Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Разработка практических занятии проф каз по спец.СКС 2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Банк туралы не білеміз?

«Банк» Италияның «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Банко-үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Алғашқы банк 1407 жылы Генуеде пайда болды. 15 ғасырда ең ірі танымал банк Флоренциядағы Медичи банкі едi. Оның Европада 16 филиалы болған.

Банктің ең негізгі қызметтерінің бірі – несие беру. Банк несиені қысқа мерзімге (1 жылға), орта мерзімге (1,3,5 жылға), ұзақ мерзімге (3,5,6 жылға) бере алады. Біздің елімізде банктің 2 түрi бар. Олар: ұлттық және коммерциялық банк.

Сұхбаттарды оқыңыз. Өзіңіз сұхбат құрыңыз.

1. Банкте

Салымшы: – Сәлеметсіз бе?

Банк қызметкері :– Сәлеметсіз бе! Біздің банкке қош келдіңіз!

Салымшы: – Мен «Кең дала» Акционерлік қоғамынан келіп тұрмын. Өзімнің қаражатымды депозиттік салымға салсам деп едім. Сіздің банктеріңіз маған көмектесе ала ма?

Банк қызметкері – Әрине, көмектесеміз. Сіз салымыңызды қандай валютамен салуды ұйғардыңыз?

Салымшы: – Теңгемен салсам деп едім.

Банк қызметкері – Қандай көлемде салым жасамақсыз? Бізде ең төменгі салым шамасы – жүз мың теңге.

Салымшы:– Иә, мен бес жүз мың теңге әкелдім.

Банк қызметкері – Біз сізге қызмет етуге дайынбыз.

Салымшы: – Рақмет!

. Банкте.

Несиегер: Сәлеметсіз бе?

Несие алушы: Қайырлы күн, мен сізден 1,5 млн. теңге несие алып, өзіме автокөлік алғым келеді. Шарттарыңызды білейін деп едім.

Несиегер: Біріншіден, сіздің құжаттарыңыз керек, олар:

  • жеке куәлік;

  • салық тіркеу нөмірі;

  • жалақыңыз туралы анықтама;

  • турақты мекен-жайыңыз туралы анықтама;

  • зейнеткерлік қордан анықтама;

Екіншіден, сіз автокөліктің құнының 50 % төлейсіз, қалған ақшаны 3 жылға ұзартуға болады. Бір жылда 30 % төлеу керек.

Үшіншіден, сіз автокөлік алатын фирмадан кепілдік қағазын алуыңыз керек, содан кейін сақтандыру қорына тіркеуіңіз керек. Осы құжаттар дайын болған соң, біз сізге 3 күннің ішінде несие береміз.

Несие алушы: Егер мен несиені уақытынан бұрын төлесем, сіздер маған қандай жеңілдіктер ұсынасыздар?

Несиегер: Ондай жағдайда, келесі алатын несиенің пайызын төменірек береміз.

Несие алушы: Сонда пайызы қаншаға төмендейді?

Несиегер: Ол сіздің алатын ақшаңызға байланысты. Егер сіз бізден 2 миллион теңгеден жоғары несие алсаңыз, жылдық пайызыңыз 10 % төмендейді.

Несие алушы: Берген кеңесіңізге рахмет. Ұсыныстарыңыз жайлы ойланып көремін.

Несиегер: Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.

Жағдаяттық тапсырма.

Қазiргi кезде елiмiзде Қаржы дағдарысы болып жатыр. Елiмiздi бұл қиындықтан алып шығуда ұлттык банктiң рөлi зор екенi белгiлi. Егер сiз осы банктiң төрағасы немесе кызметкерi болсаңыз, дағдарыстан елiмiздi қалай алып шығуға болады деп ойлайсыз? Сiздiң пiкiрiңiз.

9-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Оның апасы «Халық банкінде» ... . «Халық банкі» қызметкерлерге жалақыны жоғары деңгейде ... . ... – «Каспий банкте» салымшысы.

Қазкоммерцбанктің филиалдары шет мемлекеттерде де ... . Қазақстан банктері халыққа мінсіз ... . Мен өзімнің ақшамды Нұр банкте ... .Біздің елімізде банк жұмысы дұрыс жолға ... . Банктер біздің ақшаларымызды ... . «АТФбанк», «Альфа банк», «Қазкоммерцбанк» – екінші деңгейлі банктер қатарына ... . Банктер ... қабылдайды, ... береді. Қазір кез келген уақытта өзіңіздің ақшаңызды ... ала аласыз. ... – ең бай кәсіпорындар тобына жатады. Шаруашылығыңызды дамытқыңыз келсе, банктен ... алыңыз.

Керекті сөздер: жұмыс істейді, қызмет көрсетеді,бар,сақтаймын, қойылған, несие, ақша, жатады, банк, банктен, сақтайды, қаржы.

11-тапсырма. Төмендегі экономикалық терминдерді шылаулармен тіркестіріп сөйлем құраңыз.

Банк, табыс, бағалы қағаз, банкир, тауар, төлем, нарық, коммерция, банкнот, бәсекелес, капитал, акционер, кепіл, қаржы, салым, акция.

12-тапсырма. Экономикаға байланысты мақалдар мен қанатты сөздерді теріп жазыңыз да, мағынасын түсіндіріңіз.

Есептемегенге бәрі түгел. Есепсіз дүние жоқ. Алаған қолым береген. Берместің асы піспес. Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді. Қарыз күліп келеді, жылап қайтады. Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзады. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.Үнемшілдік сараңдық емес. Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді. Сараңның көзі топыраққа ғана тояды. Қонақ аз отырып, көп сынайды. Алмақтың да салмағы бар. Кірісіне қарай шығысы. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді. Бермегенді беріп ұялт. Ақша болса, алақанда су да қайнайды. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Ексең егін, ішерсің тегін. Жаман адамнан қарыз алма, қарыз алсаң да қаражат қылма. Күлшелі бала сүйкімді. Қыз бала өкпешіл болса, қалың малы көп болар, ер бала өкпешіл болса, ырысқа кесір болар. Банктер ісі – экономика кепілі. Орта және шағын бизнес болмай, мықты экономика да болмайды. Жаманға жақсылық етпе, өзіңнің тиер басыңа. Ақшада көз жоқ. Жаңа байығаннан қарыз сұрама. Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар. Қарыз қатынас бұзады. Жаңа байығаннан қарыз алма, ескі байдан қапы қалма.

Мәтінді оқыңыз, орысшаға аударыңыз, мазмұнын біліп алыңыз.