлеп емес, қалайша ынталандырып отыру туралы.
Ынталандырылған қызметкер – бұл өз жұмысын сапалы және барған сайын бұрынғыдан да жақсы орындауға тырысып отыратын қызметкер.
Бөтен адамның мотивациясын басқаруға бола ма дейсіз ғой? Біз болады деп жауап береміз.
Ол үшін адамдармен жұмыс істеп және олардың қажеттілігі мен үміттенулерін түсініп отыру қажет.
Қызметкерлер нені қалайды?
Ал қызметкерлер болса барлық адамдар сияқты мынаны қалайды:
· тамақтануды, киім киюді, өз отбасын қамтамасыз етуді;
· тұрақтылық пен қауіпсіздікті;
· өзге адамдармен қатынасуды;
· өзіне деген кұрметтік көзқарасты;
· мүмкіндіктерін жүзеге асыруды, яғни өз қабілеті мен дарынын арналуы бойынша пайдалануды.
Осы қажеттілігөктерді біле отырып, соларды ескере отырып өз қарамағындағы қызметкерлермен қатынастарды құрып отыру қажет.
Еңбекақының кешіктірілуі, мөлшерден тыс жұмыс, ұжымдағы қақтығыстар еңбектік мотивацияға жағымсыз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда адам жұмысқа біреу мәжбүрлегендей келіп отырады.Басшының міндеті адамдар өз күші мен уақытын аямастан қызығушылықпен жұмыс істейтіндей жағдай тудыру болып табылады. Ол үшін қызметкерлерді мотивациялап отыру қажет.
2-тапсырма.Мәтінді оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.
3-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыздар.
4-тапсырма.Берілен сұрақтарды пайдалана отыра өзара сұхбат құрастырыңыздар.
5-тапсырма.Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып,оны сипаттаңыздар.
Ой қазына:
1. Ғылым адамның санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
(Əл-Фараби)
2. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл – ойы - айқын; ерік – жігері – зор;тілек – мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. (Əл-Фараби)
СӨЖ: Халыққа қызмет көрсету саласын басқару.
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз.
5-тапсырма.Тақырып бойынша термин өздерді теріп жазып, талдаңыздар.
3-тақырып: Менеджерлік қызмет.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалдар арқылы термин сөздерді меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
