Vііі. Босануды жүргізу жоспары және болжау
Ана және ұрық үшін босану болжамы жағымды(ана жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ, пульс қалыпты. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті).
Босану жоспары: босану табиғи жолдар арқылы жүргізіледі. Босану процессін бақылау жүргізіледі. І кезеңінде әйелдің жағдайын , АҚҚ, пульс және ұрықтың жүрек соғысын, басының жылжу қызметін бақылау. Қан кетудің алдын алу: 3 кезеңді белсенді жүргізу; бұлшықетке 10 бірлік окситоцин енгізу.
ІХ. Босану ағымының анализі
І кезең (жатыр мойнының ашылу кезеңі) – курацияланатын әйелдің толғағы 19.12.14ж. сағат 19.00 басталды.
Сағат 19:00. Жалпы жағдайы орташа. Шағымдары: ішінің, белінің ауырсынуы. Толғақ әрбір 10 минут сайын, 30 секундтан, 3 рет, ауырсынумен. Пульсі минутына 74 рет, ретті, ырғақты, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Ұрықтың орналасуы тігінен, келуі басымен, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында бас кіші сегментімен орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 рет, анық, ретті. Зәр шығаруы еркін, көлемі 50 мл.
Қынаптық зерттеу жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтау үшін жүргізілді. Жатыр мойнының ашылуы 1 см.
Сағат 21:00. Жалпы жағдайы орташа. Шағымдары: ішінің, белінің ауырсынуы. Толғақ әрбір 3 минут сайын, 50 секундтан, ауырсынумен. Пульсі минутына 81 рет, ретті, ырғақты, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б., дене температурасы 36,6 С. Ұрықтың орналасуы тігінен, келуі басымен, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында бас үлкен сегментімен орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 150 рет, анық, ретті.
Қынаптық зерттеу жатыр мойнының ашылу дәрежесін анықтау үшін жүргізілді. Жатыр мойнының ашылуы 6 см. Ұрық басының өтуі 3/5, жатырдың жиырылуы орташа- 10минутта 4рет 20-40 секундтан.
ІІ кезең-22:10 уақытта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағым-дары: күшену, қатты ауырсынулар болды. Пульсі минутына 80 рет, ретті, анық, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б., дене температурасы 36,6 С. Толғақ әрбір 2 минут сайын, 50 секундтан, ауырсынумен. Ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық, жүрек соғу жиілігі минутына 150 рет, анық ретті. Зәр шығаруы еркін, көлемі 50 мл.
Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны ашылуы 10см. Ұрық басының өтуі 0/5, жатырдың жиырылуы орташа- 10минутта 5рет 20-40 секундтан ұзақтығы
22:30 уақытта. Босану. Күшену әрекеттері басталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Күшену әрекеттері кезінде терісінің қызаруы, тер басуы, аналь тесігі мен жыныс саңылауы күшену кезінде ашық болуы байқалды. Ұрық басы босану жолдарынан жарып шықты. Бала 22.40-де дүниеге келді, жынысы қыз, жетілген көзге көрінетін ақаулары жоқ. АҚҚ 120/70 мм.с.б.б., пульсі минутына 81 рет,ретті, ырғақты.
Босану механизмі.
Ұрықтың келуі: шүйдемен келудің алдыңғы түрі.
Бала басымен кіші жамбас кіреберісіне келіп орналасты, және басы сәл бүгулі, кіші еңбегі бастауыш нүкте.
Ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі, және бастың ішкі бұрылысы
Ұрық басының жыныс ернеуінен жарып шығуы, және ұрық басының шалқаюы
Шүйде асты ойығы айналым нүктесі болып табылады.
Кіші еңбек қасағаның төменгі қырынан 7 см төмен түскеннен кейін, яғни сұқ саусақтың ұзындығына сәйкес қашықтықта орналасқанда ұрық басының шалқаюы болды. Осы кезде шүйде асты ойығы қасағаның төменгі қырына тығыз тіреліп, осы айналым нүктесінде алға қарай шалқайып босану жолынан туылды.
Нәресте басы толық туылғанна кейін анасының оң жақ санына бұрылып, бастың сыртқы бұрылысын жасады(бұл кезде баланың денесі ішкі бұрылыс жасайды). Алдыңғы иығы қасаға астына келіп, айналым нүктесі түзіледі. Осы кезде тұлғасы қозғалмалы қимылдар жасап, құйымшақты артқа итеріп, артқы иығы, содан соң толығымен денесі туылды.
Акушер баланы құрғақ, алдын ала дайындап қойған жаюлықпен сүртіп, анасының кеудесіне берді.
Нәресте 19.12.2014ж сағат 22.40-де дүниеге келді, жетілген, жынысы қыз бала, салмағы 2950гр, бойының ұзындығы – 50см.
Апгар шкаласы бойынша бағалау 9 балл. Кіндіктің біріншілік өңдеуді бастау үшін, асеғптика және антисептиканы сақтай отырып, қолын жуады. Кіндік өңдеудің 2 этапы бар. Біріншіэтапта бала кіндігі 10 см қысқыш салынады, одан біраз алшақ екінші қысқыш салынып, кесіледі. Баланы орайтын үстелшеге жатқызып, кіндіктің екінші өңдеуі басталады. Кіндікті 2 немес 1,5 см қалдырып, жібек жіппен немесе темір немесе пластмас скобаны кидіріп, кіндіктің қалған бөлігін кесіп тастайды, 30 мин кейін омырау беріледі.
Жүктіліктің ІІІ кезеңін жүргізу белсенді немесе күту
Жүргізу техникасының сипаты.
Курацияланған науқастағы бала жолдасы 22:45 минутта туылды.
Бала жолдасының сипаты: бала жолдасы бүтін, өлшемдері 18*18см, 575гр, қабықтары түгел, бала жолдасының патологиялық өзгерістері жоқ. Кіндік бауы -60см, ерекшеліксіз. Қан жоғалту – 0+200мл – 0,2%
