- •§ 1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •§ 2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
- •§ 3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •§ 4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
- •§ 1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер.
- •§ 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
- •§ 3. Жаңа замандағы саяси ой.
- •§ 5. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
- •§ 6. XX ғасырдағы саяси ілім
- •§ 4. Марксистік саяси идеялар.
- •II б ө л і м. Билік және саяси жүйе
- •§ 1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар
- •§ 2. Биліктің түрлері
- •§ 3. Биліктің қызметтері мен жіктелуі
- •§ 4. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі
- •§ 5. Саяси тәртіп (режим)
- •§ 1. Саяси жүйе туралы ұғым
- •§ 2. Саяси жүйенің құрылымы
- •§ 3. Саяси жүйенің жіктелуі
- •§ 1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
- •§ 2. Демократияның антикалық теориясы
- •§ 3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
- •§ 4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
- •§ 1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні
- •§ 2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
- •§ 3. Қазіргі сайлау жүйесі
- •§ 4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
- •§ 1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
- •§ 2. Саяси партиялардың жіктелуі
- •§ 3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- •§ 4. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
- •III б ө л і м. Саясаттың субъектілері. Адам және саясат
- •§ 1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі
- •§ 2. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
- •§ 3. Саяси жетекшілік туралы ұғым
- •§ 4. Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері
- •§ 1. Тұлға - саясаттың субъектісі мен объектісі
- •§ 2. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары
- •§ 3. Жеке адамның құқықтарының жіктелуі
- •§ 1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •§ 2. Кеңестік қоғамдағы және біздің қазіргі кездегі әлеуметтік жіктелуіміз
- •§ 3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
- •§ 4. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері
- •§ 5. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
- •§ 1. Саяси сана және саяси идеология
- •§ 2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
- •§ 1. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
- •§ 2. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер
- •§ 3. Саяси мәдениеттің жіктелуі
- •§ 4. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні
- •§ 5. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері
- •§ 6. Саяси әлеуметтенудің типтері
- •IV б ө л і м. Саясаттағы өзгерістер мен сыртқы саясат
- •§ 1. Саяси жанжалдар
- •§ 2. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
- •§ 3. Этносаяси жанжалдар
- •§ 1. Саяси процесс туралы ұғым
- •§ 2. Саяси процестің жіктелуі
- •§ 3. Саяси процеске қатысу түрлері
- •§ 4. Саяси даму мен бейімделудің мәні
- •§ 5. Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
- •§ 6. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
- •§ 1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
- •§ 2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
- •§ 3. Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
§ 4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі – ортақ қогамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтай алған ләзім.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының не-ғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т. с. с. ашып дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, кұбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы зандылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдың жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану эконамикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіз дейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырулын құқықтық тегіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану құқықтануға жалпы теория оның теориялык - әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндеп сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкіметте әдеттегі қызметін атқара алмайды.
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, иіын мәнінде. демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жүртшылыктың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді Саясаттануды оқып-үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркендетті және заң шеңберінде, демократиялық институтар арқылы өз мүлделерін білдіріп қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі демократиялық мемлексттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгерімілік құндылықтарды, әсіресс, әрбір тұлғамын еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап қадірлеуге негізделеді.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы менміндеттерін құрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда лайықты жөнтаба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес. Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында "этикалық парызды" насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуды қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тәсіл, көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда, XX ғасырдың 60 жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнін пайдалы нәтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол азаматтарды өзінің өмірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау-дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалык ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке түлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына карамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.
Азаматтардын. көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкіміпілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың эномикалық тиімсыз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамды көмірді демократияландыру, саяси мәдениетті сомдау, өсіп келе жатқан ұрпақты саяси әлеуметтендіруге саясаттандыру курсын оқып-үйренудің маңызы өте зор.
Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Саясат деген не, ол қашан пайда болды?
2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма?
Аристотель "адам өзінің табиғаты бойынша саяси тірі жәндік" деп не себепті айтқан?
3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?
4. Саясаттың қызметтеріне не жатады?
5. Саяси процестерді зерттегенде саясаттану қандай әдістерді пайдаланады?
6. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде?
7. Саясатты тек ғылым ғана емес, өнер де дейді. Неге?
8. "Теориялык" және "қолданбалық" саясаттанудың ара қатынасы кандай?
9. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?
10. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруды, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге саясаттанудың әсері қандай?
11. Саясаттанудың Сіздің мамандығыңызға қажеті бар ма? Қандай?
2 - т а р а у. САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ.
Кейбіреулер саясаттанудың даму жолын оқып керегі не деп те ойлауы мүмкін. Ондай ой ағаттық болар еді. Себебі, біріншіден, қазіргі өркениетті деп саналатын когамдык құрылыс, демократия-лық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда бола койған жок.. Оған мындаған жылдар бойы озық ойлы данышпан ойшылдар ерінбей еңбек етіп. әрқайсысы өшпестей өз үлестерін қосты. Екіншіден, қоғамдық ой-пікірде түпкілікті, үзілді-кесілді шешуге келмейтін мәңгілік мәселелер де кездеседі. Әрбір тарихи дәуір оларға өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға береді. Ал тарих болса, ескі қателіктерді қайталамауға үйретеді. Үшіншіден, адамзат ақыл-ойы дамуының өзіндік қысымы, логикасы болады. Оларды оқып-білу арқылы адам саяси тәжірибе жияды. Сондықтан саясаттанудың тарихын білмей, казіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді. Төртіншіден, кейбір саяси теорияларды негіздеушілер және олардың жақтаушылары өз іс-әрекеттерінің шындығын дәлелдеу үшін тарихи дәстүрлерге жүгінуді ұнатады. Бұл да тарихи тағылымға талмай үңілуді талап етеді. Сондықтан саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып-үйренудің маңызы зор.
Саясаттанудың даму тарихыи зерделегенде тағы бір есте болатын жай - қай заманнын ойшылдарын болмасын ойландырған, әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар. Олардың қатарына жататындар: мемлекет деген не, ол қалай пайда болды, не үшін керек, оның ең жақсы түрі бар ма, билігінің шегі қандай, әділдік деген не, саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қандай және т. с. с. Бұл мәселелер жөнінде әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болғандығын төменде жиі байқайтын боламыз.
