V. Объективті зерттеу
Науқастың
жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Салмағы 71 кг, бойы 166 см. Дене температурасы
– 36,6
Жүрек қан айналым жүйесі:
Жүрек айналасы, перифериялық қан тамырларын қарап көру
Жалпы қарау кезінде жүрек аумағы мен ірі қан тамырларды пульсация жоқ, жүрек ырғағы ырғақты.
Перкуссия
Жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйық шекаралары
Шекаралары |
Салыстырмалы |
Абсолютті |
Оң жақ |
IV қабырға аралыққа төстің оң жақ шетімен 1 см сыртқа |
Төстің сол жақ жиегіне сәйкес келеді |
Сол жақ |
Сол жақ бұғана орта сызығымен 1-2см солға ішке қарай |
Салыстырмалы тұйықтық шекарасынан 1-2 см ішке |
Жоғары шекарасы |
Сол жақ төс сызығының III қабырғадан 1 см солға қарай |
IV қабырғада сол жақ төс сүйегінен 1 см солға қарай |
Оң жақ және сол жақ тамыр шоғырының тұйықтығы төс шетінде орналасқан, көлденең өлшемдері – 6см.
Аускультация:
Жүрек ырғағы синусты ырғақ, жүрек жиырылу саны 70 рет/мин, жүрек тондары тұйықталаға, ритмды, барлық нүктеде анық естіледі, шуыл жоқ.
Пульс және артериялық қысымды зерттеу:
Артериялық қысым – 120/80 мм.с.б.б.
Пульс – 80 рет/мин., екі қолда бірдей, толымды, ырғақты.
Тыныс алу мүшелер жүйесі:
Қарап көру:
Кеуде клеткасы формасы цинлиндр тәрізді, екі жағы симметриялы, тыныс алу актысіні бірдей қатысады. Дем алу мұрын арқылы, еркін. Дем алуға қабырғалық бұлшықеттер қатысады. Бұғана мен жауырын деңгейі симметриялы. Тыныс алу жиілігі 18 рет/мин.
Пальпация:
Кеуде қуысы ауырсынбайды. Кеуденің серпімділігі сақталған. Даусы дірілі барлық аймақтарда бірдей сезіледі.
Перкуссия:
І. Салыстырмалы перкуссия: кеуде клеткасының симметриялы аймақтарында бірдей анық өкпелік дыбыс естіледі.
ІІ. Топографиялық перкуссия:
Топографиялық сызықтар |
Оң жақ |
Сол жақ |
Өкпенің жоғарғы шекарасы: |
|
|
Өкпе ұшының биіктігі: |
|
|
алдыңғы жағынан |
Бұғанадан 4 см жоғары |
Бұғанадан 4 см жоғары |
артқы жағынан |
7-мойын омыртқасының деңгейінде |
7-мойын омыртқасының деңгейінде |
Кренинг кеңістігінің көлденең аумағы |
5,5 см |
5,5 см |
Өкпенің төменгі жиегінің шекаралары: |
|
|
төс маңы сызық бойынша |
VІ қабырғаның жоғары жиегі |
|
бұғана орта сызық бойынша |
VІ қабырғаның тұсы |
|
алдыңғы қолтық асты сызық бойынша |
VІІ қабырғаның тұсы |
VІІ қабырғаның тұсы |
орталық қолтық асты сызық бойынша |
VІІІ қабырғаның тұсы |
VІІІ қабырғаның тұсы |
артқы қолтық асты сызық бойынша |
ІХ қабырғаның тұсы |
ІХ қабырғаның тұсы |
жауырын сызығы бойынша |
Х қабырғаның тұсы |
Х қабырғаның тұсы |
омыртқа маңы сызығы бойынша |
ХІ кеуде омыртқасының тұсы |
ХІ кеуде омыртқасының тұсы |
Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясы: |
|
|
орталық қолтық асты сызық бойынша |
3-4 см |
3-4 см |
жауырын сызығы бойынша |
2-3см |
2-3 см |
Өкпенің аускультациясы:
Кеуде қуысындағы әр жердегі тыныс дыбыстарының сипаты бірдей, везикулярлы тыныс естіледі. Қосымша шуылдар, сырылдар,сықырлар, плевраның үйкеліс шуылдары естілмейді.
Дыбысты тыңдау (бронхофония) – екі жаққа біркелкі беріледі.
Асқорыту мүшелерінің жүйесі
Қарап көру:
Тілі дымқыл, таза, бетінде емізікшелер көрінеді, жұтынуы еркін, ауырсынусыз. Іш конфигурациясы домалақ, симметриялы, перистальтикасы көзге байқалмайды. Іштің бұлшықеттері жиырылмаған.
Пальпация:
Іші домалақ, симметриялы, іш қабырғалары дем алу актісіне біркелкі қатысады. Іштің беткей пальпациясында іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және ішектер пальпацияланбайды.
Үлкен дәреті күніне 1 рет, мөлшері аздаған, патологиялық қоспалар жоқ.
Зәр шығару мүшелер жүйесі:
Зәр шығаруы ауырсынусыз. Бел аймағының ішке кіруі, шығуы, симметриясы байқалмайды. Ұрғылау сиптомы теріс.
Жүйке жүйесі:
Сана сезімі анық, интеллекті өз жасына сай, тәртібі жақсы, ұйқысыздық мазалайды. Есте сақтауы қалыпты. Иіс және дәм сезу мүшелері жақсы дамыған. Қарашық реакциясы аккомодация мен конвергенцияға өткір. Есту және вестибулярлы аппарат бұзылмаған. Қозғалу координациясы сақталған. Бас жарақаттары болмаған.
